Құжат мәтініне өту

Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Қаулы · № 09 · қабылданған 28.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54088/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 09 ·28.07.2010
01.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 09 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Атауы (қаз.)
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
09
Қабылданған күні
28.07.2010
Көрсетілген редакция
01.03.2012 · қолданыстағы 54088_214912.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VF000114
ЭКБ идентификаторы
54088
Редакция идентификаторы
54088_214912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:41

0 Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)- тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8-баптарына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар:

1 1) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім түлектері санынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру;

2 2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жолымен қабылдансын.

2 2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) нысаналы топтарға жататын және «Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген Қатысушыларды жұмысқа жолдау;

2 2) Қатысушылардың олар үшін лайықты жұмыс таңдау кезеңінде жоқ болуы;

3 3) түлектің жасы 29 жасқа дейін;

4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.

3 3. Жұмысқа орналастыру меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс берушілер) Жұмыс берушілердің Бөліммен шартының негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.

Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері болу керек.

4 4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек жағдайы Жұмыс берушілердің және Қатысушылардың арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.

5 5. Қаулыда көрсетілмеген өзге де жағдайлар Жұмыс берушілердің және Қатысушылардың арасында жасалған еңбек шартында айқындалатын болады.

6 6. Қатысушылардың еңбек төлемі олардың жеке шоттарына қаржы аудару жолымен 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

7 7. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан Қатысушылардың еңбек төлеміне шығындары 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жартылай өтеледі.

8 8. Нысаналы топтан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын еңбек шартының талаптарына сәйкес және орындалатын жұмыстың күрделілігі мен мөлшеріне, сапасына байланысты Жұмыс берушілердің еңбек төлемі қорынан жүзеге асырылады.

9 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған Жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың түсу шамасы бойынша кезектілік тәртібінде жүргізіледі.

10 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.

11 11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы