Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работникам организаций образования и научных организаций

Бұйрық · № 302 · қабылданған 14.06.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53697/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работникам организаций образования и научных организаций Қолданыста Бұйрық ·№ 302 ·14.06.2010
12.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работникам организаций образования и научных организаций

Қолданыста Бұйрық ·№ 302 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности работникам организаций образования и научных организаций
Атауы (қаз.)
Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
302
Қабылданған күні
14.06.2010
Көрсетілген редакция
12.01.2022 53697_559169.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006340_
ЭКБ идентификаторы
53697
Редакция идентификаторы
53697_559169
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:59

0 Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi бекiтілсін.

2

2. «Бiлiм және ғылым ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын белгiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 105 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 22 ақпанда № 1760 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.

3 3. Қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева):

1 1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
____________ Т.Б. Дүйсенова
2010 жылғы 16 маусым

0 Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 302 бұйрығымен бекітілген
Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінiң және оларға теңестiрiлген адамдардың, ғылыми-педагогикалық, ғылыми қызметкерлерiнiң және мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерінің жұмыс стажын анықтау кезiнде қолданылады.
Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандықтар бойынша жұмыс стажы жұмысқа қабылдау кезінде немесе басқа жұмысқа ауыстыру кезінде күнтiзбелiк санау бойынша есептеледi.
Білім беру ұйымдарында жұмыс стажына байланысты лауазымдық айлықақыны есептеу кезінде лауазымдық айлықынының мөлшері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді.
Қызметкердің мамандық бойынша жұмыс стажын анықтау үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар:

1 1) еңбек кiтапшасы;

2 2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

3 3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;

4 4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;

5 5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

6 6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама болып табылады.

Мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия құрылады, оның құрамын тиісті ұйымның басшысы бекітеді.

2 2. Педагогикалық қызметкерлерге және оларға теңестiрiлген адамдарға стаж есептеу

2 2. Педагогикалық жұмыс стажына осы Ережеге Қосымшада көрсетілген ұйымдардағы педагогикалық жұмыс есептеледi.

3

3. Педагогикалық қызметкерлердiң және оларға теңестірілген адамдардың педагогикалық жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң алдында және одан кейiн негiзгi жұмыс орны бойынша тiкелей педагогикалық қызметпен жалғасқан болса, мынадай уақыт кезеңдерi есептеледi:

1

1) 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi педагогикалық қоғамдар мен балалар қоры басқармаларындағы нұсқаушылық және әдiстемелiк лауазымындағы, Мұғалiм үйi (бiлiм беру, кәсiптiк бiлiм беру қызметкерiнiң) директоры (меңгерушісi) лауазымындағы, фильмотека меңгерушiсi және фильмотекадағы әдiстемешi лауазымындағы, өрт сөндiру ерiктi қоғамының өрт сөндiрушi жасөспiрiмдер ерiктi дружиналарының аға нұсқаушысы және нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс уақыты, кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссиялардағы немесе кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк-құқықтық қорғау бөлiмдерiндегi, Ішкі істер министрлігі органдары кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi инспекцияларындағы (милицияның балалар бөлiмдерiндегi) жұмыс уақыты;

2

2) қызметтен терiс себептермен босатылған адамдарды қоспағанда, офицерлер құрамының, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет ететiн әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекаралық әскерлердегi, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдiк әскери қызметiн өтеу уақыты; Iшкі істер министрлігі әскерлерiндегi, Қарулы күштер және Әскери Теңiз флоты бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерiнiң, мекемелерінің, әскери-оқу орындарының, саяси бөлiмдерінің (басқармаларының), сондай-ақ мәдени-ағарту мекемелерiнiң саяси құрамдағы барлық лауазымдарындағы жұмыс уақыты, Офицерлер үйі мен Әскери-теңіз флотының жалпы білім беретін дайындықтарының нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс уақыты;

3 3) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;

4 4) егер оқуға дейiн бiлiм беру ұйымында қызмет iстеген болса және оқудан кейiн бiлiм беру ұйымына қайта оралған болса, өндiрiстен қол үзiп оқитын жолдама бойынша кадрлар даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстарындағы оқу уақыты;

5 5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледждер), жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (өндiрiстен қол үзiп) оқу уақыты;

6 6) 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн бiлiм беру жүйесiнiң газет және журналдары редакторлары лауазымындағы жұмыс уақыты;

7 7) осы қызметке сайланар алдында тiкелей педагогикалық жұмыспен айналысқан жағдайда атқарушы органдар басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiндегi жұмыс уақыты педагогикалық жұмыс стажына есептеледi.

