Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов государственных услуг Генеральной прокуратуры Республики Казахстан

Жарлық · № 1041 · қабылданған 18.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54092/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандартов государственных услуг Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Күшін жойған Жарлық ·№ 1041 ·18.08.2010
18.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов государственных услуг Генеральной прокуратуры Республики Казахстан

Күшін жойған Жарлық ·№ 1041 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов государственных услуг Генеральной прокуратуры Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1041
Қабылданған күні
18.08.2010
Көрсетілген редакция
18.10.2012 AI54092_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U100001041_
ЭКБ идентификаторы
54092
Редакция идентификаторы
AI54092_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:32

0 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою";

2 2) "Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты

Қазақстан Республикасының
Президентінің
2010 жылғы 18 тамыздағы
№ 1041 Жарлығымен
бекітілген
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі — Бас прокуратура) не балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі — орталық) (осы стандарттың 1-қосымшасы) арқылы көрсетеді, құжаттарды қабылдау, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 11.00-ден 11.30-ғa дейін, құжаттарды беру сағат 17.30-дан 18.00-ге дейін жүргізіледі.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

3 3. Мемлекеттік қызметтер "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының негізінде жүзеге асырылады.

4

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 2-кіреберіс, Бас прокуратура мекен-жайынан және халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады, олардың тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Интернет-ресурсы: www.procuror.kz. Телефоны (87172) 71-26-76.

5 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің аяқталу нысаны тұлға қолының түпнұсқалығын және оның өкілеттігін куәландыратын, сондай-ақ осы құжатты бекіткен мөр немесе мөртабанның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртабан — апостиль қою болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі — жеке тұлғалар) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызметтер мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

жеке тұлға Бас прокуратураға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімі 1 күннен аспайды. Астана қаласында орналасқан орталықтардан түсетін жеке тұлғалардың сұратуларының орындалу мерзімі — құжаттардың Бас прокуратураға түскен күнінен бастап 1 жұмыс күні. Құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 40 минуттан аспайды. Құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 10 минуттан аспайды;
жеке тұлға Астана қаласында орналасқан орталықтарға жүгінген кезде - қажетті құжаттар Бас прокуратураға түскен күнінен бастап 1 күн (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді). Құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды. Құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды.
Азаматтар Бас прокуратураға жазбаша түрде осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса тіркеп почта арқылы жүгіне алады.

8 8. Мемлекеттік қызметтер ұсынғаны үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабының 8) тармақшасына сәйкес әрбір құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50 %-ы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

9 9. Мемлекеттік қызметтер көрсету: Бас прокуратураға жүгінген кезде — демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына 5 күн, құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала не жеделдетілген қызмет көрсетусіз сағат 11.00-ден 11.30-ге дейін, құжаттарды беру 17.30-дан 18.00-ге дейін жүргізіледі

орталықтарға жүгінген кезде — жексенбі мереке күндерін қоспағанда, белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес аптасына алты күн, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі. Филиалдар мен өкілдіктер үшін жұмыс кестесі бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10 10. Бас прокуратураның үй-жайында бөлек кіретін есігі, күту залы болады, ақпараттық стенділермен жабдықталады және ғимараттың бірінші қабатында орналасады, мүмкіндігі шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшін де жағдайлар көзделген.

Орталықтардың ғимараттарында мүмкіндігі шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшін де жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында Бас прокуратура мен орталықтарда шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

11 11. Құжат жеке тұлғаға беріледі. Мемлекеттік қызметтер aлy үшін жеке тұлғалар:

Бас прокуратураға — жеке басын куәландыратын құжатты және оның көшірмесін, шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастыру талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжатын және мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті, қажет жағдайда — жеке тұлғаның құжатты үшінші адамға беру үшін нотариат растаған келісімін;
орталыққа — өтінішті жеке басын куәландыратын құжатты және оның көшірмесін, шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастыру талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжатын және мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті, қажет жағдайда — жеке тұлғаның құжатты үшінші адамға беруі үшін нотариат растаған келісімін ұсынады.
Құжаттарды пакетін қабылдағанда орталықтың қызметкері көшірменің түпнұсқамен шынайылығын тексереді және түпнұсқаны өтініш иесіне қайтарады.

12 12. Мемлекеттік қызметтерді Бас прокуратурада алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді. Орталықта өтініштердің бланкілері күту залында арнайы тағанда болады немесе оларды орталықтың консультанттарынан алуға болады.

