Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы уведомления о погашении задолженности по таможенным платежам, налогам и пеням

Бұйрық · № 357 · қабылданған 17.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54059/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении формы уведомления о погашении задолженности по таможенным платежам, налогам и пеням Күшін жойған Бұйрық ·№ 357 ·17.07.2010
10.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы уведомления о погашении задолженности по таможенным платежам, налогам и пеням

Күшін жойған Бұйрық ·№ 357 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы уведомления о погашении задолженности по таможенным платежам, налогам и пеням
Атауы (қаз.)
Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
357
Қабылданған күні
17.07.2010
Көрсетілген редакция
10.12.2015 AI54059_4.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006382_
ЭКБ идентификаторы
54059
Редакция идентификаторы
AI54059_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:45

0 Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысаны бекітілсін.

2

2. «Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 215 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4284 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 тамыздағы № 151 «Заң газетте» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті осы бұйрықты бекітілген заңнама тәртібінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 17 шілдедегі
№ 357 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама
«___»________20____жыл                                      № _______
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 159-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді _______________________________________________________________
(тегі, есімі, әкесінің аты (болған жағдайда) төлеушінің толық атауы
_____________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмері/бизнес сәйкестендіру нөмері (ЖСН/БСН)

мекенжайы мекенжайы)

есептелген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл сомасына
_____________________________________________________________________
теңге(санмен және жазумен)
негізінде ___________________________________________________________

р/с
Бюд­жет­тік жік­те­ме ко­ды
Ке­ден­дік төлем­нің неме­се са­лық­тың тү­рі
Тө­лем (са­лық) со­ма­сы
Ха­бар­ла­ма­ны шы­ғар­ған күн­де­гі өсім­пұл со­ма­сы
Бар­лы­ғы, со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
Бар­лы­ғы
20__жылғы0«____»0_______0дейінгі0мерзімде0Сіз
_____________________________________________________________________
(алушы-мемлекеттік кірістер органының және оның Қазынашылығының
деректемелері,
_____________________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмері)
20 __ жылғы «____» ________ дейінгі мерзімде
Сіз _________________________________________________________________
(алушы-салық органның және оның Қазынашылығының деректемелері,
_____________________________________________________________________
(СТН, БСН, ЖСН және т.б.)
бюджеттік жіктеме кодтары бойынша бюджетке 080 ____ «Бюджеттер арасында бөлінетін кірістер» баланстық шотына аударуыңыз қажет.
20 __ жылғы «____» ________ дейінгі мерзімде Сізге мемлекеттік кірістер органына жүк кеден декларациясына түзетуді және (немесе) тауарлардың кедендік құнына түзетуді ресімдеу үшін қағаз тасымалдағышта және олардың электрондық көшірмелерін ұсыну қажет.
Кодекстің 158-бабына сәйкес көрсетілген баптың 3-8-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 2,5 мөлшерінде есептеледі.
Кодекстің 171-бабына сәйкес берешек пен өсімпұлды өтеу кезектілігі «Салықтар және бюджетке өзге міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабына сәйкес айқындалады.
Кодекстің 159-бабына 3-тармағына сәйкес хабарлама төлеушіге оны қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қарамастан жіберіледі.
Кодекстің 19-тарауына сәйкес Сіз осы хабарлама туралы жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына шағымдануға не сотқа жүгінуге құқылысыз.
Мемлекеттік кірістер органының берешек және өсімпұлды өндіріп алу туралы хабарламасына шағым Кодекстің 175-бабымен белгіленген мерзімде және тәртіпте ұсынылуы тиіс.
Кодекстің 160-бабына сәйкес хабарламаға шағымдану жағдайларын қоспағанда, хабарламада көрсетілген талаптарды орындау мерзімі хабарламаны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылған кезде төлеуші бұзушылықты жою туралы хабарламаны орындамаған жағдайда, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен басталады.
Егер хабарламаға шағым жасалған жағдайда, хабарламадағы талаптарды орындау мерзімін есептеу, шағым берілген күннен бастап шағым бойынша шығарылған шешімнің заңды күшіне енген күнін қоса есептегенге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте шағымдану өсімпұл есептеуді тоқтата тұруға негіз болмайды.
Кодекстің 159-бабы 5-тармағына сәйкес өсімпұлды есепке алмағанда, төлеуші кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тіркеген күннен бастап өтеу күнін қоса алғанда төленуге тиіс кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті өтеген кезде мемлекеттік кірістер органдарымен бұрын қойылған кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға қосымша тағайындалады.
Кодекстің 159-бабы 6-тармағына сәйкес кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті сомаларын өзгертілуіне, яғни соларға қатысты Кодекске сәйкес жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама себеп болған дәлелді фактілер пайда болған жағдайда мемлекеттік кірістер органы бірінші жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама кері қайтарып, жаңа кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.
Кодекстің 159-бабы 7-тармағына сәйкес кері қайтарылған және жаңа жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл сомаларының өзгертілуін куәландыратын фактіні растаған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Кодекстің 166-бабы 1-тармағына сәйкес осы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей
Сізге _________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер орган)
дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып дебиторлар тізімін және бар болған жағдайда дебиторлық берешек сомаларын растайтын дебитормен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актісін ұсыну қажет.
Шағымдану жағдайларын қоспағанда хабарламада көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 18-тарауымен белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.
Қосымша - хабарламаны шығарған күндегі берешек пен өсімпұлды ашып жазу _______ парақта.
Мемлекеттік кірістер органының
Басшысы (басшының орынбасары) _______________________________________
(тегі, есімі, әкесінің аты, қолы)
20__жылғы «___»___________
М.О.
Хабарлама
_____________________________________________________________________
(төлеушінің тегі, есімі, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, мөрі)
төлеушіге 20__жылғы «___»___________берілді.
Хабарлама
_____________________________________________________________________
(жіберу және алу фактісін растайтын құжат)
төлеушіге 20__жылғы «___»___________ жіберілді.

Қолданыстағы