Құжат мәтініне өту

Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы

Қаулы · № 153 · қабылданған 27.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53889/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 153 ·27.07.2010
07.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 153 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы
Атауы (қаз.)
Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153
Қабылданған күні
27.07.2010
Көрсетілген редакция
07.03.2013 · қолданыстағы 53889_184367.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10TF000104
ЭКБ идентификаторы
53889
Редакция идентификаторы
53889_184367
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:42

0 Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г. Сүйеуова) біржолғы әлеуметтік төлемге қаралған қаржыны толық игеруді қамтамасыз етсін.

2 2. Аудан халқының әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына арналған біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу кезінде мыналар басшылыққа алынсын:

1 1) әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтардың арыздарын қарау үшін аудан әкімдігі жанынан комиссия құрылсын;

2 2) комиссия арыз берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп, зерттеу актісіне жалғап ұсыныс берсін;

3 3) зерттеу нәтижесі бойынша аудандағы әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия қортынды шешім алып, әлеуметтік төлем төлеу мөлшерін анықтап, бірақ бұл 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауын қадағаласын;

4 4) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы әлеуметтік төлемді арыз берушінің жеке есеп шотына аударсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.

4 4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы