Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения таможенного реестра объектов интеллектуальной собственности

Бұйрық · № 356 · қабылданған 16.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54006/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения таможенного реестра объектов интеллектуальной собственности Күшін жойған Бұйрық ·№ 356 ·16.07.2010
01.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения таможенного реестра объектов интеллектуальной собственности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 356 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения таможенного реестра объектов интеллектуальной собственности
Атауы (қаз.)
Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
356
Қабылданған күні
16.07.2010
Көрсетілген редакция
01.02.2018 54006_294294.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006386_
ЭКБ идентификаторы
54006
Редакция идентификаторы
54006_294294
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:46

0 Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 438-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесі бекітілсін.

2 2. «Кедендiк бақылаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2276 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден басталған қатынастарға қолданылады.

0 Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесi

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 356 бұйрығымен
бекітілген
Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесi «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес әзiрлендi және Зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн (бұдан әрi – ЗМО кедендік тізілімі) жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

2 2. ЗМО кедендік тiзiлiмін жүргiзу

2 2. Зияткерлік меншік объектілері Кодексінің 439-бабымен бекітілген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) шешім қабылдағаннан кейін ЗМО кедендік тізілімге енгізуге жатады.

3 3. ЗМО кедендік тiзiлiмі осы ереженің қосымшасына сәйкес, нысан бойынша электронды түрде жүргiзiледi.

4 4. ЗМО кедендік тiзiлiміне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

ЗМО кедендік тізілімі бойынша тіркеу нөмірі;
зияткерлік меншік объектісінің түрі (түрі, сипаттамасы, бейнесі);
тауардың атауы, қорғау құжатына сәйкес, тауарлардың және қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша тауарлардың классы, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша бірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлар коды;
құқық иеленушi туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);
қорғау құжатының атауы, нөмірі және берілген күні;
зияткерлік меншік объектісіне қорғау мерзімі;
құқық иеленушінің оның мүдделерін сенімхат бойынша немесе лицензиялық шарттың негізінде білдіретін сенімді тұлғалары туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);
Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні;
зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізілімінен шығару туралы бұйрықтың нөмірі және күні.

5 5. ЗМО кедендік тізілімі бойынша тіркеу нөмірі мынадай түрде қалыптастырылады:

00000/ХХ-ККААЖЖ,
мұнда: 00000 – оның түріне қарамастан зияткерлік меншік объектісіне берілетін жазбаның бес таңбалы реттік нөмірі;
XX - зияткерлік меншік объектісінің түрі;
АҚ - авторлық құқық объектісі;
СҚ - сабақтас құқық объектісі;
ТБ - тауар белгісі (қызмет көрсету таңбасы);
ЖА - тауарлар шығарылған жерінің атауы;
ЖЖККАА - зияткерлік меншік объектісін кедендік тізілімге енгізу жылының күні, айы, соңғы цифрлары.

6 6. Зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізіліміне енгізгеннен кейін, Комитет жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіні, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын ЗМО кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісі енгізілгені туралы хабардар етеді.

7

7. Зияткерлік меншік объектісі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 439-бабының 7-тармағына сәйкес ЗМО кедендік тізілімінен шығарылған жағдайда Комитет үш жұмыс күні ішінде мәлімдеушіге, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарын зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізілімінен шығарылғаны туралы жазбаша хабардар етеді.

1 Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмі

Зияткерлiк меншiк
объектiлерiнің кедендік
тiзiлiмiн жүргiзу ережесiне
қосымша
Нысаны
Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмі
ЗМО ке­ден­дік ті­зі­лім бой­ын­ша тір­кеу нө­мі­рі
Зи­ят­кер­лік мен­шік объ­ек­ті­сі­нің ата­уы, (тү­рі, си­патта­ма­сы, бей­не­сі)
Та­у­ар­лар­дың ата­уы, ТҚХС бой­ын­ша та­у­ар­лар­дың клас­сы/ КО СЭҚ ТН та­у­ар­лар­дың ко­ды
Құқық ие­ле­ну­шi ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Қор­ғау құ­жа­ты­ның ата­уы, нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні
Зи­ят­кер­лік мен­шік объ­ек­ті­сі­нің қор­ғау мер­зі­мі
Құқық ие­ле­ну­ші­нің се­нім­ді тұ­лға­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ко­ми­тет­тің аумақ­тық ор­ган­да­ры­на зи­ят­кер­лік мен­шік объ­ек­ті­сі­нің ЗМО ке­ден­дік ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ге­ні ту­ра­лы хат­тың нө­мі­рі мен кү­ні
Зи­ят­кер­лік мен­шік объ­ек­ті­сін ЗМО ке­ден­дік ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі және кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9

Қолданыстағы