О Правилах содержания собак и кошек в населенных пунктах Акжарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах содержания собак и кошек в населенных пунктах Акжарского района
- Атауы (қаз.)
- Ақжар ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережесі туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24-4
- Қабылданған күні
- 24.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2012 AI53936_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SD000108
- ЭКБ идентификаторы
- 53936
- Редакция идентификаторы
- AI53936_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:55
0 Ақжар ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 3-бабына және Қазақстан Республиканың 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» заңының 10-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Ақжар ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қосылып берілген ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім бұқара ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақжар ауданының
ішкі істер бөлімінің бастығы
К.Бейсенбаев
Солтүстік Қазақстан облысының
Ақжар ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы
С.Кажкенова
«Ақжар ауданының тұрмыстық-коммуналдық
шаруашылығы жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
бөлімінің бастығы
Х.Омаров
Ақжар ауданының
ауылшаруашылық бөлімінің
бастығы
А.Киманов
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық
министрлігінің агроөнеркәсіптік кешенінің
Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжар
аудандық аумақтық инспекцияның бастығы
М.Сматаев
Ақжар ауданының
ветеринария бөлімінің бастығы
К.Маликов
3 Аудандық мәслихатының
2010 ж. 24 маусым
№ 24-4 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Ақжар ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРІ
I I. Жалпы ережелер
1
1. Ақжар ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау осы Ережесі (әрі карай-Ереже), Ақжар ауданының елді мекендерінде үй жануарларын, негізінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстауын регламенттеу мақсатында сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелерді бұзған үшін жауапкершілігін арттыру ретінде дайындалып, жасалды.
2 2. Ережелер, меншіктік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға, қатысты.
3 3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес дайындалып, жасалды.
II II. Иттер мен мысықтар иелерінің жауапкершіліктері
4 4. Иттер мен мысықтар иелері төмендегі аталған шарттарды орындауға тиісті:
1 1) жануарларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, мейірімділікпен қарауға, қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмауға, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмек көрсетуге тиісті;
2 2) жануарларды осы Ережелерге сәйкес ұстауын қамтамасыз етуге тиісті;
3 3) айналасындағылардың қауыпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, тиыштық, санитарлық ережелерді сақтаулары керек;
4 4) иттерді, тек қана осыған әдейі арнауланған жерлерде қыдыртуға болады;
5 5) жалпы пайдаланатын жерлерден ластардың жоюын тиісті;
6
6) жануарлар адамдар мен басқа да жануарларды тістеп алған жағдайда, немесе сілекейленген және тырналанған жағдайларда иелері жергіліктегі жақын маңдағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге дереу хабарлау қажет, жануарларды ветеринарлық мамандардың тексеруімен және карантиндік бақылауымен ветеринарлық емдеу орындарына жеткізуге міндетті;