Құжат мәтініне өту

Об установлении размера платы за пользование жильем из государственного коммунального жилищного фонда города Аксу

Қаулы · № 458/4 · қабылданған 15.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54030/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении размера платы за пользование жильем из государственного коммунального жилищного фонда города Аксу Күшін жойған Қаулы ·№ 458/4 ·15.07.2010
21.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера платы за пользование жильем из государственного коммунального жилищного фонда города Аксу

Күшін жойған Қаулы ·№ 458/4 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера платы за пользование жильем из государственного коммунального жилищного фонда города Аксу
Атауы (қаз.)
Ақсу қаласында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
458/4
Қабылданған күні
15.07.2010
Көрсетілген редакция
21.08.2013 AI54030_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PB000152
ЭКБ идентификаторы
54030
Редакция идентификаторы
AI54030_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:47

0 Ақсу қаласында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 383 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем есебі әдістемесінің негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес, тұрғын алаңның бір шаршы метрі үшін Ақсу қаласында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшері белгіленсін.

2 2. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ш. Ағжановқа жүктелсін.

4 Ақсу қаласында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғанғаны үшін ай сайынғы төлем мөлшері Кондоминимум объектілері болып табылмайтын мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын ай сайынғы жалгерлік айлық төлемінің ЕСЕБІ

Ақсу қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 15 шілдедегі
№ 458/4 қаулысына
қосымша
Ақсу қаласында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді пайдаланғанғаны үшін ай сайынғы төлем мөлшері Кондоминимум объектілері болып табылмайтын мемлекеттік
жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын ай сайынғы
жалгерлік айлық төлемінің ЕСЕБІ
А=Ц/Т/12+Р
А мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем, айына бір шаршы метр үшін теңге
Ц тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метр құрылысының (сатып алудың) бағасы, теңге
Т ғимарат қызметінің есептік мерзімі, жыл
Р тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер телімін ұстауға қажетті төлемдер сомасы, айына бір шаршы метр үшін теңге
Р=ГЗ/12/Sn
ГЗ тұрғын үй-пайдалану қызметінің жылдық шығындар сметасы, жылына теңге
Sn тұрғын ғимаратта тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр
Мемлекеттік жалгерлік үй (2006 жылы салынған)
Ленин, 43 Р=454296/12/4797,2=7,89
Қамзин, 30 Р=366569/12/4437,9=6,88
N р/с
Мекенжайы
Тұрғын үйдің жалпы алаңының  сатып алу құны
Тұрғын үйдің жалпы алаңы
Тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метр құрылысының (сатып алудың) бағасы, теңге (Ц)
Ғимарат қызметінің есептік мерзімі, жыл (Т)
Тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге қажетті төлемдер сомасы, айына бір шаршы метр үшін теңге (Р)
Мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем, айына бір шаршы метр үшін теңге (А)
1.
Ленин, 43
107848400
4797,2
22481,53
140
7,89
21,27
2.
Қамзин, 30
157474485
4437,9
35484,01
140
6,88
28,00

Қолданыстағы