Об утверждении Перечня объектов Республики Казахстан, уязвимых в террористическом отношении
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня объектов Республики Казахстан, уязвимых в террористическом отношении
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 25.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2013 AI53692_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006341_
- ЭКБ идентификаторы
- 53692
- Редакция идентификаторы
- AI53692_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:55
0 Қазақстан Республикасының Террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімін бекіту туралы
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталық штабы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу және оның заңмен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жариялаған соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2010 жылғы 25 маусымдағы
№ 158 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімі
1 1. Ядролық және/немесе радиациялық қауіпті объектілер:
атомды энергетикалық кешендер;
зерттеу реакторлары;
ядролық жанармай мен ядролық қалдықтарды уақытша және ұзақ уақыт сақтайтын орындар;
ядролы энергетикалық қондырғылары бар ғылыми зерттеу ұйымдары.
2 2. Химиялық қауіпті объектілер:
химиялық өндіріс кәсіпорындары;
мұнай химиялық және мұнай өңдейтін өндіріс кәсіпорындары;
целлюлоза-қағаз өндірістерінің кәсіпорындары;
тағам өндірісі кәсіпорындары (салқын комбинаттардағы аммиак қорларының қоймасы);
коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары (сумен қамтамасыз ету және хлорды техникалық процесте пайдаланумен ағынды суды тазалау объектілері).
3 3. Биологиялық қауіпті объектілер:
аса қауіпті инфекция қоздырғыштарын өндіретін кәсіпорындар (оба, тырысқақ, сібір жарасы, сары ауру, маңқа және табиғи шешек);
қауіпті инфекциялық ауруларды өндіретін кәсіпорындар (кене шағуы, сіреспе, іш сүзек және басқалар);
аса қауіпті инфекциялар мен қауіпті инфекциялық аурулар қоздырушыларын пайдаланушы кәсіпорындар.
4 4. Техногенді-қауіпті объектілер:
жылу және гидроэлектр станциялары;
орталық диспетчерлік басқару бекеттері мен энергожүйенің торапты аралық станциялары;
әуе қозғалыстарына қызмет көрсету (басқару) орталықтары;
республикалық және облыстық мәні бар әуежайлар мен аэродромдар;
темір жол станциялары мен ірі темір жол тораптары;
ақпараттық есептеу орталықтары, темір жол көліктерін диспетчерлік басқарудың байланыс тораптары мен орталықтары;
кемелер жүзетін тоғандар;
теңіз және өзен порттары;
стратегиялық магистралдарда орналасқан көпірлер мен туннельдер;
зымыранды-ғарыштық және авиациялық кешен кәсіпорындары;
ірі су қоймаларының бөгеттері;
дамбалар, өндірістік кәсіпорындардың сұйық қалдықтарын сақтайтын қоймалар (кең байыту фабрикаларының артқы сақтау орындары және басқалар).
5 5. Өрт-қауіпті жарылғыш объектілер:
мұнай шығаратын және мұнай өңдейтін зауыттар;
теңіз мұнай және газ скважиналары мен теңіз мұнай құятын терминалдар;
газ өңдейтін зауыттар және 2000 тоннадан асатын мөлшерде сұйытылған көмір сутегін сақтайтын газ толтыратын станциялар;
титанды магний зауыттары (комбинаттары);
қару жарақты, әскери техникаларды және жарылғыш заттарды сақтау, жөндеу, кәдеге жарату мен ұқсату орындары;
газгольдерлі, кислородты станциялар мен қондырғылар;
магистралды газды және мұнай өнімдері өткізгіштері.
6 6. Мемлекеттік басқару, қаржы несиелік, ақпараттық және телекоммуникациялар объектілері:
мемлекеттік басқару органдары мен басқару органдарының орналасу объектілері;
шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдардың өкілдіктері;
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін басқару ұйымдары және бағалы металдар мен тастарды, қорғалған полиграфты өнімдерді өндіру, қайта өңдеу, айналымға салу мен сақтау ұйымдары;
телерадиокөрсетілімдер ұйымдары мен жаппай коммуникациялық құралдар, телефон, теледидар, радио байланыс және хабар жеткізу тораптары;
республикалық деңгейдегі мемлекеттік мұрағаттар.
7 7. Адамдардың жаппай жиналу объектілері:
500 ш.м. және одан көп сауда алаңындағы бөлшек сауда объектілері, 100 орынды және одан көп қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, базарлар, сауда орталықтары мен кешендер;
санаторий-курорттық ұйымдар, пансионаттар, демалыс үйлері, туристік базалар;
концерт залдары, спорттық және бір уақытта 200 және одан көп келушілер келетін өзге де қоғамдық ғимараттар;
оқу орындары мен денсаулық сақтау ұйымдары.