Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил контроля за уплатой налога на добавленную стоимость по выставочно-ярмарочной торговле
- Атауы (қаз.)
- Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 352
- Қабылданған күні
- 16.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2012 AI53911_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006364_
- ЭКБ идентификаторы
- 53911
- Редакция идентификаторы
- AI53911_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:46
0 Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-18-бабы4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН.
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелері
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 352 бұйрығымен бекітілген
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелері
1
1. Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелері (бұдан әрі - Ереже) кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша тауарлар бойынша қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеуге бақылау жүргізуді көздейді.
2 2. Ережелердің әрекеті осы көрмелерде қойылатын тауарларды (заттарды) өткізуді көздемейтін көрмелерді ұйымдастыру мен өткізуге қолданылмайды.
3
3. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы (бұдан әрі ұйымдастырушы) болып уәкілетті орган немесе республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылатын сауда қызметінің субъектісі болып табылады.
Егер көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушылар бірнеше адам болып табылған жағдайда, онда осы адамдар оның біреуін салық салу мақсатында көрме-жәрмеңкелік сауданы жүзеге асыруға жауапты ұйымдастырушы етіп тағайындау туралы шешім қабылдайды.
4 4. Ұйымдастырушы көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы оны өткізуді бастағанға дейін он жұмыс күнінен бұрын кеден одағына мүше мемлекеттен қатысушылар тізімімен, осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысанда орналасқан орны бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.
Бұл ретте көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтердің болуы тиіс:
көрмені (жәрмеңкені) ұйымдастырушының атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, егер бар болған жағдайда жеке идентификациялық нөмірі (бизнес-идентификациялық нөмірі) (бұдан әрі - СТН/БСН(ЖСН));
көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу орны туралы;
көрме-жәрмеңкелік сауданың басталу және аяқталу күндерін көрсетумен, өткізу мерзімі туралы;
аумағынан тауарларды көрме-жәрмеңкелік сауда үшін әкелу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекет туралы;
кеден одағына мүше мемлекеттерден көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушылардың тізімі және әкелінген тауарлардың атауымен тізім.
Бұл ретте кеден одағына мүше мемлекеттерден қатысушылардың тізімінде мынадай мәліметтердің болуы тиіс:
1 1) кеден одағына мүше мемлекеттерден қатысушылардың атауы;
2 2) ССН/ЕСК - көрмеге (жәрмеңкеге) Ресей Федерациясынан қатысушы - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі/есепке қою себебінің коды;
3 3) СЕН - көрмеге (жәрмеңкеге) Беларусь Республикасынан қатысушы - салық төлеушінің есептік нөмірі;
4 4) кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушының әкелетін тауардың атауы, саны және құны;
5 5) кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеуші (төлеуші) әкелетін тауарлар бойынша бюджетке төлеуі тиіс бойынша қосылған құн салығының сомасы.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға мыналар қоса беріледі:
1 1) басшы мен бас бухгалтердің (болған жағдайда) қолдарымен, сонымен қатар ұйымдастырушының мөрімен куәландырылған (болған жағдайда) мынадай құжаттардың көшірмелері:
көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының (ұйымдастырушылардың) оны мақсаты мен нысанасын көрсетумен, осындай көрме және/немесе жәрмеңкені өткізу туралы шешімі;
көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушылардың ұйымдастырушыны тағайындау туралы шешімі;
2
2) жалға алу (сатып алу-сату) келісім-шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу куәлігі ия болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу мақсатында жылжымайтын мүлікке пайдалану құқығын және (немесе) иелік ету және (немесе) билік етуін растайтын өзге де құжаттар;
3 3) тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органымен көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу уақыты мен орнын келісуін растайтын құжат.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу туралы хабарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұйымдастырушы бұрын берілген хабарламаны қайтарып алу жолымен бір уақытта жаңа хабарламаны берумен жүргізіледі.
5 5. Салық органдары көрме-жәрмеңкелік саудада өткізуге арналған тауарларды тексеру жүргізуге, көрме-жәрмеңкелік саудада өткізу орнын қарайды.
6
6. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан бұрын-алдын Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығын төленген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі көрме-жәрмеңкелік саудада сатып алған жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шарт (келісім-шарт) болған кезде, қосылған құн салығын тауарлардың меншік иесі төлейді.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген тауардың кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шартының (келісім-шартының) бір данасы Ұйымдастырушыға беріледі.
