Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным гражданам на содержание жилья и оплату коммунальных услуг по Иртышскому району

Ереже · № 173-27-4 · қабылданған 16.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53737/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным гражданам на содержание жилья и оплату коммунальных услуг по Иртышскому району Күшін жойған Ереже ·№ 173-27-4 ·16.06.2010
30.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным гражданам на содержание жилья и оплату коммунальных услуг по Иртышскому району

Күшін жойған Ереже ·№ 173-27-4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным гражданам на содержание жилья и оплату коммунальных услуг по Иртышскому району
Атауы (қаз.)
Ертіс ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
173-27-4
Қабылданған күні
16.06.2010
Көрсетілген редакция
30.10.2013 53737_213172.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PG000105
ЭКБ идентификаторы
53737
Редакция идентификаторы
53737_213172
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:58

0 Ертіс ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15)тармақшасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 35/1 қаулысы негізінде, аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ертіс ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелер бекітілсін.

2 2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін, 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

3 Ертіс ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну Ережелері

Аудандық мәслихаттың
(IV сайланған, XXVII сессиясы)
2010 жылғы 16 маусымдағы
№ 173-27-4 шешіміне
қосымша
Ертіс ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға
тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметін төлеуге
тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну Ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін беру Ережелеріне сәйкес осы тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері (бұдан әрі – Ережелер) әзірленді.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тұрғындарды әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып саналады.

Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауданымызда тұрақты тұрып жатқан, азаматтылыққа тәуелді емес меншікті немесе жалдаушы (тұрғын үй жалға алушылармен) болып саналатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады, егер де тұрғын үйді ұстауға және де тұрғын үй коммуналдық қызметін тұтынудағы шыққан шығынның төлемі өтемақы мөлшерін қамтамасыз етіп отырған тұрғын үй шеңберінің нормадан аспай және осы мақсатқа шығындалған отбасындағы бюджеттің тұрғын үй коммуналдық қызметінің нормативтік тұтынушылар үлесінің шамадан тыс болғанда. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметінің шығындалып отырған төлем үлесінің шамасы, отбасының жинаған табысының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Нормадан тыс белгіленген тұрғын үй ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтік тұтыну төлемі жалпыға бірдей жағдайда жүргізіледі.

3

3. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде отбасы құрамындағы ерлі-зайыптылар, олардың балалары, ерлі-зайыптылардың ата-аналары, тұрғын үй иесімен (жалдаушымен) бірге тұратын өз отбасылары бар балалары, тұрғын үй ұстау төлеміне және тұрғын үй коммуналдық қызметін тұтыну шығындарын төлейтін еңбекке қабілетсіз асыраудағылар есепке алынады.
Ата-анасынан бөлек тұратын 18 жасқа дейінгі балалар, ата-анасының отбасында есептеледі. Егер ата-аналар ата-аналық құқықтарынан айырылған болса, балалар қамқоршылардың (қорғаншылардың) отбасыларында есептеледі.

4 4. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға, оқуға немесе қайта оқуға өз бетінше қатысуды тоқтатқан жұмыссыздар, тұрғын үй көмегін алуға құқықтарынан айырылады.

5 5. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ отбасылар:

1

1) егер I және II топтағы мүгедектердің, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалардың, 80 жастан асқан тұлғалардың күтімін іске асыратын тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын және де төрт, одан да көп балалардың бағып – күтетін тұлғаларды қоспағанда жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке қабілетті азаматтар;

2 2) егер бір тұрғын үй бірлігінен (пәтер, үй) артық жеке меншікке құқығы бар болса немесе тұрғын үйді жалдауға (жалға) берсе.

6 6. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңнамасымен белгіленген әр отбасы мүшесіне тұрғын үй ұсыну нормасына эквивалентті (осы Ережелерге 1 қосымша).

Өтемақымымен қамтамасыз етілген тұрғын үйдің бір аумағының нормасы отбасындағы әр жан мүшесіне 18 шаршы метр және жалғыз басты тұрып жатқандар үшін 30 шаршы метр пайдалы аумақ пәтері (үй) алынған. Отбасының барлық мүшелерінің нақты нормативтік аумағы одан асатын болса, онда есепке нақты аумағы алынады.
Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйдің пайдалы аумағына тұрғын үй көмегі берілмейді.

7 7. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (бұдан әрі – Уәкілетті орган) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігі балып табылады.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

8 8. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы үшін тұлға (бұдан әрі - өтініш иесі) өз атынан немесе отбасы атынан Уәкілетті органға өтініш береді және белгіленген үлгідегі өтініш бланктерін алады (осы Ережелерге 2 қосымша).

9 9. 1) өтініш иесі жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) тұрғын үйге құқықты белгілейтін құжаттың көшірмесі (жекешелендіру келісім-шарты, сатып алу - сату келісім-шарты, мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдармен жалға алынған жекеше тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау келісім-шарты және т.б.);

3 3) тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамасы;

4 4) отбасы мүшелердің табысы туралы құжаттар;

5 5) I және II топтағы мүгедектердің, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалардың, 80 жастан асқан тұлғалардың күтімін іске асыратын тұлғаларды, 3 жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын және де 4, одан да көп балаларды күтетін тұлғалардың отбасында бар екенін растайтын құжаттар;

6 6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

7 7) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

8 8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек - шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

9 9) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

10

10) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.

10 10. Алып тасталды.

3 3. Отбасының табыс жиынтығын есептеу

11

11. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) табыс жиынтығын есептеген кезде төтенше жағдайлар салдарынан денсаулыққа және мүлікке келтірілген зиянның орнын толтыруға бір жолғы мемлекеттік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтік көмектен басқа, ақшалай және шынайы түрдегі барлық табыс түрлері есептеледі.
Отбасы мүшесімен алынатын алименттер отбасы табыс жиынтығында есептеледі, ал отбасы мүшесімен төленетін алименттер оның табысынан алынып тасталады.

12 12. Ұсынылған құжаттар қарауының нәтижелері бойынша отбасы тұрғын үй көмегін есептеу үшін ақпарат жасалады, бұнда жәрдемақының есептелген есебі енгізіледі. Көрсетілген ақпарат тұрғын үй жәрдемақыларын ұсынудың негізі болып саналады.

Ақпараттың нақтылығына күдік пайда болған кезде уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпаратты сұрауға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар беруге міндетті.

4 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау

13 13. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын тағайындалады.

Тұрғын үй көмегінің есеп сомасы өткен тоқсанның кірісі мен тарифі бойынша жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегінің көлемі отбасына берілген жәрдемақыларының мөлшері нақты шығын деңгейімен және жалдаушының (меншік иесінің) осы нормаларға тұрғын үй коммуналдық қызметінің тұтынылуы мен тұрғын үйді ұстауының нақты төлемінің айырмашылығымен есептелінеді.

13-1

13-1. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ екешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

14 14. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (осы ережелерге 3 қосымша).

15 15. Даулы, таласты немесе қалыпсыз жағдай туындаған кезде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселенің шешілуі ауданның аз қамтамасыз етілген азаматтарға материалдық көмек көрсету жөнінде комиссия қарауына шығарылуы мүмкін.

16 16. Тұрғын үй көмегін аса көтерілген немесе заңсыз тағайындалғанына және төленгеніне себеп болған, біле тұра нақты емес мәліметтерді ұсынғанына уәкілетті орган отбасының өтініш иесімен алынған артық сомаларды өтеу туралы шешім шығаруға құқылы.

Өтініш иесімен (отбасымен) алынған артық сомаларды өтеуден бас тартқан кезде төлету Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

5 5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

17 17. Тұрғын үй көмегінің төлемін қаржыландыру тиісті қаржылық жылына сәйкес жергілікті атқарушы орган бюджетінде қарастырылған қаражат шеңберінде іске асырылады.

18 18. Тұрғын үй көмегінің төлемі өтініш иелерінің жеке шоттарына есептелген соманы аудару жолымен екінші деңгейдегі банк бөлімшелері арқылы жүргізіледі.

39 Тұрғын үй коммуналдық қызметі ұстауының төлем нормалары

Ертіс ауданы бойынша аз
қамтамасыз етілген азаматтарға
коммуналдық қызметінің төлемі
мен тұрғын үйді ұстауға тұрғын үй
жәрдемақыларын беру ережелеріне
1 қосымша
Тұрғын үй коммуналдық қызметі ұстауының төлем нормалары
р/с N
Қызмет көрсетудің атауы
Өлшем бірлігі
Жеңілдікті босату нормалары
Ескерту
1
2
3
4
5
1
Суық су
(айына бір отбасы мүшесіне) теңге
87
2
Отбасы мүшесінің біреуіне пайдалы аумағы
шаршы метр
18
3
Жалғыздыларға пайдалы аумағы
шаршы метр
30
4
Көгілдір отты босату
(отбасына) килограмм
10
төлем құжаттарды ұсынусыз
5
Электр жүйесін тұтыну
(айына бір отбасы мүшесіне) киловатт
90

40 Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

Ертіс ауданы бойынша аз қамтамасыз
етілген азаматтарға коммуналдық
қызметінің төлемі мен тұрғын үйді
ұстауға тұрғын үй жәрдемақыларын
беру Ережелеріне
2 қосымша
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш
Мен,____________________________________________________________
(жалдаушының (тұрғын үй меншік иесінің) Т.А.Ж., туған жылы)
____________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжат N, кіммен берілді, СТН, ЖБИН)
Менің ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
мекенжай бойынша ______ адамнан тұратын отбасыма тұрғын үйді ұстаудың төлем бойынша шығындарды өтеу (мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау, жалға) және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтынғаны үшін тұрғын үй көмегін беруіңізді сұраймын.
Тұрғын үйдің аса көтерілген немесе заңсыз тағайындалғанына әкелетін біле тұра нақты емес мәліметтің ұсынылғаны, ол бір жыл ішінде көмек алу құқығынан айырылуға әкеліп соғады, ал заңсыз алынған сома заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуы тиіс жөнінде мен ескертілдім.
Келесідей қажетті құжаттар тізімін ұсынамын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұсынған құжаттардың дәлдігінің жауапкершілігі туралы Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексінің 177 бабы 1 тармағы және 325 бабы 3 тармағымен таныстырылдым.
Тұрғын үй жәрдемақыны тағайындау туралы мәлімдемені жеке қабылдау кезінде беруді, шабарманмен жеткізуді, мекенжай бойынша
_____________________________________________________________________
(керектің астын сызу)
арқылы жіберуді сұраймын.
(лауазым, Т.А.Ж., қолы)
Күні ___________                           қолдары _________________
_________________
_________________
(барлық қабілетті отбасы
мүшелері қол қояды)
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
______  дана қосымша құжаттармен азамат ___________________ өтініші
20____ж. "_____" _____________ қабылданды.
___________                __________________________________________
Қолы                 (құжаттарды қабылдаған тұлғаның лауазымы,                                               Т.А.Ж.)

41 Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде 20___ жылғы ______________ N ______ шешімі

Ертіс ауданы бойынша аз қамтамасыз
етілген азаматтарға коммуналдық
қызметінің төлемі мен тұрғын үйді
ұстауға тұрғын үй жәрдемақыларын
беру Ережелеріне
3 қосымша
Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде
20___ жылғы ______________
N ______ шешімі
Т.А.Ж. _____________________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________________
Мәртебесі __________________________________________________________
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес 20___ жылдың __________ тоқсанына есебі бойынша _____________ мөлшерінде тұрғын үй көмегі тағайындалсын.
Тіркеу нөмірі _____________________________________________________
Ашылды        _____________________________________________________
Бөлім бастығы _____________________________________________________
Бас маман     _____________________________________________________
М.О.

Қолданыстағы