Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость

Бұйрық · № 385 · қабылданған 29.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54121/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость Күшін жойған Бұйрық ·№ 385 ·29.07.2010
15.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость

Күшін жойған Бұйрық ·№ 385 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость
Атауы (қаз.)
Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
385
Қабылданған күні
29.07.2010
Көрсетілген редакция
15.04.2013 AI54121_4.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006398_
ЭКБ идентификаторы
54121
Редакция идентификаторы
AI54121_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:39

0 Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырылған Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) мыналарды:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 29 шілдедегі
№ 385 бұйрығымен
бекітілген
Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулық

1

1. Осы Нұсқаулық «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және қайтаруға жататын ҚҚС артуын растау мақсатында қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) артуын қайтару туралы талаптарды (салық өтініштерін) табыс еткен салық төлеушілерді тәуекелдер деңгейіне жатқызу тәртібін нақтылайды.

2 2. Осы Нұсқаулық ҚҚС артуын қайтару туралы талаптарға (салық өтініштеріне) сәйкес қайтаруға табыс еткен ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша жоспардан тыс салық тексерулерін жүргізу кезінде ғана қолданылады.

3 3. Осы Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) мынадай салық төлеушілерге таралмайды:

1 1) мониторингте тұрған ірі салық төлеушілерге;

2 2) өз өндiрiсiндегі тауарларды өндiрушiлер, сондай-ақ мұндай өндiрушiлердiң тауарларын өткізетін олардың сауда үйлерiне;

3 3) жер қойнауын пайдалану келісім-шартының шеңберiнде қызметті жүзеге асыратындар.

4 4. ҚҚС төлеушіден ҚҚС артуын қайтару туралы талаптар (салық өтініштері) келіп түскен кезде салық органы қайтаруға табыс еткен ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тиісті тақырыптық салық тексерулерін жүргізуді тағайындайды.

5 5. Тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдерін қолданумен бір уақытта осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес ҚҚС артуын қайтару туралы талаптарға (салық өтініштеріне) сәйкес қайтаруға табыс еткен ҚҚС төлеуші қызметінің көрсеткіштері тестіден өтеді.

6 6. Тәуекел өлшемдерінің баллдары барлық өлшемдер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін жинақталады. Бұл қорытынды салық төлеушілерді тәуекелдер деңгейіне жатқызу үшін қолданылады.

7 7. Егер баллдардың жиынтық қорытындысы тестілеу нәтижесі бойынша отыз бес және одан жоғары балл болған жағдайда, салық төлеуші тәуекелдер деңгейіне жатады.

8

8. Егер баллдардың жиынтық қорытындысы тестілеу нәтижесі бойынша отыз бес баллдан төмен болып, бірақ салық төлеушінің қызметінде осы Нұсқаулықтың 2 - 4-қосымшаларында көзделген жүйелерге келетін салықтарды төлеуден жалтару белгілері байқалған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушіні тәуекел дәрежесіне жатқызуға құқылы.
Бұл ретте салықтарды төлеуден жалтару белгілері:

1 1) тиісті тауар, жұмыстар, қызмет көрсетулер қозғалысынсыз ҚҚС сомаларын есепке жатқызу құқығын алу мақсатында мәмілелер жасасу;

2 2) тауардың қосылған құнын ұлғайту, тиісінше, ҚҚС бойынша дебеттік сальдоны өсіру мақсатында мәмілелер жасасу болып табылады.

9 9. Тәуекел дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты салық органы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізушілер бойынша «Жеткізушілер бойынша пирамида» талдамалы есебін (бұдан әрі – талдамалы есеп) қалыптастырады.

10 10. Егер талдамалы есепті қалыптастыру кезінде:

ірі салық төлеушілер мониторингіндегі;
өз өндірісінің тауарларын өндіретін, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші болып табылатын жеткізуші анықталған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушінің жеткізушілері бойынша одан әрі талдамалы есеп қалыптастыруды тоқтатады.

11

11. Талдамалық есептің нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтары анықталған жағдайда, ҚҚС артық сомасын қайтару тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтарының анықталуына байланысты, қайтаруға жатпайтын ҚҚС артық сомасына азайтылған, қайтаруға қойылған сомалардың шегінде жүргізіледі.
Бұл ретте, қайтаруға жататын ҚҚС артық сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

1 1) салық заңнамасын бұзушылығы белгіленген әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) қойған ҚҚС төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің есепке жатқызылған ҚҚС сомаларынан ең азы белгіленеді;

2 2) мына сомалардың ең азы белгіленеді:

осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларының қосындысынан қалыптасқан ҚҚС сомасы
және
тікелей өнім берушіден, ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талапты (салықтық өтініш) ұсынған ҚҚС төлеушісі есепке жатқызған ҚҚС сомасы;

3 3) қайтаруға ұсынылған ҚҚС артық сомасынан осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тәртіпте айқындалған ҚҚС сомасы шегеріледі.

Қайтаруға жатқызылған ҚҚС артық сомасын айқындау мысалдары осы Нұсқаулықтың 5, 6-қосымшаларында келтірілген.

