Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/184-IV
- Қабылданған күні
- 27.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2012 · қолданыстағы AI54021_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VJ000103
- ЭКБ идентификаторы
- 54021
- Редакция идентификаторы
- AI54021_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:42
0 Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1 тармағы 8) тармақшасы негізінде, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді күтіп ұстау Ережесі» бекітілсін.
2
2. «Жарма ауданы елді мекендерінде мысықтар мен иттерді ұстау Ережелері туралы» 2006 жылғы 16 наурыздағы Жарма аудандық мәслихатының № 28-9 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-27 болып тіркелген, 2006 жылы 31 наурызда № 13 «Рауан-Восход» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді күтіп ұстау Ережесі
Жарма ауданы мәслихатының
2010 жылғы 27 шілдедегі № 23/184-ІV
шешімімен бекітілген
Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді
күтіп ұстау
Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді күтіп ұстау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленген.
1 1. Осы Ереженің қолданылуы Жарма ауданындағы иелігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.
2 2. Ит мысықты ұстау ветеринарлық, санитарлық-гигиеналық талаптар мен осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
1
1) бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, бағбандық және саяжайлық бірлестіктердің аумағында, демалыс базарларында иттерді байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгі уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшін қауіп төндіру мүмкіндіктерін болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет;
2 2) аумаққа және жеке үйлерге кірер есіктің маңдайшасында иттің бар екендігі туралы ескертпе жазба болуы тиіс;
3 3) күзетшілік қызметке пайдаланатын иттерді байлауда немесе торларда ұстауға;
4
4) иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтар бөліктерінде, жертөледе, шатырлар астында, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға рұқсат етілмейді;