13 13. Құжат Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жауапты қызметкеріне (бұдан әрі — қызметкер) не орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторына тапсырылады.

Қызметкер адамның белгілеме деректерін есепке алу журналында тіркейді, картотека бойынша құжаттың шынайылығын тексереді, апостиль қояды.
Орталық арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде орталықтың инспекторы құжаттарды осы стандарттың 11-тармағына сәйкестігін тексеруді, журналға тіркеуді және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына беруді жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
Қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тиісті уәкілетті органға жеткізуді және кері әкелуді орталық осы өтініштер қабылданған күні курьерлік байланыс арқылы кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Бас прокуратура орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 11-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, деректерді картотека бойынша тексереді, апостиль қояды және жүгінген адамға беру үшін орталыққа жолдайды.
Бас прокуратура орындалған (дайын) құжаттарды қолхатта көрсетілген беру мерзімінің аяқталуынан бір күн бұрын курьерлік байланыс арқылы орталыққа береді.

14 14. Бас прокуратураның құжаттарды қабылдағаны туралы жазбаша растама жүгінген адамға берілмейді.

Құжаттарды орталық арқылы қабылдау кезінде тұтынушыға:
өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтер түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттардың берілген күні, уақыты мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

15 15. Бас прокуратурада апостиль қойылған құжатты беруді Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жауапты қызметкері Бас прокуратура ғимаратында "Рұқсаттама бюросының" бөлмесінде жүзеге асырады.

Жеке тұлғаның жазбаша сұратуына берілетін апостиль қойылған құжаттарды Бас прокуратура почта арқылы жолдайды.
Орталықта жеке тұлғаға дайын құжаттарды беруді орталық инспекторы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.

16

16. Прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының апостиль қойылған ресми құжаты осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген адамдарға жеке басын куәландыратын құжатты немесе нотариус куәландырған сенімхатты және аталған сенімхат ресімделген адамның жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған жағдайда беріледі.

17 17. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе ұсынылған құжаттардың жалған болуы мемлекеттік қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға немесе мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тартуға негіз болады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Бас прокуратураның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқаруда заңды сақтау, жан-жақты ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Бас прокуратураның жұмысы бағаланатын "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Бас прокуратура қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі туралы (87172) 71-25-77 телефон арқылы немесе www.procuror.kz Интернет-ресурсынан алуға болады.

Орталық инспекторының іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты орталықтың ақпараттық-анықтама қызметінен (87172) 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.

22

22. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының не оның орынбасарларының атына жазбаша түрде берілетін шағымдар: Бас прокуратура, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 2-кіреберіс мекенжайына жолданады. Орталық арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жөніндегі шағым орталық директорының атына беріледі. Осы стандарттың 1-қосымшасында орталықтардың мекенжайы мен телефондары көрсетілген.

23 23. Шағым Бас прокуратураның кеңсесінде: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 2-кіреберіс, Бас прокуратура мекенжайында қабылданады. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, аптасына бес күн - сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін.

24 24. Шағым еркін нысанда ресімделеді.

25 25. Өтініш берушіге шағымының қабылданғанын растап, шағымның нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, байланысу деректері, сондай-ақ шағымды қараудың, оған тиісті жауап алуының уақыты мен мерзімі көрсетілген, шағымның тіркелгені туралы құжат беріледі.

Бас прокуратураға түскен шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады. Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

0.1 «Прокуратура органдарынан, тергеу

және анықтау органдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызметтер көрсетудің
стандартына
1-ҚОСЫМША
р/с

Ор­та­лық ата­уы
Ор­та­лық­тың ме­кен­жайы
Те­ле­фон нө­мі­рі
1
2
3
4
1
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның № 1 ХҚКО
Аста­на қ., Жұ­ба­нов к-сі, 2-үй
37-02-06
2
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның № 2 ХҚКО
Аста­на қ., Күй­ші Ди­на к., 31-үй
40-65-62
3
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның № 1 ХҚКО
Аста­на қ., Пуш­кин к-ci, 97-үй
32-42-79
4
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның № 2 ХҚКО
Аста­на к., 81 к., 85-үй
37-74-34

0.2 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Прокуратура органдарынан, тергеу
және анықтау органдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызметтер көрсетудің
стандартына
2-ҚОСЫМША
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жыл­да­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет ұсы­ну жағ­дай­ла­ры­ның % (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет ұсы­ну про­це­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лі­гі
3.1. қыз­мет ұсы­ну са­па­сы­на және оны ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3.2. ақ­па­рат­қа элек­трон­дық фор­мат­та қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну про­це­сі
4.1. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
5. Әдеп­ті­лік
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің әдеп­ті­лі­гіне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %(үле­сі)

2 «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтер стандарты

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 18 тамыздағы
№ 1041 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтер стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстар, Алматы, Астана қалалары бойынша аумақтық басқармалары (бұдан әрі - уәкілетті орган) (осы стандарттың 1-қосымшасы) не балама түрде халыққа қызмет көрсету орталықтары (одан әрі - орталық) (осы стандарттың 2-қосымшасы) арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-ға дейін.

2 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

3 3. Мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының негізінде жүзеге асырылады.

4

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы толық ақпарат http://www.pravstat.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz және «электрондық үкімет» веб-порталының Интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде осы стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес тізбесі берілген уәкілетті органдар мен орталықтардың ғимараттарында үлгілері орналастырылған стенділерде, ақпараттық тақталарда берілген.

5 5. Мемлекеттік қызметтердің аяқталу нысаны жеке тұлғаның

соттылығының болуын немесе болмауын растайтын қағаз түріндегі
анықтаманы беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушылар).

7 7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызметтер:

а а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап - 7 күн ішінде;

б б) мемлекеттік қызметтер алу үшін жүгінген кезден бастап (тіркелген кезден бастап) - 7 күн ішінде көрсетіледі;

2 2) өтініш беруші жүгінген күні мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерде өтініш берген сәттен бастап оны алуға дейін күтудің барынша шекті уақыты - 30 минуттан аспайды;

3 3) өтініш беруші жүгінген күні мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерде алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты - 10 минут.

8 8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9 9. Мемлекеттік қызметтер: уәкілетті органға жүгінген кезде:

демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзілісімен аптасына бес күн көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.30-ға дейін;
орталыққа жүгінген кезде:
жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін, аптасына алты күн көрсетіледі, филиалдар мен өкілдіктерге жұмыс кестесі сағат 9.00-дан 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз белгіленеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі.

10 10. Уәкілетті органның күту залы бар, олар ақпараттық стенділермен жабдықталған ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, сондай-ақ мүмкіндігі шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшін де жағдай жасалған.

Мемлекеттік қызметтер мүмкіндігі шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған, тұтынушының тұрғылықты орны бойынша орталықтың ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері ілінген ақпараттық стенділер бар.

2 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

11 11. Уәкілетті органда немесе орталықта мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушы соттылықтың болмауы туралы анықтама беру туралы өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және көшірмесін, кәмелетке толмағандар үшін - туу туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін ұсынады.

Бір адамға қатысты анықтаманы ұсыну туралы өтінішті осындай анықтаманы алуға және құжаттарды тапсыруға нотариат куәландырған сенімхаты болғанда басқа адам бере алады.
Құжаттар пакетін қабылдаған кезде уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері көшірменің түпнұсқамен шынайылығын салыстырып, түпнұсқасын өтініш берушіге қайтарып береді.

12 12. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері http://www.pravstat.kz. интернет-ресурсында және www.e.gov.kz - «элeктpoндық үкімет» веб-порталының интернет-ресурстарында орналасқан.

Өтініштер бланкілерінің үлгілері уәкілетті органның және орталықтың залында арнайы тағанға орналастырылады.

13 13. Толтырылған қажетті құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне (1-қосымшаға сәйкес) не орталыққа (2-қосымшаға сәйкес) тапсырылады.

14 14. Уәкілетті орган арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілген кезде мемлекеттік қызметтер уәкілетті орган ғимаратында өтініш берушінің мекенжайы бойынша көрсетіледі. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметтер алу үшін құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.

Уәкілетті орган қызметкері автоматтандырылған деректер базасында (бұдан әрі - «Арнайы есепке алу» ААЖ) және жергілікті есепке алу картотекасында белгіленген мерзімде сұратуларды тексеруді жүзеге асырады. Әрбір өтініш бойынша тексеру іс-шаралары аяқталған соң соттылығы болуы немесе болмауы туралы анықтама жасалады.
Қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу қажет болған жағдайда (тексерілуші адамға қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешімінің жоқтығы, босату, қылмыстық атқару инспекциясы есепке алуынан шығару, айыппұлдың төленуі және соттылығын өтеуін айқындау, сондай-ақ есептен шығару және мәліметтерді нақтылау үшін қажетті басқа деректер), уәкілетті орган бір тәулік ішінде электрондық почта арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің арнайы есепке алу басқармасында (бұдан әрі - Комитеттің АЕБ) мәліметтерді нақтылау туралы сұрату жолданады.
Комитеттің АЕБ жетіспейтін мәліметтерді енгізу туралы сұратуды 3 жұмыс күні ішінде орындайды. Комитеттің АЕБ осы сұратуды орындау фактісі «Арнайы есепке алу» ААЖ-да тексеру жүргізу жолымен анықталады, содан соң әрбір өтініш бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама жасалады.
Орталық арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілген кезде:
орталықтың инспекторы осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың толық болуын, журналда тіркелуін және құжатты жинақтаушы бөлімінің инспекторына беруді тексереді.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттардың жинақталуын, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жолдануын жүзеге асырады.
Орталық тиісті уәкілетті органға өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге жеткізуді осы өтініштер қабылданған күні курьерлік қызмет арқылы күніне кем дегенде екі рет жүргізеді.
Уәкілетті орган қызметкері сұратуларды автоматтандырылған деректер базасында «Арнайы есепке алу» ААЖ және жергілікті есепке алу картотекасында белгіленген мерзімдерде жүргізеді. Тексеру іс-шаралары аяқталған соң әрбір өтініш бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама жасалады.
Қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу кажет болған жағдайда (тексерілуші адамға қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешімінің жоқтығы, босату, қылмыстық атқару инспекциясы есепке алуынан шығару, айыппұлдың төленуі және соттылығын өтеуін айқындау, сондай-ақ есептен шығару және мәліметтерді нақтылау үшін қажетті басқа деректер), уәкілетті орган бір тәулік ішінде электрондық почта арқылы Комитеттің АЕБ мәліметтерді нақтылау туралы сұрату жолданады.
Комитеттің АЕБ жетіспейтін мәліметтерді енгізу туралы сұратуды 3 жұмыс күні ішінде орындайды. Комитеттің арнайы есепке алу басқармасы осы сұратуды орындау фактісін «Арнайы есепке алу» ААЖ-да тексеру жүргізу жолымен анықтайды.
Өтініш берушіге қатысты қосымша тексеру іс-шаралары жүргізілген кезде, уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тиісті орталыққа себептері көрсетілген аралық жауапты өтініш берушіге жолдайды.
Аталған аралық жауапта өтінішті уәкілетті орган алған кезден 20 жұмыс күні өткен соң, өтініш берушінің орталыққа қайта жүгіну қажеттігі туралы хабарланады.
Тексеру іс-шаралары аяқталған соң, әрбір өтініш бойынша Ереже талаптарына сәйкес тексеру нәтижелері туралы анықтама жасалады, ол уәкілетті органға түскен кезден бастап 6-жұмыс күні, тізілім бойынша орталыққа курьерлік байланыс арқылы қолхатта көрсетілген беру мерзімінің өтуінен бір күн бұрын беріледі.

15 15. Құжаттарды уәкілетті орган арқылы қабылдаған кезде тұтынушыға өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қабылдаған уақыты мен күні көрсетілген талон беріледі.

Құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
сұратуды қабылдаған күні мен нөмірі;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттардың берілетін күні мен уақыты;
құжатты ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

16 16. Уәкілетті орган дайын құжаттарды өтінішті қабылдаған күні берілген талондағы көрсетілген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте ресімделген құжатты тұтынушыға беру фактісі құжаттарды беру журналына тіркеледі (тұтынушы журналға және талонға қол қояды).
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды орталықтың инспекторы көрсетілген мерзімде қолхат негізінде «терезелер» арқылы береді.

17 17. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады.

Қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу қажет болған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар пакетін алғаннан соң, 3 жұмыс күні ішінде тұтынушыға мерзімінің ұзартылу себебі туралы жазбаша негіздеме жолдайды.
Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда орталық мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады.
Уәкілетті орган орталықтан келіп түскен құжаттарды ресімдеу кезінде қателерді анықтаса, құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде оларды қайтару себебін жазбаша негіздеумен орталыққа қайтарады.
Қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу қажет болған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде мерзімінің ұзартылу себебі туралы орталыққа жазбаша негіздеме жолдайды.
Уәкілетті органның жазбаша негіздемесін алғаннан кейін орталық бұл туралы тұтынушыны бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Егер тұтынушы құжаттарын алуға уақытында келмесе, орталық сол құжаттардың сақталуын 1 ай мерзімі бойында қамтамасыз етеді, содан соң оларды уәкілетті органға береді.
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалардың уәкілетті органда сақтау мерзімі мен жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Уәкілетті органның және орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының сақталуына, қызметтік борышын орындау кезінде заңды сақтауға және әдептілік, толық ақпаратты беру, олардың сақталуын, ақпараттың қорғалуы және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіпте, осы стандартқа қоса берілген 1-қосымшасында көрсетілген, жоғары тұрған басшылыққа шағым жасалуы мүмкін.