Егер қызметкер осы Ереженің қосымшасында көрсетiлген жұмыстан (қызмет атқарудан) кейiн ағымдағы оқу жылында бiлiм ұйымындағы тiкелей педагогикалық жұмысқа ауыса алмаса, оның педагогикалық жұмыс стажына педагогикалық жұмысқа келесi оқу жылының басында қабылданғандағы көрсетiлген кезеңдер қосылады.

4 4. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң педагогикалық жұмыс стажына:

1 1) бастауыш әскери дайындық оқытушыларына - Қарулы Күштердегi, оның iшiнде Iшкі істер министрлігі әскерлерiндегi, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскерлерi мен органдарындағы офицер, сержант, старшина құрамы лауазымдарының, прапорщиктер мен мичмандардың қызмет уақыты;

2

2) бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдерi мен оқытушыларына - сабақ беретiн пәнiнiң саласы бiлiм беру ұйымдарының оқу пәнiне сәйкес келген жағдайда Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiндегi, құрамаларындағы, кiшi мамандар даярлайтын мектептердегi және старшиналар, сержанттар және кiшi мамандар даярлайтын басқа мектептердегi қызмет уақыты;

3 3) бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдерi мен оқытушыларына - Қарулы Күштерде нақты мерзімдік әскери қызметтен өту уақыты;

4 4) педагогикалық бiлiмi бар және осы жұмысқа сынып жиынтықтардың уақытша қысқаруына байланысты жiберiлген мектеп кiтапханашысы ретiндегi мұғалiмдердiң (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн) жұмыс уақыты;

5

5) өнер мектебi оқытушыларының, музыкалық және көркемөнер орта мектептерi мен мектеп-интернаттарындағы арнайы пәндер оқытушыларының, колледждердегi музыкалық пәндер оқытушыларының, музыка және ән мұғалiмдерiнiң, музыкалық жетекшiлердiң, қосымша бiлiм беру педагогтарының - сабақ беретiн пәнiнiң саласына (бiлiм беру ұйымдарындағы жұмыс саласына) сәйкес келетiн мамандықтар бойынша кәсiпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс және Қарулы Күштерде қызмет уақыты;

6

6) мәдениет және өнер оқу орындарының өзге де педагогикалық қызметкерлерiне, педагогикалық, музыкалық-педагогикалық, көркем-графикалық колледждердiң (бөлiмдердiң), педагогикалық колледждердiң музыкалық және көркемөнер бөлiмдерiнiң арнайы пәндер оқытушыларына және басқа да педагог қызметкерлерiне - концертмейстер (режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, әртiс, суретшi) ретiндегi 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi жұмыс уақыты;

7 7) директордың өндiрiстiк оқыту жөнiндегi орынбасарларына - жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледждер) оқу орнын (оның iшiнде әскери) аяқтаған соң кәсiпорындардағы, мекемелердегi және ұйымдардағы мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;

8

8) өндiрiстiк оқу негiздерi, еңбек және сызу, көркемсурет өнерi, информатика және есептеу техникасының негiздерi, оқу пәндерiн теориялық, практикалық жағынан тереңдетiп оқытатын мектептердiң (сыныптардың) мұғалiмдерiне (оқытушыларға, қосымша бiлiм беру педагогтарына, шеберлерге), эксперименттiк мекемелердiң, мектептен тыс ұйымдардың педагог қызметкерлерiне - беретiн пәндерiнің саласына сәйкес келетiн мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;

9

9) арнайы пәндер оқытушыларына, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледждер) білім ұйымдарының оқу-әдiстемелiк кабинеттерінiң әдiскерлерi мен аға әдiскерлерiне және информатика және есептеу техникасының негiздерi пәнiнiң оқытушыларына - жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда (оның iшiнде әскери) кемiнде 5 жыл еңбек еткен жұмыс уақыты, сондай-ақ жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша Қарулы Күштер қатарындағы қызмет уақыты (оны жалғастыруына қарамастан);

10

10) мектептен тыс ұйымдардың, әдiстемелiк кабинеттердiң, мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарының әдiскерлерiне, қосымша бiлiм беру педагогтарына, мәдениет ұйымдастырушыларына, экскурсоводтарға - ұйымдардағы жұмыс уақыты және бiлiм беру ұйымдарындағы жұмыс саласына сәйкес келетiн мамандықтар бойынша Қарулы Күштер қатарындағы қызмет уақыты;

