Об утверждении Правил использования резерва местных исполнительных органов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования резерва местных исполнительных органов
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті атқару органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 21.01.2000
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2000 5399_243592.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00Z000201_
- ЭКБ идентификаторы
- 5399
- Редакция идентификаторы
- 5399_243592
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:41
0 Жергілікті атқару органдары резервін
пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.08.2002 № 148 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жергілікті атқару органдары резервінің қаражатын пайдаланудың тіркеліп отырған Ережесі бекітілсін.
2. Облыс әкімінің «Облыстық бюджеттің резерв қоры қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 130 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Аудандардың және Орал қаласының әкімдеріне бір ай мерзімде тиісті жергілікті атқару органдарының резерв қаражатын пайдаланудың тәртібін әзірлеу және бекіту ұсынылсын.
4 Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын пайдалану ЕРЕЖЕСі
Облыс әкімінің
2000 жылғы 21 қаңтардағы
№ 7 шешіміне
қосымша
Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы
органдары резервінің қаражатын пайдалану
ЕРЕЖЕСі
Осы Ереже жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Облыстық бюджеттің резерві - тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте қаралған және облыс әкімінің шешімімен көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін бөлінген қаражат.
Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар, сондай-ақ ағымдағы жылға бекітілген бюджетте қаралған кредиттер жетіспеушілігінен болатын шығыстар.
Облыстық бюджеттің міндеттемелерін өтеу үшін облыстық жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамындағы қаражат - облыстық жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша облыстық жергілікті атқарушы органдарының немесе облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат.
Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резерв -
жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бекітілген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға арналған қайтарымды негізде төмен тұрған бюджеттерге бөлінетін облыстың жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамында көзделген қаражат.
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатын алушы – облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі не облыстың немесе Орал қаласының әкімі.
2. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мына шаралар жатады:
1). Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға мыналар енеді:
- төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге материалдық көмектер көрсету;
- төтенше жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккендер үшін уақытша тұруға, тамақтандыруға орындар дайындау және ұстау;
- шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
- төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамамыз ету;
- қажетті жағдайда қосымша шығыстар тізімін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комитет қарап жасайды және ол облыс әкімінің шешімімен бекітіледі.
2) Сот шешімдері бойынша атқарушы органдардың міндеттемелерін, сондай-ақ Қаржы министрілігі алдындағы облыстық бюджеттің міндеттемелерін өтеу.
3) Төмен тұрған бюджеттерді ағымдағы қаржы жылы ішінде несиелендіру.
2. Облыстық бюджеттің резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
3. Жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу облыс әкімінің шешімі (өкімі) негізінде заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің шығыстары мен несиелендіруі құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшер шегінде жүзеге асырылады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
4. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Тәртіпте және облыс әкімінің резервтен қаражат бөлу туралы шешімінде қаралмаған мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
5. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімінің шешімін дайындаған кезде мынадай шарттар ескеріледі:
1) облыстық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
2) үстіміздегі жылы жергілікті атқарушы органдардың резерв қаржысында пайда болған қажеттілік және сот шешімдері арқылы атқарушы органдардың міндеттемесін өтеу жағдайын қоспағанда алушының өткендегі міндеттемелеріне байланысты емес жағдайлар.
6. Облыс әкімінің арнаулы резервінен төмен тұрған бюджеттерге несие беру туралы шешімін қоспағанда облыс әкімінің облыстың жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы шешімдері (өкімдері) бөлінген несие толық өтелгеннен кейін, жыл аяғында күшін жояды.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат |бөлу туралы өтініштерді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комитет қарайды.
8. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма айқындайды.
9. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған кезде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен облыс әкіміне енгізеді.
10. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандық жергілікті атқарушы органдардың резервтер қаражаттарының есебінен қаржыландырылуы тиіс.
4. Соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
11. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда жергілікті атқару органдарының резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
12. Облыстық бюджеттің міндетемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімі шешімінің жобасын Заңдарда белгіленген тәртіппен облыстық қаржы басқармасы дайындайды.
13. Міндеттемелерді өтеуге жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімі шешімінің жобасын Заңдарда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар дайындайды.
5. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану
14. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін аудандардың және Орал қаласының әкімдері облыс әкіміне және облыстық қаржы басқармасына тиісті негіздемелерімен және есептемелерімен бірге облыстық бюджеттің резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерін тапсырады.
15. Облыстық қаржы басқармасы берілген өтініштің негізінде, соңдай-ақ ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған облыс әкімінің шешімдерін және төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген несиелер туралы деректерді ескере отырып, төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін:
1). ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте аудандардың және Орал қаласының бюджеттерін несиелендіру үшін көзделген сомалардың болуы;
2). жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілген және жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезең үшін жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың бағыты;
16. Аудандардың және Орал қаласы әкімдерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған кезде облыстық қаржы басқармасы төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін облыстық бюджеттің арнайы резервінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасын облыс әкімінің қарауына енгізеді.
17. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін облыстық бюджеттің арнайы резервінен несие берудің және қайтарудың тәртібі мен шарттарын облыс әкімі белгілейді.
6. Бақылау және есептілік
18. Облыстық бюджеттің резервінен бөлінген қаражатты алушылар облыстық қаржы басқармасы белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
19. Облыстық қаржы басқармасы облыс әкіміне ай сайын жергілікті атқару органдары резерві қаражатының пайдаланылуы және
қалдықтары туралы ақпарат береді.