Құжат мәтініне өту

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования

Қаулы · № 12/09 · қабылданған 07.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-53909/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования Күшін жойған Қаулы ·№ 12/09 ·07.07.2010
13.05.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 12/09 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
Атауы (қаз.)
Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12/09
Қабылданған күні
07.07.2010
Көрсетілген редакция
13.05.2011 AI53909_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KN000124
ЭКБ идентификаторы
53909
Редакция идентификаторы
AI53909_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:50

0 Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жастар практикасына жұмысқа орналастыру - бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде анықталсын.

2

2. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті орган) еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын еске ала отырып, Жастар практикасына жіберу үшін, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген (бұдан әрі – кәсіби оқу орны) жұмыссыздардың санын анықтасын.

3

3. Жастар практикасы жеке меншік нысанына қарамастан, ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі - жұмыс беруші) ұйымдастырылады және жүргізіледі. Уәкілетті орган жұмыс берушілермен шарт негізінде өзара іс-қимыл жасайды. Шартта жұмыс беруші жұмысқа қабылданатын жұмыссыздарды жұмысқа қабылдау санын, мамандық тізімін (мамандық) қарастырады, қажет болса кәсіби дайындық, кәсіби білімі Жастар практикасына қатысушыларын кәсіби біліммен және дағдымен оларды сәйкес мамандығымен қамтамасыз ету міндеттері бойынша жұмысқа қабылдайды. Жұмыс беруші, жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын беруге тілек білдіруші - Жастар практикасы шеңберінде Кәсіби оқу орындарын бітірушілеріне Уәкілетті органмен тиісті шарт жасасады.

4 4. Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындарындағы түлектердің Жастар практикасына қатысуға құқығы бар.

5 5. Жастар практикасын өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.

Жастар практикасына қатысушылардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы "Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы "Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 925 Жарлығына сәйкес 20 мың теңге мөлшерінде нақты жұмыс істеген уақытына Уәкілетті органымен жүргізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.

7

7. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 маусымдағы "Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" (Қарағанды облысы Нұра ауданының әділет басқармасында 2009 жылдың 8 шілдесінде тіркелінді, тіркеу N 8-14-98) N 10/06 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

8 8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы