Жарық ауылдық округінде ірі қара малы арасынан сарып ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жарық ауылдық округінде ірі қара малы арасынан сарып ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы
- Атауы (қаз.)
- Жарық ауылдық округінде ірі қара малы арасынан сарып ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 13.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2011 · қолданыстағы AI54022_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VJ000104
- ЭКБ идентификаторы
- 54022
- Редакция идентификаторы
- AI54022_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:49
0 Жарық ауылдық округінде ірі қара малы арасынан сарып ауруы шығуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағы 9) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарық ауылдық округіндегі ірі қара малдарының арасынан сарып ауруының тіркелуіне байланысты және оны ары қарай таратпай жою мақсатында Жарық ауылдық округіне шектеу қойылсын.
2 2. «Жарма ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің» ММ бастығы (Ж. Каримов).
1 1) сарып ауруына қарсы сауықтыру шараларын ұйымдастырсын;
2 2) ауру ошағындағы барлық мал басының қозғалысы, көлемді мал азығының тасымалдануы тоқтатылсын, тек оларды етке союға жіберілген жағдайдан басқа.
3 3. Жарық ауылдық округінде ауру ошағы деп танылған қора жайларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, залалсыздандыру өткелдері (дезбарьер) жасалсын.
4
4. «Жарма аудандық ішкі істер бөлімі» (О. Өтепов келісім бойынша) және ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы (Н. Қасқырбаев келісім бойынша) Жарық ауылдық округінен мал дәрігерлік құжатсыз мал басының кіріп шығу қозғалысына бақылау жасалуы ұсынылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Тоқтаровқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік
кешеніндегі мемлекеттік
инспекция комитетінің
Жарма аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
Н. Қасқырбаев
Жарма ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы
О. Өтепов