О ставках земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығы ставкалары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24-6
- Қабылданған күні
- 24.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2018 53933_334616.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SD000105
- ЭКБ идентификаторы
- 53933
- Редакция идентификаторы
- 53933_334616
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:55
0 Жер салығы ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Кодексінің 386 бабы 5 - тармағына, 387 бабы 1 - тармағына және 444 бабы 1 - тармағына сәйкес (Салық кодексі) Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1 1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
3 3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444 - баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
2 2. 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 5-2 «Жер салығының ставкаларын көтеру туралы» (2004 жылдың 20 наурыздағы № 12 «Дала Дидары» газетінде жарияланған, 2004 жылдың 5 наурызында № 1183 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізімінде мемлекеттік тіркеуден өткен) шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім бұқара ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ: