Жарма ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жарма ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Жарма ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/183-IV
- Қабылданған күні
- 27.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2012 · қолданыстағы AI54020_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VJ000102
- ЭКБ идентификаторы
- 54020
- Редакция идентификаторы
- AI54020_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:42
0 Жарма ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1 тармағы 8) тармақшасы негізінде, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Жарма ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі» бекітілсін.
2
2. «Жарма ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау туралы Ережелерін бекіту» 2005 жылғы 27 қазандағы Жарма аудандық мәслихатының № 24-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-11 болып тіркелген, 2005 жылы 29 қазанда № 43 «Рауан-Восход» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жарма ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ЕРЕЖЕСІ
Жарма ауданының мәслихатының
2010 жылғы 27 шілдедегі № 23/183-ІV
шешімімен бекітілген
Жарма ауданындағы елді мекендердің
аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін
сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
Жарма ауданындағы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі (әрі қарай Ереже) 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 387 бабына сәйкес әзірленді.
Осы Ереже елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру, оның элементтерін күтіп ұстау, қорғау және пайдалану, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібін, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардың осы мәселелер бойынша құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтайды.
Ереже Жарма ауданында тұрып, өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін әзірленген.
2 2. Елді мекендер аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау
1 1. Меншік түріне және ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар аумақтарды көріктендіру жұмыстарын жүргізуге тиісті.
2 2. Аудан аумағындағы:
1 1) тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттары, автобекеттер, саябақтар, аллеялар және олардың маңайлары, демалыс аймақтары, базарлар және оларға іргелес аумақтар тазалықта және тәртіпте ұсталуға;
2
2) қашалар, қоршаулар, жарнаманың барлық түрлері және жарнамалық қондырғылар, ғимараттар мен ескерткіштерге сәндік сәуле шашу қондырғылары, маңдайша жазулары, жаймалар, аялдамалардағы павильондар, көше жарықтандыру фонарлары, жол белгілері, әр түрлі тіреулер мен бағандар, саябақтар және демалыс орындарындағы орындықтар, күл – қоқыс салатын сауыттар, көше атауларының көрсеткіштері, көлік, жолаушылар аялдамалары, үйлердің нөмірлік белгілері, ескерткіштер мен мемориалдық тақталар тазалықта, бүлінбеген жағдайда, тәртіпте ұсталуға, сақталуға және бүлінген жағдайда қалпына келтірілуге тиісті.