12

12. ҚҚС артықшылығының қалған сомасын қайтару Салық кодексінің 635-бабының 10-тармағында және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 11-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің осы соманы келесі салық кезеңіндегі ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген қайтару туралы талабына енгізу және (немесе) бұзушылықтары жойылған тиісті салық кезеңіндегі ҚҚС артықшылығын қайтару туралы салық өтінішін ұсыну жолымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтарын жоюына қарай жүргізіледі. Бұл ретте, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тексеруді жүргізуге жауапты салық органының лауазымды тұлғасы міндетті түрде осындай жеткізушілер бойынша талдамалық есептің нәтижелерін талдайды.

1 Қосылған құн салығының артуын қайтару туралы талаптарды (салықтық өтініштерді) қарау кезінде салық қызметі органдары қолдануы тиіс тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдері

Қосылған құн салығының
артуын қайтару мақсатында
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Қосылған құн салығының артуын қайтару туралы талаптарды (салықтық өтініштерді) қарау кезінде салық қызметі органдары қолдануы тиіс тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдері
№№
р.с.
Өл­шем­дер­дің ата­уы
Балл са­ны
1.
Соң­ғы күн­тіз­бе­лік жы­л­ға Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша қа­лып­тас­қан са­лық жүк­те­ме­сі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің (бұ­дан әрі - СЖК) ор­та­ша са­ла­лық мәні­нен тө­мен са­лық тө­ле­у­ші­нің СЖК
10
2.
Ке­зек­ті үш жыл бой­ы­на са­лық тө­ле­у­ші көр­сет­кен за­лал
10
3.
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап (са­лық­тық өті­ніш) та­быс еті­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы он екі ай­лық ке­зең үшін екі есе­ден аса азай­ту­ға ҚҚС бой­ын­ша қо­сым­ша есеп­ті­лік та­быс ету
10
4.
Соң­ғы 3 жыл­да ҚҚС бой­ын­ша есеп­ке жат­қы­зу­дың тұ­рақ­ты асып ке­туі
5
5.
Са­лық тө­ле­у­ші­ге ұзақ уа­қыт бойы (үш жыл­дан аса) ке­шен­ді са­лық тек­се­руі жүр­гі­зіл­ме­ген
5
6.
Соң­ғы 3 жыл­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес ай­қын­да­ла­тын өза­ра бай­ла­ны­сты та­рап­тар­дың өза­ра есеп ай­ы­ры­су­ла­ры­ның бо­луы
5
7.
Соң­ғы 5 жыл­да күм­ән­ді мәмі­ле­лер­ді жү­зе­ге асы­ру (жал­ған кә­сі­по­рын­дар­мен, са­лық есеп­ті­лі­гін та­быс ет­пей­тін неме­се нөл­ді са­лық есеп­ті­лі­гін та­быс ете­тін, сон­дай-ақ әре­кет­сіз, ҚҚС бой­ын­ша есеп­тен шы­ға­ры­л­ған, та­ра­ты­л­ған және банк­рот са­лық тө­ле­у­ші­лер­мен)
35
8.
Тір­кеу есе­бі­нің көр­сет­кіш­те­ріне сәй­кес са­лық мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­мау және (неме­се) то­лық орын­да­мау ық­ти­мал­ды­ғы бар са­ла­лар­да қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру (құ­ры­лыс, са­уда)
10
9.
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап (са­лық­тық өті­ніш) та­быс еті­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы он екі ай­лық ке­зең­де ка­ме­рал­ды ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша анық­тал­ған рас­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
5
10.
Соң­ғы 5 жыл­да та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, қыз­мет көр­се­ту­лер­ді са­тып алу ба­ға­сы­нан тө­мен ба­ға­да өт­кі­зу (қол­да бар ақ­па­рат­тар бой­ын­ша, оның ішін­де ал­дың­ғы са­лық тек­се­ру­ле­рі бой­ын­ша)
10
11.
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап (са­лық­тық өті­ніш) та­быс еті­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы он екі ай­лық ке­зең­де шы­ға­рып бе­рі­л­ген № 10 ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
5
12.
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап (са­лық­тық өті­ніш) та­быс еті­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы он екі ай­лық ке­зең­де мы­на­дай фак­ті­лер­дің бі­рі­нің неме­се бір­не­ше­уі­нің бо­луы:
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап қам­ты­л­ған ҚҚС бой­ын­ша ба­стап­қы де­кла­ра­ци­я­ны та­быс ету;
Са­лық тө­ле­у­ші­нің қай­та тір­ке­луі;
Са­лық тө­ле­у­ші­нің ор­на­лас­қан ор­нын ауы­сты­руы
10

2 Қосылған құн салығының

артуын қайтару мақсатында
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

3 Қосылған құн салығының

артуын қайтару мақсатында
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Қосылған құн салығының
артуын қайтару мақсатында
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

4 Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы

Қосылған құн салығының
артуын қайтару мақсатында
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы
Салық заңнамасын бұзушылығы белгіленген әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) қойған ҚҚС төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің есепке жатқызылған ҚҚС сомаларынан ең азы белгіленеді – 150 м.т.

5 Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы

Қосылған құн салығының
артуын қайтару мақсатында
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы
Қайтаруға ұсынылған ҚҚС артуының сомасынан мына сомалардың ең азы алынып тасталады: осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларының қосындысынан қалыптасқан ҚҚС сомасы және тікелей өнім берушіден, ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талапты (салықтық өтініш) ұсынған ҚҚС төлеушісі есепке жатқызған ҚҚС сомасы - 1 000 м.т.

Қолданыстағы