Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 149
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 149
- Қабылданған күні
- 02.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2013 · қолданыстағы 53941_176305.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10TE000129
- ЭКБ идентификаторы
- 53941
- Редакция идентификаторы
- 53941_176305
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:38
0 Ауданның әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарына біржолғы әлеуметтік төлем төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Жексенғалиева) біржолғы әлеуметтік төлемге қаралған қаржыны толық игеруді қамтамасыз етсін.
2 2. Аудан халқының әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына арналған біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу кезінде мыналар басшылыққа алынсын:
1 1) Әлеуметтік жағынан дәрменсіз азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем төлеу үшін аудан әкімдігі жанынан комиссия құрылсын;
2 2) Селолық, ауылдық округ әкімдері жанындағы учаскелік комиссия арыз берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп, зерттеу актісіне жалғап, аудандық комиссияға ұсыныс берсін;
3 3) зерттеу нәтижесі бойынша аудандағы дәрменсіз азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия қорытынды шешім алып, әлеуметтік төлем мөлшерін анықтап, бірақ бұл 140 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауын қадағаласын;
4 4) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы әлеуметтік төлемді арыз берушінің жеке есеп шотына аударсын;
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2010.10.26 № 197 қаулысымен.