Об установлении стоимости разовых талонов по отдельным видам платежей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении стоимости разовых талонов по отдельным видам платежей
- Атауы (қаз.)
- Бөлек төлем түрлері бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/4
- Қабылданған күні
- 29.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2013 54055_195918.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SL000114
- ЭКБ идентификаторы
- 54055
- Редакция идентификаторы
- 54055_195918
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:40
0 Бөлек төлем түрлері бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36-бабы 6-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Белгіленсін
1 1) 1-қосымшаға сәйкес, Тимирязев ауданында жұмыс істейтін рынокта тауар сатумен айналысатын тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны;
2 2) 2-қосымшаға сәйкес, Тимирязев ауданы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша кездейсоқ жағдайдағы қызметтегі жеке тұлғалар үшін бір күнге біржолғы талондардың құны.
2
2. Аудандық мәслихаттың ІІ сессиясы (төртінші шақырылым) 2007 жылғы 13 қазандағы № 2/2 «Бөлек төлем түрлері бойынша ставкаларды бекіту туралы» шешімінің (2007 жылғы 20 қарашада № 13-12-41 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 1 желтоқсандағы № 54 (1758) «Нива» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылған деп саналсын.
3 3. Осы шешім бірінші ресми жарияланнан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН: 30 шілде 2010 жыл
«Тимирязев ауданы бойынша
салық басқармасы» мемлекеттік
мекеме бастығының м.а.
А. Жактаев
«Экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекеменің бастығы
Ж. Мәкенова
6 Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 29 шілде № 25/4 шешіміне
1-қосымша
Тимирязев ауданында жұмыс істейтін рынокта тауар сатумен айналысатын тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
№
р/с
Сататын тауар түрі
Бір күнге біржолғы талонның құны (теңге)
1
Азық–түлік тауарлары
Сату үстелінен және шатырдан сату
226
Жеңіл автокөліктен сату
283
Жүк автокөлігінен сату
678
Азық–түлік тауарлары (көкөністер, жеміс–жидектер, сүт, балық)
Қолдан сату
98
Сату үстелінен және шатырдан сату
226
Жеңіл автокөліктен сату
283
Жүк автокөлігінен сату
705
2
Сату үстелінен ет тағамдары
288
3
Өнеркәсіптік тауарлары
Қолдан сату
106
Сату үстелінен және шатырдан сату
297
Жеңіл автокөліктен сату
283
Жүк автокөлігінен сату
705
4
Гүлдер
213
5
Авто бөлшектерін сату
213
6
Жануарларды сату
213
7
Құстарды сату
255
Ескерту: Жалға алу шарты бойынша рынок аумағында күндізгі бөлім үй-жайда қызмет көрсететін тұлғаларға біржолғы талондардың құны таралмайды.
7 Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 29 шілде № 25/4 шешіміне
2-қосымша
Тимирязев ауданы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша кездейсоқ жағдайдағы қызметтегі жеке тұлғалар үшін бір күнге біржолғы талондардың құны
№ р/с
Кәсіпкерлік қызмет түрі
Бір күнге біржолғы талонның құны (теңге)
1
Тұқым, сондай-ақ отырғызатын материал (екпелер, көшет) сату
127
2
Бақша дақылдарын өткізу
181
3
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерімен қызмет көрсету
127
4
Үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату
127
5
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық өнімдерін сату
103
6
Үй малдарын бағу, бір басқа:
ірі қара мал
жылқылар
3,0
4,6
7
Орман жидектерін сату
90
8
Бал сату
232
Ескерту: жалға алу шарты бойынша рынок аумағындағы күндізгі бөлім үй-жайда қызмет көрсететін тұлғаларға біржолғы талондардың құны таралмайды.