Об утверждении Правил осуществления электронного учета данных о зарегистрированных декларациях о соответствии, выданных сертификатах соответствия, об отказах в сертификации и их передачи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления электронного учета данных о зарегистрированных декларациях о соответствии, выданных сертификатах соответствия, об отказах в сертификации и их передачи
- Атауы (қаз.)
- Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 19.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2021 54120_553982.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006396_
- ЭКБ идентификаторы
- 54120
- Редакция идентификаторы
- 54120_553982
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:45
0 Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2
2. «Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 428 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5358 тіркелген, 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 184 (1410) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2010 жылғы 19 шiлдедегi
№ 169 бұйрығымен бекітілді
Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидалары
1 1. Осы Қағидалар сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру (бұдан әрі – электрондық есеп) тәртібін белгілейді.
2 2. Деректерді электрондық есепке алуды аккредиттеу жөніндегі орган ұсынған, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, осы Қағиданың 4-6-тармақтарында көрсетілген, ақпараттарды енгізу арқылы өнім және қызмет сәйкестігін растау жөніндегі органдар жүргізеді.
3 3. Электрондық есеп бойынша, барлық деректер Аккредиттеу жөніндегі органына күн сайын берілген сәйкестік сертификаттарының, өтініш-декларацияларының, сәйкестік декларацияларының берілуіне және (немесе) тіркелуіне қарай ұсынылады.
4 4. Бағдарламалық қамтамасыз етуде сәйкестік туралы тіркелген декларациялар туралы ақпараттарды енгізу барысында:
1 1) сәйкестік туралы декларациясының тіркеу нөмірі және тіркеу күні;
2 2) өтінім берушінің (декларанттың) атауы, мекен-жайы;
3 3) шығарушының атауы, мекен-жайы;
4 4) осы өнімді сәйкестендіруге болатын, сәйкестік туралы декларация таратылатын өнім туралы мәліметтер;
5 5) Кеден одағының ішкі экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды (кодтары) (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН);
6 6) өнім сәйкестігі қойылатын талаптарға сәйкес расталатын нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар туралы ақпараттар;
7 7) дәлелді база болып табылатын, менеджмент жүйесі сертификатына, сондай-ақ басқа да құжаттарда жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы мәліметтер;
8 8) сәйкестік туралы декларацияның қолдану мерзімі;
9 9) сәйкестік туралы декларацияны тіркеген, сертификаттау органының атауы, мекен-жайы;
10 10) сәйкестік туралы декларацияны тіркеген, сертификаттау орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
11 11) сәйкестік туралы декларацияға қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер;
12 12) сәйкестік туралы декларация бланкінің есептік нөмірі;
13 13) сәйкестік туралы декларацияны тіркеген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
5 5. Бағдарламалық қамтамасыз етуде берілген сәйкестік сертификаттары туралы ақпараттарды енгізу барысында:
1 1) сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі, қызмет мерзімі, сәйкестік сертификаты ресімделген бланкінің есептік нөмірі;
2 2) өтінім берушінің (декларанттың) атауы, мекен-жайы;
3 3) шығарушының атауы, мекен-жайы;
4 4) сәйкестік сертификатын берген, сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы, мекен-жайы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және берілген күні;
5 5) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
6 6) сарапшы-аудитордың (сарапшының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
7 7) сәйкестендіруге болатын, сертификатталған өнім туралы ақпараттар;
8 8) КО СЭҚ ТН коды (кодтары);
9 9) сертификаттау жүргізілген талаптарға сәйкес нормативтік құқықтық актілер және (немесе) нормативтік құжаттар туралы ақпараттар;
10
10) сәйкестікті растау органына нормативтік құқықтық актілердің қойылатын талаптарына өнімнің сәйкестігінің айғағы ретінде өтінім берушімен ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер, жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер (сынақ хатамасының күні, нөмірі, сынақ хаттамасын берген, сынақ зертханасының атауы және аккредиттеу аттестатының нөмірі, шет ел сертификатының нөмірі, күні, оны берген органның атауы, сапа (өндіріс) жүйесі сертификатының күні, нөмірі);