Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 826 · қабылданған 23.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54113/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 826 ·23.08.2010
19.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 826 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
826
Қабылданған күні
23.08.2010
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI54113_6.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000826_
ЭКБ идентификаторы
54113
Редакция идентификаторы
AI54113_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:30

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 791 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1796 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

3 3) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
32) тармақшада «жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асырады;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
«33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 тамыздағы
№ 826 қаулысына
1-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы
жекелеген қызмет түрлерін
лицензиялау ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі

1 1. Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық).

Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1 1) тау-кен өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;

2 2) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау;

3 3) мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау;

4 4) мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;

5 5) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру;

6 6) шахталарды (мұнай-газ кен орындарын) жабу жөніндегі тарату жұмыстары;

7 7) кен орындарында (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты) технологиялық жұмыстар жүргізу;

8 8) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;

9 9) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;

10 10) мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау;

11 11) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу, мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымалар көтергішін орнату;

12 12) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау;

13 13) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;

14 14) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;

15 15) құрлықта және теңізде мұнай төгілуінің, ұңғымалардың өздігінен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;

16 16) мыналардың:

органикалық химия (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты); каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсібі өнімдерінің, техникалық көміртегінің, химиялық талшықтардың, полимерлік материалдар мен пластмассаның;
құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;

17 17) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын (мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын) пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия өндірістері саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау;

18 18) мына:

мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерінің;
октан санын арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және құрамдауыштар енгізу жөніндегі;
белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен құрамдауыштар енгізу жөніндегі;
дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу жөніндегі;
мұнай майларына телімдер енгізу жөніндегі мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық).

2

2. Мұнай-газ саласында бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты (мұнай-газ кен орындарын), көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см -ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда).
Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1 1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу);

2 2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);

3 3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату);

4 4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).

1.1 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі лицеизиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 тамыздағы
№ 826 қаулысына
2-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы
жекелеген қызмет түрлерін
лицензиялау ережесіне
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі лицеизиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі

1 1. Тау-кен, химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану.

Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1 1) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіруді жобалау;

2 2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау;

3 3) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;

4 4) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру;

5 5) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жер асты тәсілдерімен ашу және игеру;

6 6) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу;

7 7) кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда);

8 8) кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда);

9 9) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішін орнату (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда);

10 10) ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда);

11 11) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда);

12 12) мыналардың:

органикалық (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда) және органикалық емес химия өнімдерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;

13 13) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда) пайдалану, химиялық өндіріс саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау.

2 2. Минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда).

Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1 1) пайдалы қазбаларды бөлудің физикалық тәсілі;

2 2) пайдалы қазбаларды бөлудің физика-химиялық тәсілі;

3 3) пайдалы қазбаларды бөлудің химиялық тәсілі;

4 4) пайдалы қазбаларды бөлудің металлургиялық (пирометаллургия, күйдіру, гидрометаллургия, қыздыру) тәсілі;

5 5) құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын өңдеу.

3

3. Тау-кен саласында химиялық, бұрғылау, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда).
Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1 1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу);

2 2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);

3 3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату);

4 4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).

Қолданыстағы