Қолданыстағы ред. 06.08.2010 (Редакция AI53977_0.kaz)

Жосалы кентінің бірқатар көшелерінің атауын өзгерту және бұрын атау берілмеген көшеге ат беру туралы от 06.08.2010 г. № 133 (Жосалы кентінің бірқатар көшелерінің атауын өзгерту және бұрын атау берілмеген көшеге ат беру туралы)

0

Жосалы кентінің бірқатар көшелерінің атауын өзгерту және бұрын атау берілмеген көшеге ат беру туралы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңдарына және Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 13 шілдедегі Ұйғарымы және N 1 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. Жосалы кентіндегі атаулары өзгеріссіз қалған Қазан көшесі - Қонысбек Қазантаев, Привокзальная көшесі - Ерназар Сексенбаев, Жеңістің 35 жылдығы көшесі - Боқанбай Медешов, Жеңістің 45 жылдығы көшесі - Нұржігіт Нақыпов атындағы көше болып және бұрын атауы берілмеген Жосалы кенті Мөлтек - 1 ықшам ауданындағы Жосалы - Жалағаш автожолы бойына қатар орналасқан N I көшесі Смагұл Ысқақов атындағы көше болып өзгертілсін.

2

2. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.