Об утверждении Перечня видов работ, входящих в состав судебно-экспертной деятельности, лицензируемой Министерством юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня видов работ, входящих в состав судебно-экспертной деятельности, лицензируемой Министерством юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі лицензиялайтын сот-сараптама қызметінің құрамына кiретiн жұмыстар түрлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 208
- Қабылданған күні
- 20.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2013 AI53694_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006350_
- ЭКБ идентификаторы
- 53694
- Редакция идентификаторы
- AI53694_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:45
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі лицензиялайтын сот-сараптама қызметінің құрамына кiретiн жұмыстар түрлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесінің 2-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі лицензиялайтын сот-сараптама қызметінің құрамына кiретiн жұмыстар түрлерiнiң тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі лицензиялайтын сот-сараптама қызметінің құрамына кiретiн жұмыстар түрлерiнiң тізбесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 20 шілдедегі
№ 208 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі лицензиялайтын сот-сараптама қызметінің құрамына кiретiн жұмыстар түрлерiнiң тізбесі
№
Жұмыс түрі
Сарапшылық мамандық
Мамандық шифрі
1.
Құжаттардың сот сараптамасы
Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу
1.1
Құжаттарды сот-техникалық зерттеу
1.2
Сот автортану зерттеуі
1.3
2.
Сот портреттік сараптама
Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу
2.1
3.
Сот бейнефонографиялық сараптама
Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу
3.1
4.
Сот фототехникалық сараптама
Сот-сараптамалық фототехникалық зерттеу
4.1
5.
Сот трасологиялық сараптама
Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу
5.1
6.
Сот баллистикалық сараптама
Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу
6.1
7.
Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
Лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу
7.1
Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу
7.2
Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу
7.3
Топырақты сот-сараптамалық зерттеу
7.4
Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу
7.5
Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу
7.6
Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу
7.7
8.
Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы
Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
8.1
Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу
8.2
Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу
8.3
9.
Сот экономикалық сараптамасы
Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу
9.1
Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу
9.2
Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу
9.3
Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу
9.4
10.
Сот тауартану сараптамасы
Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
10.1
Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
10.2
Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі
10.3
Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі
10.4
Аудиовизуальдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
10.5
11.
Сот құрылыс сараптамасы
Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу
11.1
Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу
11.2
12.
Сот технологиялық сараптамасы
Сот-сараптамалық технологиялық зерттеу
12.1
Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу
12.2
13.
Сот өрт-техникалық сараптама
Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
13.1
Сот-сараптамалық электротехникалық зерттеу
13.2
14.
Сот жарылыс-техникалық сараптама
Жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
14.1
15.
Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы
Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу
15.1
16.
Сот биологиялық сараптама
Сот-сараптамалық биологиялық зерттеу
16.1
17.
Сот молекулярлық-генетикалық сараптама
Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу
17.1
18.
Адамның психофизиологиялық-процесстерінің сот сараптамасы
Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу
18.1
Сот-сараптамалық психологиялық-физиологиялық зерттеу
18.2
Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу
18.3