Орталық инспекторының іс-әрекетіне шағымдану туралы ақпаратты орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінен мына байланыс телефондары (87172) 58-00-58 арқылы алуға болады

22 22. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басшылығы атына шағым беріледі

Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34. Интернет-ресурсы: http://www.pravstat.kz., бірінші басшының (қабылдау бөлмесі) телефоны: (87172) 31-81-88.

23 23. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, орталық директорының атына шағым беріледі. Орталықтың мекенжайы мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

24 24. Уәкілетті органға немесе орталыққа шағым беру үшін тұтынушы шағымды еркін түрде өз қолымен жазады.

25

25. Қабылданған шағым уәкілетті органның, орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Тұтынушыға өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі.
Шағымды қарау нәтижесі өтініш берушіге жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.

26 26. Орталықтың байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және орталық ғимараттарында орналасқан стенділерде көрсетіледі.

Уәкілетті органның және орталықтың басшыларының байланыс деректері 1, 2-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен орталықтың ғимаратында орналасқан стенділерде көрсетіледі.

2.1 «Соттылықтың болуы немесе болмауы

туралы анықтама беру» мемлекеттік
қызметтер стандартына
1-ҚОСЫМША
р/с

Аумақ­тық ор­ган­дар ата­уы
То­лық заң­дық ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны, элек­трон­дық поч­та ме­кен­жайы
1
Ко­ми­тет­тің Аста­на қа­ла­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
010000
Аста­на қ., Сей­фул­лин к-сі, 73а
34-29-71, 34-14-52
astanal@​pra​vsta​t.​kz
2
Ко­ми­тет­тің Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
050045
Ал­ма­ты қ., Бө­ген­бай ба­тыр к-сі, 145
272-60-07, 272-86-40
almagorl@​pra​vsta​t.​kz
3
Ко­ми­тет­тің Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
475000
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Бір­жан сал к-сі, 45
40-19-92, 25-58-87
akmolal@​pra​vsta​t.​kz
4
Ко­ми­тет­тің Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
030006
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Ал­тын­са­рин к-сі, 34 үй
21-78-91, 21-21-85
aktobel@​pra​vsta​t.​kz
5
Ко­ми­тет­тің Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
040000
Тал­ды­қор­ған қ., Абы­лай­хан к-сі, 160/164 үй
24-07-36, 24-28-21
almatyl@​pra​vsta​t.​kz
6
Ко­ми­тет­тің Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
060002
Аты­рау қа­ла­сы, Уә­ли­ха­нов к-сі, 2 үй
32-55-96, 32-08-34
atyraul@​pra​vsta​t.​kz
7
Ко­ми­тет­тің Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
090000
Орал қ., До­стық к-сі, 197 үй
51-12-36, 50-09-27
zkol@​pra​vsta​t.​kz
8
Ко­ми­тет­тің Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
080012
Та­раз қ., Дү­рім­бе­тов к-сі, 34 үй
45-67-50, 45-77-322
zhambyl@​pra​vsta​t.​kz
9
Ко­ми­тет­тің Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
100012
Қа­ра­ған­ды қ., Жам­был к-сі, 97 үй
56-40-08, 56-82-26
karagandal@​pra​vsta​t.​kz
10
Ко­ми­тет­тің Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
110003
Қо­ста­най қа­ла­сы, Май­лин к-сі,
53-70-71, 53-58-82
kostanayl@​pra​vsta​t.​kz
11
Ко­ми­тет­тің Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
120019
Қы­зы­лор­да қ., К. Бай­сей­і­то­ва, к-сі, 104а
27-64-09, 27-26-12
kyzylordal@​pra​vsta​t.​kz
12
Ко­ми­тет­тің Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
130000
Ақ­тау қ., 9-кө­ше, 23 ша­ғын ауда­ны
42-89-57, 42-89-58
mangystaul@​pra​vsta​t.​kz
13
Ко­ми­тет­тің Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
160000
Шым­кент қа­ла­сы, Ты­ны­ба­ев к-сі, 40 үй
53-74-41, 21-46-17
ukol@​pra​vsta​t.​kz
14
Ко­ми­тет­тің Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
140005
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Бей­біт­ші­лік к-сі, 22 үй
53-31-44, 53-65-66
pavlodarl@​pra​vsta​t.​kz
15
Ко­ми­тет­тің Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
105007
Пет­ро­пав­ловск қ., Улья­нов, к-сі, 59 үй
36-23-85, 36-28-05
skol@​pra​vsta​t.​kz
16
Ко­ми­тет­тің Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша бас­қар­ма­сы
070002
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Тәу­ел­сіз­дік даң­ғы­лы, 36/1 үй
47-99-43, 47-96-20
vkol@​pra​vsta​t.​kz

