Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

«Об организации противопожарной службы на объектах хозяйствования в целях предупреждения пожаров»

Өзге акт · № 1-207ө · қабылданған 14.01.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5372/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
«Об организации противопожарной службы на объектах хозяйствования в целях предупреждения пожаров» Күшін жойған 14.01.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

«Об организации противопожарной службы на объектах хозяйствования в целях предупреждения пожаров»

Күшін жойған Өзге акт № 1-207ө 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«Об организации противопожарной службы на объектах хозяйствования в целях предупреждения пожаров»
Атауы (қаз.)
Өрттен сақтандыру мақсатында шаруашылық нысандарында өрт сөндіру қызметтерін ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-207ө
Қабылданған күні
14.01.2000
Көрсетілген редакция
14.01.2000 5372_215426.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000300_
ЭКБ идентификаторы
5372
Редакция идентификаторы
5372_215426
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Өрттен сақтандыру мақсатында шаруашылық нысандарында өрт сөндіру қызметтерін ұйымдастыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.06.2007 № 32 өкімімен.
Ақмола облысы шаруашылық нысандарында өрт сөндіру қызметтерін ұйымдастыруды жақсарту мақсаттарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.05.99 ж. №616 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы», 27.04.99 ж. №482 «ҚР-ның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне бағынышты ұйымдар туралы» Қаулыларына сәйкес:

1. Облыстық өрт сөндіру қызметі білім, денсаулық сақтау, мәдениет, басқару органдары және басқа саладағы мекемелердің нысандарындағы өрттерді келісім-шартсыз негізде, мемлекеттік бюджет есебінен, №1 қосымшадағы тізімге сәйкес сөндіруді жүзеге асырсын.

2. Барлық ұйымдардың басшыларына, қандай меншік түріне жататынына қарамастан, өз жұмыстарын шаруашылық жүргізу принципімен жүзеге асыру міндеттелсін:

- мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарымен келісе отырып, әрқайсысы өз алдына ведомстволық нормативтерге сәйкес өрт сөндіру қызметтерін құрсын немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы «Өрт сөндіруші» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалымен келісім-шарт жасасын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Сейітжанов пен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы И.Қанапияновқа жүктелсін.

4 Мемлекеттік бюджет есебінен шарт жасаспау негізінде өрт сөндіруді жүзеге асырылатын нысандардың ТІЗБЕСІ

Ақмола облысы әкімінің
14.01.2000 ж. № 1-207р
өкіміне №1 қосымша
Мемлекеттік бюджет есебінен шарт жасаспау негізінде өрт сөндіруді жүзеге асырылатын нысандардың ТІЗБЕСІ

1. Заң шығару және атқарушы органдар, қорғаныс министрлігі және ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының нысандары және бюджеттен қаржыландырылатын басқа да нысандар.

2. Өз жұмысын коммерциялық емес негізде жүргізетін білім беру, кадрлар дайындау нысандары:

2.1. Мектепке дейінгі балалар мекемелері.

2.2. Жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер, мектеп-интернаттар, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттары.

2.3. Кәсіби-техникалық училищелер, кадрлар дайындау және қайта дайындау жөніндегі оқу орындары.

2.4. Орта-арнайы оқу орындары.

2.5. Жоғары оқу орындары.

2.6. Мамандарды дайындау және білімін жетілдіру оқу орындары.

3. Бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау және демалыс нысандары.

3.1. Жатып емделетін емдеу мекемелері, амбулаториялық-емханалық дәріханалар.

3.2. Санаторилер, профилакторилер.

3.3. Демалыс және туризм мекемелері.

4. Мәдени ағарту бағытындағы қоғамдық нысандар.

4.1. Кітапханалар.

4.2. Мұражайлар мен көрмелер.

4.3. Театрлар, концерт залдары, кинотеатрлар, клубтар, мәдениет үйлері және басқа да 800 орынға лайықталған залдар.