11 11) тәрбиешiлерге (аға тәрбиешiлерге), мектепке дейiнгi ұйымдардың, бөбектер үйiнiң меңгерушiлерiне (бөбекжайлардың және бөбекжай-бақшалардың, бөбектер үйлерiнiң медициналық бике ретiндегi 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi жұмыс уақыты);

12

12) бiлiм беру ұйымдарының, көрсетiлген лауазымдарды қоспағанда концертмейстер және сүйемелдеушi мамандықтары бойынша жұмыс стажына техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (колледждер), жоғары оқу орындарында арнайы пәндердiң оқытушылары, тиiстi жанрдың дирижерлары және әртiстерi, хормейстерлерi, көркемдiк жетекшiлерi, режиссерлерi, музыка мектебiнiң оқытушылары, сондай-ақ жалпы бiлiм беру мектептерiндегi ән және музыка мұғалiмдерi, музыкалық жетекшi ретiндегi жұмыс уақыты;

13

13) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат ұйымдарының тәрбиешілеріне - мектепке дейінгі балалар ұйымдарында тәрбиеші ретіндегі жұмыс уақыты, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде мұғалім, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог ретіндегі жұмыс уақыты есептеледi.

5

5. Егер ол Қазақстан Республикасының аумағында педагогикалық стажға шектеусiз есептелетiн болса, республикадан тыс жерлерде (оның iшiнде шарт бойынша) Қосымшада көзделген тиiстi ұйымдарда және лауазымдарда педагогикалық жұмыстағы немесе білімнің тиісті деңгейі бойынша оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы жұмыс уақыты педагогикалық жұмыс стажына шектеусiз есептеледi.

6

6. Кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiм беру ұйымдарындағы сағаттық төлем шарты бойынша орындалатын педагогикалық жұмысы, егер оның көлемi оқу жылында 180 сағаттан кем болмаса, педагогикалық стажға қосылады. Педагогикалық жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына тепе-теңдікте есептеледi.

7

7. Барлық үлгiдегi және атаулы бiлiм беру ұйымдарының басшыларына, директорларына, меңгерушiлерiне, бастықтарына, олардың орынбасарларына (көмекшiлерiне) (шаруашылық жұмыс жөнiндегi қызметкерлер санатынан басқа) педагогикалық (және оған теңестiрiлген) лауазымдағы жұмыс уақыты педагогикалық жұмыс стажына есептеледi.

3 3. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің стажын есептеу

8 8. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң ғылыми-педагогикалық жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң алдында және одан кейiн негiзгi жұмыс орны бойынша тiкелей ғылыми-педагогикалық қызметпен жалғасқан болса, мынадай уақыт кезеңдері есептеледі:

1

1) қызметтен терiс себептермен босатылған адамдарды қоспағанда, офицерлер құрамының, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет ететiн әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекаралық әскерлердегi, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдiк әскери қызметiн өтеу уақыты; Iшкі істер министрлігі әскерлерiндегi, Қарулы күштер және Әскери Теңiз флоты бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерiнiң, мекемелерінің, әскери-оқу орындарының, саяси бөлiмдерінің (басқармаларының), сондай-ақ мәдени-ағарту мекемелерiнiң саяси құрамдағы барлық лауазымдарындағы жұмыс уақыты, Офицерлер үйі мен Әскери-теңіз флотының жалпы білім беретін дайындықтарының нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс уақыты;

2 2) осы қызметке сайланар алдында тiкелей педагогикалық жұмыспен айналысқан жағдайда атқарушы органдар басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiндегi жұмыс уақыты;

3 3) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;

4 4) аспирантура және докторантурада, сондай-ақ магистратурада оқу уақыты.

9 9. Ғылыми-педагогикалық жұмыс стажына:

1

1) кафедра меңгерушiсi, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы (ассистент), ректор (директор), әкімшілік-шаруашылық мәселелерді бақылайтын проректорларды қоспағанда проректорлар (директорлардың орынбасарлары), факультет деканы (институт директоры), деканның орынбасары (директордың орынбасары), оқу зертханасының меңгерушісі лауазымдарындағы педагогикалық және басшылық жұмыс уақыты;

2

2) Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ғылым академиясындағы, бұрынғы одақтас республикалар мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерi ғылым академияларындағы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Ғылым академиясындағы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясындағы, егер ғылыми қызмет негiзгi қызмет болса, мамандандырылған және қоғамдық академиялардағы (бұдан әрi - Академия) президент, вице-президент, Академия төралқасының бас ғалым хатшысы, Академия төралқасының төрағасы, филиал басшысының орынбасары немесе Академия төралқасы төрағасының орынбасары, Академия төралқасының мүшесi, Академия ғылымдар бөлiмiнiң академик-хатшысы, Академия ғылымдар бөлiмiнiң немесе төралқасының ғалым хатшысы, Академия төралқасы бас ғалым хатшысының және филиал басшысының орынбасары, бас ғылыми қызметкер, жетекшi ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кiшi ғылыми қызметкер лауазымдарындағы басшылық жұмыс уақыты;

3

3) жоғары оқу орындарындағы, олардың жанындағы дайындық бөлiмдерiндегi, бiлiктiлiк арттыру институттарындағы оқу жылының жүктеме көлемi кемiнде 225 сағаттық сағат шарты бойынша ақы төленетін нақты педагогикалық жұмысының уақыты. Ғылыми-педагогикалық жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына тепе-тең мөлшерде есептеледi;

4 4) ғылыми атағы немесе ғылыми дәрежесi бар директордың, директор орынбасарының лауазымындағы және жоғары оқу орындары үшiн тағайындалған еңбекақы төлеу шарты бойынша жұмыс iстейтiн біліктілікті арттыру институттарының кафедраларындағы педагогикалық жұмыс уақыты;

5 5) ғылыми атағы немесе дәрежесi бар адамдар үшін орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі оқу орындарының оқытушылары лауазымдарындағы жұмыс уақыты;

6 6) шет ел жоғары оқу орындарындағы немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы (жолдама бойынша) ғылыми-педагогикалық жұмыс уақыты есептеледi.

4 4. Ғылыми қызметкерлердің стажын есептеу

10 10. Ғылыми жұмыс стажына ғылыми ұйымдардағы ғылыми жұмыс уақыты есептеледі.

Бұл орайда ғылыми ұйымдардағы ғылыми жұмыс уақыты, егер ғылыми қызметкер кемiнде 0,25 мөлшерлемемен жұмыс iстеген жағдайда есептеледі.

11 11. Ғылыми қызметкерлердiң ғылыми жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң алдында және одан кейiн негiзгi жұмыс орны бойынша тiкелей ғылыми қызметпен жалғасқан болса, мынадай уақыт кезеңдері есептеледі:

1 1) осы қызметке тағайындалар немесе сайланар алдында тiкелей ғылыми қызметпен айналысқан жағдайда атқарушы органдар басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiндегi жұмыс уақыты;

2 2) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;

3 3) магистратурада, аспирантурада және докторантурада оқу уақыты.

5 5. Педагогикалық, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге жатпайтын қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу

12 12. Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-бiлiктiлiк кестесiне сәйкес мамандық бойынша жұмыс стажына ұйымдарда мамандық бойынша iстеген барлық жұмыс уақыты, сондай-ақ мынадай уақыттар кiредi:

1

1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлер құрамының, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет ететiн әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекаралық әскерлердегi, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдiк әскери қызметiн өтеу уақыты;

2

2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер жүйесiндегi қызмет өткерген, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының сот аппаратында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген уақыты;

3

3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi органдарында, прокуратура органдарында, соттарында, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдарында, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты;

4 4) Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жүйесiнде жұмыс iстеген уақыты;

5 5) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;

6 6) оның еңбек қызметі өткен салаға қарамастан осыған ұқсас мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты;

7 7) барлық деңгейдегi депутаттар лауазымындағы жұмыс уақыты;

8 8) сол мамандық бойынша мемлекеттiк қызметте болған уақыты;

9 9) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол органдарында сайланбалы және жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты.

1 Бiлiм ұйымдары мен ғылыми

ұйымдардың қызметкерлерiне
мамандық бойынша жұмыс стажын
есептеу ережесiне қосымша

