О гарантированном государственном нормативе сети организаций образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О гарантированном государственном нормативе сети организаций образования
- Атауы (қаз.)
- Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 300
- Қабылданған күні
- 25.02.2000
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2007 AI5369_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000000300_
- ЭКБ идентификаторы
- 5369
- Редакция идентификаторы
- AI5369_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:38
0 Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1256 Қаулысымен.
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттiк нормативi бекiтiлсiн.
2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1 1) бiлiм беру мемлекеттiк ұйымдарының санын Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепілдендiрiлген мемлекеттiк нормативiне жеткiзудi;
2
2) экономикалық орындылығына және жалпы бiлiм беретiн оқу орындары жоқ ауылдық елдi мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келiсiмiне сүйене отырып мектеп-интернаттардан, мектептiң жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы бiлiм беретiн мектептерге күнделiктi тегiн тасу жолымен азаматтардың тегiн орта бiлiм алуын қамтамасыз етсiн.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.20. N 1065 қаулысымен .
3 3. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiн құру, қайта құру және тарату тәртiбi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 маусымдағы N 637
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 25, 272-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
7 Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 25 ақпандағы
N 300 қаулысымен бекітілген
Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi
1 1. Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген азаматтардың тегін орта білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында белгіленді.
2 2. Әрбір ауылдық елді мекенде:
1 1) төменгі мектеп жасындағы оқушылардың саны 5 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орнының бастауыш сатысының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
2 2) төменгі және орта мектеп жасындағы оқушылардың саны 41 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орнының бастауыш және негізгі сатыларының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
3 3) төменгі, орта және жоғары мектеп жасындағы оқушылардың саны 81 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік орта оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.
3 3. Қалалық жерде тұрғындардың тегін орта білім алуға сұранымын қанағаттандыру үшін 1999 жылдың 1 қыркүйегінде болған мемлекеттік жалпы білім беру оқу орындары желісінің жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.
4 4. Оқуға және мектептің жанындағы интернатта тұруға мұқтаж оқушылардың саны 10 және одан көп болуы шартымен, мемлекеттік мектептің жанындағы интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.
5 5. Оқуға және мектеп-интернатта тұруға мұқтаж оқушылардың контингенті 150 және одан көп болған жағдайда ашылатын, мемлекеттік жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.
6 6. Әрбір облыста:
мемлекеттік санаториялық мектеп-интернаттардың;
мемлекеттік арнаулы түзету білім беру ұйымдарының;
девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы мемлекеттік мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.
7 7. 2-тармақта көрсетілген норматив, білім беру ұйымдары мектеп жасындағы оқушылар тұрақты тұратын елді мекендерден 3 километрден астам қашықтықта болған кезде белгіленеді.
Елді мекендердің арасында табиғи кедергілер (өзендер, көлдер және т.б.) болған жағдайда мұндай білім ұйымдары бір-бірінен аз арақашықтық жағдайында да құрылуы мүмкін.