7 7. Қазақстан Республикасы салық төлеушісі тауарлардың сатып алу-сатуға шартының (келісім-шартының) болмаған кезінде мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы жүзеге асырады.
8 8. Көрме-жәрмеңкелік сауда аяқталған соң ұйымдастырушы осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысанда орналасқан орны бойынша салық органына көрме-жәрмеңкелік сауданы аяқтау айынан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы есепті (бұдан әрі - есеп) табыс етеді.
9 9. Салық органына ұйымдастырушы табыс ететін есепте мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1 1) көрмені (жәрмеңкені) ұйымдастырушының атауы, оның СТН-і (БСН/ЖСН);
2 2) көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізу орны туралы;
3 3) көрме-жәрмеңкелік сауданың басталу және аяқталу күндерін көрсетумен, өткізу мерзімі туралы;
3-1 3-1) аумағынан тауарларды көрме-жәрмеңкелік сауда үшін әкелу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекет туралы;
3-2 3-2) сатылған тауарлардың жалпы құны мен төлеуге тиіс ҚҚС сомасы;
4 4) келесі мәліметтермен көрме-жәрмеңкелік сауданың нәтижесі:
- кеден одағына мүше мемлекеттерден көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушылардың атауы;
- ССН/ЕСК - көрмеге (жәрмеңкеге) Ресей Федерациясынан қатысушы - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі/есепке қою себебінің коды;
- СЕН - көрмеге (жәрмеңкеге) Беларусь Республикасынан қатысушы - салық төлеушінің есептік нөмірі;
- кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушының әкелетін тауардың атауы, саны және құны;
- тауардың атауы, саны және құны, қосылған құн салығының сомасы және кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шартқа (келісім-шартқа) сәйкес өткізілген тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің деректемелері;
- көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейін кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушісі (төлеуші) әкеткен тауардың атауы, саны және құны;
- тауардың атауы, саны және құны, кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шарт (келісім-шарт) болмаған жағдайда, көрме-жәрмеңкелік саудада өткізілген тауарлар бойынша ұйымдастырушы төлеуі тиіс қосылған құн салығының сомасы;
- көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушісі (төлеуші) әкелетін тауарлар бойынша бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы.
10 10. Есепке мыналар қоса беріледі:
1 1) көрме-жәрмеңкелік сауданың тауарлары соның негізінде өткізілген кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушімен (төлеушімен) сатып алу-сатуға шарт (келісім-шарт);
2 2) қосылған құн салығын төлегені туралы төлем құжаты;
3 3) көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейін кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушісі (төлеуші) тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенін растайтын құжат;
4 4) көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейін кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелік саудаға қатысушы - салық төлеушісі (төлеуші) тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткенін растайтын құжат.
11 КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДА ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
11. Көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша салық төлеуші тапсырған есептің негізінде, салық органы көрме-жәрмеңкелік сауданы аяқтау айынан кейінгі айдың 20 күніне төлеу мерзімі бойынша бюджеттік сыныптаманың коды бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шотына қосылған құн салығын есептеуді жүргізеді.
Салық төлеуші көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есепті тапсырмаған кезде, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламаның негізінде салық органы көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарламада көрсетілген көрме-жәрмеңкелік сауданы аяқтау айынан кейінгі айдың 20 күніне төлеу мерзімі бойынша бюджеттік сыныптаманың коды бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шотына қосылған құн салығын есептеуді жүргізеді.
Нысан 01
Көрме-жәрмеңкелік сауда
қосылған құн салығын
төлеуге бақылау жүргізу
Ережесіне 1-қосымша
КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДА ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Нысан 01
Көрме-жәрмеңкелік сауда
өткізу туралы хабарламаға
қосымша
КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДАҒА КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
Нысан 01
Көрме-жәрмеңкелік сауда
қосылған құн салығын
төлеуге бақылау жүргізу
Ережесіне 2-қосымша
КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДА ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА БОЙЫНША ЕСЕП
Нысан 01
Көрме-жәрмеңкелік сауда
өткізу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша
КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Нысан 01
Көрме-жәрмеңкелік сауда
өткізу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша
КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Нысан 01
Көрме-жәрмеңкелік сауда
өткізу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша
КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛІК САУДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