О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 29.02.2000
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2000 AI5409_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000000323_
- ЭКБ идентификаторы
- 5409
- Редакция идентификаторы
- AI5409_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:37
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын тарату туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 275 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қыркүйектегі N 1080 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 36, 341-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен санаторий-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 желтоқсандағы N 1624 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 507-құжат) күші жойылды деп танылсын.