0 Оқу орын­да­ры­ның, ме­ке­ме­лер­дiң және ұй­ым­дар­дың ата­уы

Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
1. Жал­пы бiлiм бе­ре­тін мек­теп­тер, оның iшiн­де ли­цей­лер (мек­теп-ли­цей­лер), гим­на­зи­я­лар (мек­теп-гим­на­зи­я­лар), ма­ман­дан­ды­ры­л­ған, Тұң­ғыш Пре­зи­дент­тің ин­тел­лек­ту­ал­дық мек­теп­те­рі, ша­ғын ком­плек­ті­лі, кеш­кi (ауы­сым­ды) және сырт­тай оқы­ту мек­теп­терi, сырт­тай оқы­ту бөлiм­дерi, экс­пе­ри­мент­тiк алаң­дар, са­на­тор­лық мек­теп­тер және мек­теп-ин­тер­нат­тар, са­на­тор­лық-ор­ман­ды мек­теп­тер, бар­лық үл­гi­де­гi және ата­у­лы спорт мек­теп­терi, мек­теп-ба­ла­бақ­ша­лар, ба­ла­бақ­ша-мек­теп ке­шен­дерi, оқу-тәр­бие, оқу-са­уық­ты­ру, оқу-тәр­бие ор­та­лық­та­ры (ке­шен­дерi), ұзар­ты­л­ған күн мек­теп­терi және ұзар­ты­л­ған күн топ­та­ры, үш жыл­дық ше­бер­лер мек­тебi, му­зы­кант­тық тәр­бие мек­тебi, ар­на­у­лы бі­лім бе­ру ұй­ым­дар (дене бiтi­мiнiң неме­се ақыл-есi­нің жетiлуiн­де ке­мiстi­гi бар ба­ла­лар мен жа­сө­спiрiм­дер­ге ар­нал­ған мек­теп­тер, мек­теп-ин­тер­нат­тар, сы­нып­тар, ерекше тәр­би­е­леу жағ­дай­ын қа­жет ететiн ба­ла­лар мен жа­сө­спiрiм­дер­ге ар­нал­ған ар­на­у­лы ұй­ым­дар және т.б.) бар­лық үл­гi­де­гi және ата­у­лы мек­теп-ин­тер­нат­тар, мек­теп жа­нын­да­ғы ин­тер­нат­тар, оқу­шы­лар­ды ең­бек­ке ба­у­лу және кәс­iп­тiк бағ­дар бе­ре­тін мек­те­па­ра­лық оқу-өн­дiрiстiк ком­би­нат­тар.
Му­зы­ка­лық және көр­кем-өнер мек­теп­терi мен мек­теп-ин­тер­нат­та­ры. Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған әс­ке­ри ор­та мек­теп­тер, мек­теп-ин­тер­нат­тар және учи­ли­ще­лер. Ло­го­пед­тiк пунк­ті­лер, пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го ика­лық кон­суль­та­ци­я­лар.
Оңал­ту ор­та­лық­та­ры, пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық тү­зе­ту ка­би­нет­те­рі, тү­зе­ту және ин­клю­зив­тік бі­лім ка­би­нет­те­рі. Же­тім ба­ла­лар мен ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ин­тер­нат­тық бі­лім ұй­ым­да­ры, жа­сө­спiрiм­дер үй­лерi, ба­ла­лар де­рев­ня­сы, ба­ла­лар қа­ла­шық­та­ры, ба­ла­лар үй­ле­рі, кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­лар­ға ар­нал­ған же­тім­ха­на­лар.
Ба­ла­лар­дың ең­бек және тәр­би­елiк-ең­бек ко­ло­ни­я­ла­ры, ба­ла­лар қа­был­дау пунк­ті­лерi, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ға ар­нал­ған қа­был­дау-бө­лу орын­да­ры, мек­теп-ко­ло­ни­я­лар (ата­уы­на қа­ра­ма­стан), ғы­лы­ми ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­я­лар, ең­бек­ке тәр­би­е­леу ин­сти­тут­та­ры, шәл­кес мi­нездi адам­дар­ды ерекше жағ­дай­да ұстай­тын бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры.
Мек­теп­ке дей­iн­гi ұй­ым­дар­дың бар­лық түр­лерi мен ата­у­ла­ры (ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай-бақ­ша­лар, бө­бек­жай­лар, мек­теп­ке дей­ін­гі ми­ни ор­та­лық­тар).
Мек­теп­тен тыс ба­ла­лар ұй­ым­да­ры (но­мен­кла­ту­ра­ға сәй­кес).
Клуб­тар, мә­де­ни­ет са­рай­ла­ры және тұр­ғын үй-пай­да­ла­ну ұй­ым­да­ры жа­нын­да­ғы оқу­шы бөл­ме­лерi.
Тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры:
кә­сіп­тік ли­цей;
кол­ледж;
учи­ли­ще;
кә­сіп­тік-ең­бек­пен оқы­ту ор­та­лық­та­ры;
ең­бек­пен тү­зе­ту ме­ке­ме­ле­рі жа­нын­да­ғы кә­сіп­тік мек­теп (ли­цей);
мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі ба­ла­лар­ға ар­нал­ған кә­сіп­тік мек­теп (ли­цей);
же­тім ба­ла­лар­ға ар­нал­ған кә­сіп­тік ли­цей­лер;
әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық мек­теп;
өңі­ра­ра­лық кә­сіп­тік бі­лім бе­ре­тін ор­та­лық;
жо­ға­ры тех­ни­ка­лық мек­теп;
кә­сіп­тік-тех­ни­ка­лық оқы­ту ор­та­лы­ғы;
фаб­ри­ка-за­уыт­тық оқы­ту және тә­лім­гер­лік мек­те­бі, аза­мат­тық авиа­ция мек­теп­терi мен оқу-жат­тығу бөлiм­ше­лерi және ата­уы­на қа­ра­ма­стан кадр­лар да­яр­лау жөнiн­де­гi оқу орын­да­ры.
Бiлiк­тiлiк­ті арт­ты­ру жөнiн­де­гi кур­стар­ды, оның iшiн­де сырт­тан оқы­та­тын кур­стар­ды іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­дар.
Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тiк қам­сыздан­ды­ру ме­ке­ме­лерi: бө­бек үй­лерi, ба­ла­лар са­на­то­рий­лерi, кли­ни­ка­лар, ем­ха­на­лар, ау­ру­ха­на­лар, сон­дай-ақ ере­сек­тер ме­ке­ме­лерiн­де­гi ба­ла­лар­ға ар­нал­ған бөлiм­ше­лер, па­ла­та­лар. Жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның фи­ли­а­лын қо­с­па­ған­да­ғы бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры­ның фи­ли­ал­да­ры. Сту­ди­я­лар, клуб­тар.
Сту­дент­тiк-зерт­теу бю­ро­ла­ры.
Оқу-кон­суль­та­ция пунк­ті­ле­рі, оқу (оқу-жат­тығу) ор­та­лық­та­ры, оқу-өн­дiрiстiк, оқу кур­стық ком­би­нат­тар, оқу-ғы­лы­ми-өн­дiрiстiк ке­шен­дер, оқу-са­уық­ты­ру, оқу-тәр­бие ор­та­лық­та­ры.
Ла­гер­лер (спорт­тық-қор­ға­ныс, са­уық­ты­ру, мек­теп­тiк, ең­бек және де­ма­лыс ла­гер­лерi).
Бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры­ның оқу по­ли­гон­да­ры.
Оқу ша­ру­а­шы­лық­та­ры
1. Мұ­ғалiм­дер, бар­лық ма­ман­дық пе­да­гог­та­ры, пе­да­гог-пси­хо­лог­тар, сур­до­пе­да­гог­тар, әле­умет­тiк пе­да­гог­тар, пе­да­гог-ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар, де­фек­то­лог мұ­ғалiм­дер, мұ­ғалiм-ло­го­пед­тер, оқы­ту­шы­лар, ло­го­пед­тер, ло­го­пед­тiк пункт­тер­дiң мең­ге­ру­шiлерi, тәр­би­е­шiлер (тәр­би­е­шi-бас­шы­лар), тәр­би­е­шi-әдiс­кер­лер, аға тәр­би­е­шiлер, аға әдiс­кер­лер (кур­стар­да­ғы әдiс­кер­лер, егер бұл кур­стар олар үшiн негiз­гi жұ­мыс ор­ны бо­лып есеп­тел­ген жағ­дай­да), кон­церт­мей­стер­лер, сүй­е­мел­де­ушiлер, му­зы­ка­лық же­тек­шiлер (қыз­мет­кер­лер), қо­сым­ша бiлiм бе­ру пе­да­гог­терi, мас­со­вик­тер және экс­кур­со­вод­тар (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), спорт бой­ын­ша аға жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­лар (жат­тық­ты­ру­шы­лар, оқы­ту­шы­лар), во­жа­тый­лар, аға во­жа­тый­лар, мә­де­ни­ет ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар, ең­бек жөнiн­де­гi нұс­қа­у­шы­лар, аға ше­бер­лер, өн­дiрiстiк оқу ше­бер­лерi (нұс­қа­у­шы­ла­ры), ды­быс ка­би­нет­терiнiң нұс­қа­у­шы­ла­ры, ды­быс ка­би­нет­терiнiң мең­ге­ру­шiлерi (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), де­не­шы­нық­ты­ру жө­нін­де­гi нұс­қа­у­шы­лар, жү­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­у­шы­лар, аға нұс­қа­у­шы­лар-әдіс­кер­лер, нұс­қа­у­шы-әдiс­кер­лер (оның iшiн­де де­не­шы­нық­ты­ру және спорт, ту­ризм бой­ын­ша), бас­шы­лар, ди­рек­тор­лар, мең­ге­ру­шiлер, ба­стық­тар, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры (кө­мек­шiлерi) (ша­ру­а­шы­лық жұ­мыс жөнiн­де­гi қыз­мет­кер­лер са­на­ты­нан бас­қа), оқу, оқу-тәр­бие, пе­да­го­ги­ка­лық бөлiм мең­ге­ру­шiсi, өн­дiрiстiк оқы­ту, шет тi­лі жөнiн­де­гi оқу бөлi­мiнiң мең­ге­ру­шiлерi, бөлiм­дер­дiң, зерт­ха­на­лар­дың, ка­би­нет­тер­дiң, ше­бер­ха­на­лар­дың, бөлiм­ше­лер­дiң, сек­ци­я­лар­дың, сек­тор­лар­дың, фи­ли­ал­дар­дың, оқу-кон­суль­та­ци­я­лық пунк­ті­лер­дің, пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го ика­лық кон­суль­та­ци­я­лар­дың мең­ге­ру­шiлерi (ба­стық­та­ры), кур­стар­дың, оқу-өн­дiрi­стік, оқу кур­стық ком­би­нат­тар­дың, цик­л­дар­дың ба­стық­та­ры, өн­дiрiстiк, пе­да­го­ги­ка­лық прак­ти­ка мең­ге­ру­шiлерi, тәр­тiп жөнiн­де­гi аға ке­зек­шiлер, тәр­тiп жөнiн­де­гi ке­зек­шiлер, ба­ста­уыш әс­ке­ри дай­ын­дық жөнiн­де­гi оқы­ту­шы-ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар, бiлiм бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы аудар­ма­шы-дак­ти­ло­лог (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн­гi сур­до­пе­да­гог).
2. Жо­ға­ры оқу орын­да­ры.
2. Про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық құ­рам, ғы­лы­ми қыз­мет­кер­лер
3. Жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк әс­ке­ри оқу орын­да­ры
3. Про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық ла­у­а­зым­дар­да­ғы жұ­мыс (қыз­мет)
4. Кадр­лар­ды жетiл­дi­ру, қай­та да­яр­лау, бiлiк­тiлi­гiн арт­ты­ру ин­сти­тут­та­ры, бар­лық ата­у­лы әдiсте­мелiк ұй­ым­дар (ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты­лы­ғы­на қа­ра­ма­стан)
4. Про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық құ­рам, оқы­ту­шы­лар, әдiс­кер­лер (ғы­лы­ми қыз­мет­кер­лер), аға әдiс­кер­лер, ди­рек­тор­лар, мең­ге­ру­шiлер, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры, оқу бөлi­мiнiң, сек­тор­лар­дың, ка­би­нет­тер­дiң, зерт­ха­на­лар­дың мең­ге­ру­шiлерi.
5. Бiлiм бе­ру ор­ган­да­ры және бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры­на бас­шы­лық етудi iс­ке асы­ра­тын ор­ган­дар.
5. Бас­қа­ру­шы, ин­спек­тор­лық (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), әдiс­кер­лiк ла­у­а­зым­дар, сон­дай-ақ пе­да­го­ги­ка­лық қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты ла­у­а­зым­дар.
6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Iш­кi іс­тер ми­ни­стр­лi­гi, iш­кi iстер бас­қар­ма­ла­ры (бас бас­қар­ма­ла­ры), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің ең­бек­пен тү­зеу ме­ке­ме­лерiнiң бас­қар­ма­ла­ры.
6. Аға ин­спек­тор­лар (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), жал­пы бiлiм бе­ру, оқу-тәр­бие, әдiсте­мелiк, мек­теп­тен тыс жұ­мыстар, өн­дiрiстiк оқу, ба­ла­ны қор­ғау, мек­теп­ке дей­iн­гi тәр­бие және оқу жөнiн­де­гi ин­спек­тор­лар.
7. Өн­дiрiстiк бiр­ле­стiк­тер құ­ра­мын­да ұй­ым­да­сты­ры­л­ған мек­теп­ке дей­iн­гi ба­ла­лар ұй­ым­да­ры­ның, әле­умет­тiк мә­де­ни объ­ек­тiлер­дің және спорт­тық ғи­ма­рат­тар­дың бас­қар­ма­ла­ры (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн).
