Құжат мәтініне өту

Об установлении размера арендной платы взимаемой в арендных домах

Қаулы · № А-7/203 · қабылданған 19.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54096/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении размера арендной платы взимаемой в арендных домах Күшін жойған Қаулы ·№ А-7/203 ·19.07.2010
14.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера арендной платы взимаемой в арендных домах

Күшін жойған Қаулы ·№ А-7/203 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера арендной платы взимаемой в арендных домах
Атауы (қаз.)
Жалға алу үйлеріндегі төленетін жалдау мөлшерінің көлемін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-7/203
Қабылданған күні
19.07.2010
Көрсетілген редакция
14.12.2011 54096_199923.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10BL000132
ЭКБ идентификаторы
54096
Редакция идентификаторы
54096_199923
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:45

0 Жалға алу үйлеріндегі төленетін жалдау мөлшерінің көлемін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңның 97-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министірлігінің 2008 жылы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген жалдау ақысын есептеу әдістемесі негізінде, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарқайың ауданының жалға алу үйлеріндегі төленетін жалдау мөлшерінің көлемі 1 шаршы метрге жалға алу төлемінің есебінен қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары М.Қ Жүнісовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Жарқайың ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Жарқайың ауданы әкімдігінің

2010 жылғы «19» 07 № А-7/203
қаулысына қосымша
Жалға алу үйлеріндегі 1 шаршы метрге төленетін жалдау
мөлшерінің есебінен жалға алу төлемінің көлемі
Жалға алу үйлеріне төленетін жалдау төлемінің есебі кезінде, келесі көрсеткіштер қолданылады:
А-жалға алу үйлеріне төленетін жалдау төлемі, айына 1 шаршы метр теңге;
Ц-мемлекеттік қабылдау актісіне сәйкес тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрінің құрылысының (алуының) құны;
Т-үйдің қызметтік есептік мерзімі, жыл;
Р-пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтілуіне қажетті төлемнің сомасы, айына 1 шаршы метр теңге, келесі формула бойынша анықталады:
Р=Г/12/Еп
Г жерінде-жергілікті атқарушы органмен (мемлекеттік кәсіпорынмен) тартылған немесе құрылған тұрғын үй-пайдалану қызметінің шығынының жылдық сметасы, пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сол сияқты жер учаскесінің күтілуіне, теңге/жыл
Еп-тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы, шаршы метр
Жалға алу үйлеріндегі жалдау мөлшерінің көлемі 1 айға келесі формула бойынша есептелінеді:
А=Ц/Т/12+Р

Қолданыстағы