Қолданыстағы ред. 22.06.2010 (Редакция 54079_162833.kaz)

Ауыл округінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы от 22.06.2010 г. № 5 (Ауыл округінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы)

0

Ауыл округінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:

1

1. Шанақ ауыл округіне қарасты:

1

1) Шанақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Нұржан болыс, Келдібек би, Абдраш ата, Қаныбек Бекқұлов, Тілеген Балапанов, Мұстафа Өтенов атаулары;

2

2) Ақжар елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Егемберді Омарбеков, Құрақ Құдайбергенов атаулары;

3

3) Ескі Шанақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Қасымбек би атауы берілсін.

2

2. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.