2.2 «Соттылықтың болуы немесе болмауы

туралы анықтама беру» мемлекеттік
қызметтер стандартына
2-ҚОСЫМША

р/р
ХҚКО ата­у­ла­ры
ХҚКО ор­на­лас­қан ме­кен­жайы
Те­ле­фон нө­мі­рі
1
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның № 1 ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қа­ла­сы, Жұ­ба­нов кө­ше­сі, 2
37-02-06
2
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның № 2 ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қа­ла­сы, Күй­ші Ди­на к-сі, 31 үй
40-65-62
3
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның № 1 ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қа­ла­сы, Пуш­кин к-сі, 97
37-70-65
4
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның № 2 ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қа­ла­сы, 81 к., 85 үй
43-84-14
5
Ал­ма­ты қа­ла­сы Ала­тау ауда­ны­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Бө­ке­ев к-сі, 128
377-19-55
6
Ал­ма­ты қа­ла­сы Ал­ма­лы ауда­ны­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Бө­ген­бай ба­тыр к-сі, 221 үй
263-82-51
7
Ал­ма­ты қа­ла­сы Бо­стан­дық ауда­ны­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Ход­жа­нов к-сі, 9
248-17-77
8
Ал­ма­ты қа­ла­сы Же­ті­су ауда­ны­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Тө­ле­би к-сі, 155
268-89-98
9
Ал­ма­ты қа­ла­сы Түрксіб ауда­ны­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Зор­ге кө­ше­сі, 9
234-09-64
10
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Әу­е­зов кө­ше­сі, 189 «а»
40-10-76
11
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Тур­ге­нев кө­ше­сі, 109
57-84-84
12
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Тәу­ел­сіз­дік кө­ше­сі, 67 "б"
24-41-33
13
Аты­рау об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аты­рау қа­ла­сы, Бай­мұ­ха­нов кө­ше­сі, 16
35-47-05
14
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Орал қа­ла­сы, Жам­был к-сі, 81
28-40-73, 28-13-12
15
Жам­был об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Та­раз қа­ла­сы, Қой­гел­ді к-сі, 158 «а»
43-84-18
16
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Қа­зы­бек би ауда­ны, Чка­лов кө­ше­сі, 7
41-63-03
17
Қо­ста­най об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қо­ста­най қа­ла­сы, Та­ран, 114
53-45-74
18
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Мұ­рат­ба­ев к-сі, н/ж
23-05-78
19
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ақ­тау қа­ла­сы, 15 ша­ғын аудан, 67 «б»
31-85-16
20
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Шым­кент қа­ла­сы, Мә­де­лі қо­жа кө­ше­сі
30-06-79
21
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Пав­лов к-ci, 48
33-47-55
22
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Пет­ро­павл қа­ла­сы, Әу­е­зов к-сі, 157
33-66-16
23
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Бе­лин­ский кө­ше­сі, 37 «а»
22-24-28
24
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Се­мей қа­ла­сы, 408-кө­ше, 21 орам
33-55-93

2.3 Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

«Соттылықтың болуы немесе болмауы
туралы анықтама беру» мемлекеттік
қызметтер стандартына
3-ҚОСЫМША
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері
Са­па және қол­же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жыл­да­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет ұсы­ну жағ­дай­ла­ры % (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет көр­се­ту про­це­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лі­гі
3.1. қыз­мет көр­се­ту­дің са­па­сы­на және тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар % (үле­сі)
3.2. элек­трон­дық фор­мат­та қол­же­тім­ді ақ­па­рат­тық қыз­мет­тер % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну про­це­сі
4.1. ша­ғым­да­ну тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар % (үле­сі)
5. Әдеп­ті­лік
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің әдеп­ті­лі­гіне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар % (үле­сі)

Қолданыстағы