О Правилах общего водопользования на водных объектах Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах общего водопользования на водных объектах Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидасы туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 14.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2012 53706_134370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10C0003340
- ЭКБ идентификаторы
- 53706
- Редакция идентификаторы
- 53706_134370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:48
0 Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидасы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидасы бекітілсін.
2
2. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 қыркүйектегі № 293 «Ақтөбе облысының су нысандарында ортақ суды пайдаланудың Ережелері туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 3188 болып тiркелген, 2006 жылғы 10 қазандағы № 123 «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2010 жылғы 14 шілдедегі № 312
облыстық мәслихаттың шешімімен
бекітілген
Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидасы
1
1. Осы ортақ су пайдалану Қағидасы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына, 92 бабына, 95 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 595 «Қазақстан Республикасында ортақ су пайдаланудың үлгі Ережесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5977 болып тіркелген бұйрығына сәйкес әзірленді.
2 2. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Ақтөбе облысының су объектілерінде жол берілмейді:
ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған орындарда шомылуға;
орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органында мiндеттi түрде тiркелуі және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тұтас алғанда осы су объектілеріне оң қорытындысы болмаған жағдайда тiкелей жер үстi және жер асты су объектілерінен су алуға;
санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектілерінің ортақ су пайдалану тәртібімен ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда су объектілерін мал суару үшiн пайдалануға. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар суат алаңдарын жайластыру бойынша шаралар жүргізеді;
зардап шеккендерді құтқаруға қолданылатын су құралдарынан басқа, сонымен қатар ұйымдастырылған жағажайларда қолданылатын өзге де құралдармен, шағын кемелермен және басқа да жүзу құралдарында халық көп жиналатын орындардағы су айдындарында серуендеуге.