О Правилах благоустройства территорий, содержание зеленых насаждений и объектов инфраструктуры в населенных пунктах Есильского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах благоустройства территорий, содержание зеленых насаждений и объектов инфраструктуры в населенных пунктах Есильского района
- Атауы (қаз.)
- Есіл ауданының елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру, жасыл көшеттерді және инфрақұрылым нысаналарын ұстау Ережелері туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30/178
- Қабылданған күні
- 28.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 53910_192051.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SF000151
- ЭКБ идентификаторы
- 53910
- Редакция идентификаторы
- 53910_192051
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:53
0 Есіл ауданының елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру, жасыл көшеттерді және инфрақұрылым нысаналарын ұстау Ережелері туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Есіл ауданының елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру, жасыл көшеттерді және инфрақұрылым нысаналарын ұстау қоса берілген Ережелері бекітілсін.
2 2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
А. Ыбраев
«ТКШ, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі» ММ
бастығы
В. Куликов
Есіл ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының
бастығы
Т. Гошовская
3 Есіл аудандық мәслихатының
2010 жылғы 28 маусымдағы
№ 30/178 шешімімен бекітілді
Есіл ауданының елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру, жасыл көшеттерді және инфрақұрылым нысаналарын ұстау Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне», «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңдарына және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленген.
2 2. Ереже Есіл ауданындағы аумақтарды абаттандыру, инфрақұрылым нысаналарының жасыл көшеттерін сақтау, ұстау және қорғау саласындағы қарым-қатынастарды реттейді.
2 2. Ережедегі негізгі анықтамалар мен түсініктемелер
3 3. Елді мекендерді абаттандыру – елді мекендердің аумақтарында адамның ыңғайлы, жайлы өмір сүруіне бағытталған жұмыстар мен элементтер кешені.
4 4. Аумақтарды тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, қызыл суды жинау, тазалау, шығару және қайтадан пайдалану (зиянсыздандыру).
5 5. Өндірістік және пайдаланылатын қалдықтар – (одан әрі қалдықтар) - өндіріс және пайдалану барысында қалыптасқан шикізаттардың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, басқа да өнімдердің немесе азық-түліктердің қалдықтары, сонымен қатар өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
6 6. Ірі габаритті қоқыстар – пайдаланылатын және шаруашылық қызметінде өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан қалдықтар (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.)
7 7. Рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі – заңды және жеке тұлғалардың қызметі барысында қалыптасатын өндіріс және құрылыс қалдықтары басқа да қоқыстар, қар, мұзды өз еркінше (рұқсат етілмеген) қоқыс шығару (орналастыру) немесе жинау.
8
8. Пайдаланылатын қалдықтарды жинау және шығару арнайы автокөлікке контейнерлерден пайдаланылатын қалдықтарды артуға, қоқыстар шашылған контейнерлер тұратын алаңдар мен оларға кіреберістерді тазартуға, және оларды қоқыс жинау орнынан қайта пайдалану объектісіне тасымалдауға байланысты іс шаралар кешені.
9 9. Аула ішілік аумақ - бұл балалар алаңын, демалыс аймағын, шағын сәулет нұсқасын қосқандағы аумақтар құрылысының басты жоспарымен бөлінген аумақ.
10 10. Аумақтың орналасуы:
1 1) кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жеке меншікке қарамастан, жаяу жүргін жол, тротуарлар, жасыл көшет шекарасы жер учаскісінен 15 метр болуы тиіс. Одан басқа әрбір ұйымға жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бекітілген шекараларда қоқыс жинау үшін аумақтар бекітілген;
2 2) саудаға арналған павильондарға - қабырғадан 6 метр ара қашықтықта болуы тиіс;
3 3) көп қабатты тұрғын үйлерге, дүкендерге, тұрғын үйлерде салынған ғимараттар- далаға шығатын қасбет ғимараттан, тротуарлар мен жаяу жүргін жол бөлігінен 15 метрден аспауы тиіс;
4 4) жеке тұрғын үйлер үшін - жер учаскісі, үй иелігінің шекарасынан, тротуардың болмауынан пайда болған нөсерден кейінгі ордан жер учаскісі шекарасы 15 метр болуы тиіс.
11 11. Уәкілетті орган – уәкілеттіктері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,оның коммуникациясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының саласындағы уәкілеттіктері аудан әкімдігімен белгіленген мемлекеттік мекеме.
3 3. Шағын сәулет пішінін ұстау
12 12. Тұрғын аумағын салу, қоғамдық орындар, көшелер, саябақтар, шағын сәулет пішінімен жабдықталған демалыс орны, күрке, көлеңке төбелермен, урналар, фонтандар, балалар ойынына арналған жабдықтар, елді мекендердің демалыс орны, стендтар, қоршаулар, телефон будкалары, автокөлікті тосу павильоны.
4 4. Аумақтарды ұстауға қойылатын талаптар
13 13. Барлық меншік түрінің, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, және сауда үйлері мен павильондардың иелері мен жалгерлеріне төмендегіні қамтамасыз ету керек:
1 1) өзінің аумағын санитарлық тазарту, сонымен қатар, өзінің күшімен тұрмыстық қоқысты шығару немесе басқа кәсіпорындармен келісім-шарт жасау;
2 2) өзінің аумағындағы жердің үстіндегі және астындағы суды тартуға арналған санитарлық тазалау, төселген жолды, құбырды, сорғыны және су көздерін тазарту;
3 3) ғимараттарды бояу және жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу, қоршаулар, кіру есіктерін, қылтима экрандары мен су ағынының құбырлары, шағын сәулет пішіні, әйнектерді жуу, өндірістік және әкімшілік ғимараттарының сөрелері мен әйнектері, көгалдар мен көк шөптерді күту, уақытылы арам шөптерді жұлу;
4 4) төсеме бойынша топырақ қазып алу, жер асты ғимараттарын жөндеу және қайта құру, құрылыс кезінде нөлдік топтама жасау, белгіленген тәртіппен құжаттарды ресімдеу;
5 5) санитарлы-эпидемиологиялық іс шараларды қадағалау.
14 14. Тұрғын аумақтарында, сонымен қатар жер учаскісі белгіленген жеке үй аймақтарында келесі тәртіптерді ұстану қажет:
1 1) жаяу жүргін жолдарды, квартал ішілік кіреберістер мен жолдарды таза ұстау;
2 2) шаруашылық және қосалқы құрылыс салынуына (гараждар және жобаның өзге де түрлері) жол бермеу;
3 3) аумақты құрылыстық материалдарымен, ауылшаруашылық жануарларға арналған қатты жемшөппен (шөп, сабан), қатты отынмен (көмір) қоршауға жол бермеу;
4 4) шағын сәулет пішінін, шаруашылық, ойын, спорттық, балалардың алаңын жабдықтау, қоршау және шағын қоршау, олардың сыртқы түрін сақтау.
15 15. Ауладағы көгалдар мен квартал ішілік аумақтарға, балалар алаңдарына, жаяу жүргін жолдарға қызметтік және жеке автокөліктік бекетке жол берілмейді.
16 16. Стационарлық дәретханалары жоқ қоғамдық тамақтану кәспорындарында, ашық алаңдарда, шашлық киоскілерінде, сату павильондарында келушілер мен қызметкерлерге арналған ауыстырмалы және қоғамдық дәретханалар орнату міндетті шарт болып табылады.
17 17. Базарлардың жұмыс уақыты жергілікті атқарушы органдардың шешімімен белгіленеді. Аптаның бір күні базардың, негізгі және қосалқы үй-жайлардың, сауда орындарының, үстелдердің барлық аумағын қоқыстан жинау және зарарсыздандыру үшін санитариялық күн деп жарияланады.
5 5. Сыртқы абаттандыру элементтерін ұстау
18 18. Белгіленген тәртіпке сәйкес орамдар, көгалдық қоршаулар орнату, сауда палаткалары, павильон құрылыстары жобаның келісімімен жүргізіледі.
19 19. Құрылыс алаңы және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген алаң жұмыс мерзімі аяқталғанға дейін қоршаулар орнатылады. Кіреберістер, көлік шығарда көшелерді ластамау үшін қолайлы орналасуы керек.
20 20. Дүкендердің, сауда ғимараттарының иелері урналар орнатылады. Урналардың жағдайы дұрыс және ұқыпты болуын қамтамасыз ету, жұмасына бір рет боялып, зарарсыздандырылуы керек.
21 21. Ұйым басшылары канализацияның, су құбырының және басқа да ұңғымалардың қақпақтары үнемі жабылуын қадағалап, инженерлік желілердің қаралуын қадағалау.
22 22. Қатты отынмен (көмірмен) жұмыс істейтін қазандық иелеріне жер учаскесінен шлактың шығарылуын және үнемі тазартылуын қамтамасыз ету қажет, өртке қарсы сақтық жағдайларының бұзылмауын қамтамасыз ету.
6 6. Жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау
Жасыл көшеттер бүкіл халықтың игілігі, маңызды шипалы фактор және байлығы болып табылады.