Об определении порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 16.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2018 53807_382757.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NT000181
- ЭКБ идентификаторы
- 53807
- Редакция идентификаторы
- 53807_382757
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:58
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі тәртібі анықталсын:
1 1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер, жұмыстардың түрлері мен көлемдерін атап "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мәлімдеме ұсынады;
2 2) "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
комиссия қаралуына құжаттардың дайындалуын жүзеге асырады;
халықтың нысаналы топтарына қатысатын, оның ішінде жастар практикасын өту үшін, жұмыссыздарға ауданның кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда жұмыс берушілерге әдістемелік көмек көрсетеді;
комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатың жұмыс берушілермен шарттарды жасайды, қайсысы әлеуметтік жұмыс орындардың құру және қаржыландыру жағдайлары, оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібі аңықтайды;
іріктеуді өткен кәсіпорындар мен ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жұмыссыздықтарды жібереді.