Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 28.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2012 · қолданыстағы AI54089_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VF000115
- ЭКБ идентификаторы
- 54089
- Редакция идентификаторы
- AI54089_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:41
0 Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуға көмек беру мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық камсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2 2. Материалдық қамсыздандырудың мөлшері мүгедек балалар үй интернатында тәрбиеленетін бір балаға жұмсалатын шығын мөлшерінде бекітілсін.
3 3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б. Мұстафаев) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеуді бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етсін.
4
4. Аягөз ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 28 ақпандағы № 68 «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау және төлеудің ережесін бекіту туралы» (2006 жылдың 21 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-6-21 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2006 жылдың 8 сәуірдегі № 15 (533) санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің НҰСҚАУЛЫҒЫ
Аягөз ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 28 шілдедегі
№ 10 қаулысына қосымша
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің
НҰСҚАУЛЫҒЫ