Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев отбора субъектов торговой деятельности в случае использования государственного резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок

Қаулы · № 759 · қабылданған 29.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53703/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении критериев отбора субъектов торговой деятельности в случае использования государственного резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок Күшін жойған Қаулы ·№ 759 ·29.07.2010
02.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев отбора субъектов торговой деятельности в случае использования государственного резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок

Күшін жойған Қаулы ·№ 759 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев отбора субъектов торговой деятельности в случае использования государственного резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок
Атауы (қаз.)
Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
759
Қабылданған күні
29.07.2010
Көрсетілген редакция
02.04.2015 AI53703_4.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000759_
ЭКБ идентификаторы
53703
Редакция идентификаторы
AI53703_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:39

0 Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлерін бекіту туралы

«Мемлекеттік материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлері бекітілсін.

2 Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлері

2. Осы қаулы алғашқы жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 шілдедегі
№ 759 қаулысымен
бекітілген
Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлері
Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу мынадай критерийлердің негізінде жүзеге асырылады:

1 1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыратын немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәландыратын құжаттармен немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікпен* немесе анықтамамен расталған құқық қабілеттілігі және іс-әрекетке қабілеттілігі.

Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

2

2) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің, сондай-ақ сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банктің алдында, банк (банк филиалы) анықтамасының және салық органының тиісті анықтамасының болуымен расталған берешегінің жоқтығынан көрінетін төлем қабілеттілігі;

3 3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық белгілейтін құжаттармен немесе бөлшек сауда желісі объектілерін жалдау шартымен расталған бөлшек сауда желілерінде сатып алынатын тауарды сату мүмкіндігі;

4

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық белгілейтін құжаттармен немесе жалдау шартымен, санитарлық-эпидемиологиялық және өртті бақылау сатысындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың құжаттарымен расталған сатып алынатын тауарлардың тиісінше сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті қойма үй-жайларының болуы.

Қолданыстағы