7. Мек­теп­ке дей­iн­гi тәр­бие және оқы­ту, жастар­мен жұ­мыс бөлiм­дерiнiң ин­спек­тор­ла­ры (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн)
8. Тех­ни­ка­лық оқы­ту бөлiм­дерi (бю­ро), кәс­i­по­рын­дар­дың, бiр­ле­стiк­тер­дiң кадр бө­лім­де­рі, өн­дiрi­сте кадр­лар да­яр­ла­у­мен және олар­дың бiлiк­тiлi­гiн арт­ты­ру­мен ай­на­лы­са­тын ми­ни­стр­лiк­тер­дiң (ве­дом­ство­лар­дың) бөлiм­ше­лерi.
8. Штат­тық оқы­ту­шы­лар, өн­дiрi­сте жұ­мыс­шы­лар­ды өн­дiрiстiк оқы­ту ше­бер­лерi, қыз­метi кадр­лар да­яр­лау және олар­дың бiлiк­тiлi­гiн арт­ты­ру мә­се­лесi мен бай­ла­ны­сты бас­шы­лық, ин­спек­тор­лық, ин­же­нер­лiк (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), әдiс­кер­лiк ла­у­а­зым­дар
9. ДО­СА­АФ және аза­мат­тық авиа­ция оқу орын­да­ры және оқу ұй­ым­да­ры.
9. Бас­шы­лық, ко­ман­да­лық-ұшу, ко­ман­да­лық-нұс­қа­у­шы­лық, ин­же­нер­лік-нұс­қа­у­шы­лық, нұс­қа­у­шы­лық, ин­же­нер-әдіс­кер­лер, ин­же­нер-ұш­қыш-әдiс­кер­лер (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн) оқы­ту­шы­лық құ­рам және өн­дiрiстiк оқы­ту ше­бер­лерi.
10. Ме­ке­ме­лер­дiң, кәс­i­по­рын­дар­дың және ұй­ым­дар­дың жа­тақ­ха­на­ла­ры, тұр­ғын үй-пай­да­ла­ну ұй­ым­да­ры, жастар тұр­ғын үй ке­шен­дерi, ба­ла­лар ки­но­те­атр­ла­ры, жа­сө­спiрiм кө­ре­рмен те­атр­ла­ры, қуыр­шақ те­атр­ла­ры, ба­ла­лар­мен және жа­сө­спiрiм­дер­мен жұ­мыс жүр­гi­зу жөнiн­де­гi кәс­i­по­рын­дар мен ұй­ым­дар­дың мә­де­ни-ағар­ту ме­ке­ме­лерi
10. Тәр­би­е­шiлер, пе­да­гог-ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар, пси­хо­лог­тар, оқы­ту­шы­лар, қо­сым­ша бiлiм бе­ру пе­да­гог­та­ры, нұс­қа­у­шы­лар және нұс­қа­у­шы-әдiс­кер­лер, жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­лар және ба­ла­лар­мен және жа­сө­спiрiм­дер­мен жұ­мыс жүр­гi­зу жөнiн­де­гi ма­ман­дар, ба­ла­лар бөлiм­дерiнiң, сек­тор­ла­ры­ның мең­ге­ру­шiлерi
11. Ең­бек­пен тү­зеу ко­ло­ни­я­ла­ры, ең­бек­ке тәр­би­е­леу ко­ло­ни­я­ла­ры, тер­геу изо­ля­тор­ла­ры және түр­ме­лер, ем­деу-ең­бек және ең­бек­пен тәр­би­е­леу про­фи­лак­то­рий­лерi, бұ­рын­ғы әс­ке­ри тұт­қын­дар мен жер ауда­ры­л­ған­дар ла­гер­лерiнiң бөлiм­дерi, ар­на­у­лы оқу-ең­бек ме­ке­ме­лерi
11. Пе­да­го­ги­ка­лық бiлi­мi бар адам­дар­дың ба­стық­тың са­я­си-тәр­бие жұ­мысы жөнiн­де­гi орын­ба­са­ры, са­я­си-тәр­бие жұ­мысы жөнiн­де­гi аға нұс­қа­у­шы және нұс­қа­у­шы (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), от­ряд ба­стығы, жал­пы бiлiм бе­ру жұ­мысы жөнiн­де­гi аға ин­спек­тор және ин­спек­тор, аға нұс­қа­у­шы-әдiс­кер, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­мен жұ­мыс жүр­гi­зу жөнiн­де­гi аға нұс­қа­у­шы және нұс­қа­у­шы (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), өн­дiрiстiк-тех­ни­ка­лық оқу жөнiн­де­гi аға ин­же­нер және ин­же­нер (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), өн­дiрiстiк оқу жөнiн­де­гi аға ше­бер және ше­бер, кү­зет және тәр­тiп жөнiн­де­гi аға ин­спек­тор және ин­спек­тор, оқу-тех­ни­ка­лық ка­би­нет мең­ге­ру­шiсi, пси­хо­лог, аудар­ма­шы ла­у­а­зы­мын­да­ғы жұ­мысы (қыз­метi)

Қолданыстағы