О Правилах благоустройства территорий, содержания, защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Сарыкольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах благоустройства территорий, содержания, защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Сарыкольского района
- Атауы (қаз.)
- Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын көркейту, жасыл желектерді ұстау, қорғау Ережесі туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 195
- Қабылданған күні
- 16.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2011 AI54142_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NQ000103
- ЭКБ идентификаторы
- 54142
- Редакция идентификаторы
- AI54142_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:46
0 Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын көркейту, жасыл желектерді ұстау, қорғау Ережесі туралы
Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3, 300 және 387 баптарына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса ұсынылған Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын көркейту, жасыл желектерді ұстау,қорғау Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Сарыкөл ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ Т.Ж. Қиақбаев
"Сарыкөл ауданы бойынша
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ В.В. Колодко
3 Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын көркейту, жасыл желектерді ұстау, қорғау Ережесі
Мәслихаттың
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 195 шешімімен бекітілген
Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын
көркейту, жасыл желектерді ұстау, қорғау Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Ауданның елді мекендерінің аумақтарын көркейту, жасыл желектерін ұстау және қорғаудың осы Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) көркейту саласындағы қатынастарды, жасыл желектерді ұстау мен қорғауды реттейді және де меншік нысанынан тәуелсіз барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
2 2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі түсініктемелер:
жасыл желектер – оларға арнайы бөлінген учаскелерде және алаптарда орналасқан: бақтардағы, саябақтардағы, желекжолдардағы, шағынгүлбақтардағы, көгалдардағы, гүлбақтардағы ағаштар, бұтақтар, гүлдер, шөп дақылдары;
көркейту – адамның тұрған ортасында қолайлықты, жайлылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жұмыстар кешені. Берілген жұмыстар кешені аумақтарды жинауды ұйымдастыруды, нысаналарды және көркейту элементтерін ұстауды, пайдалануды, жөндеу мен қорғауды ұйымдастыруды қарастырады.
3 3. Сарыкөл ауданының елді мекендерінің аумақтарын көркейту мақсатында барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға рұқсат берілмейді:
1 1) тротуарларға, жаяу жүретін жолдарға, балалар алаңдарына және жол жиегі тастарына автокөліктердің өтуіне және қоюға;
2 2) жайылымдардан тыс көшелерге, шағынгүлбақтарға, бақтарға, орманбақтарға, стадиондарға, мектеп жанындағы учаскелерге және басқа қоғамдық орындарына мал және құстарды жайлауға;
3 3) белгіленбеген жерлерде қалдықтарды төгуге;
4 4) осы мақсаттар үшін тиісті емес жерлерге қалдықтарды шығаруға, сондай-ақ оларды ауылшаруашылыққа тағайындалған жерлерге көмуге;
5 5) тұрғын үй құрылысы аудандарында, шағынгүлбақтарда, саябақтарда табиғи текті қоқыс пен қалдықтарды өртеуге;
6 6) қоғамдық пайдалану орындарындағы (соның ішінде балалар және спорттық алаңдар элементтері) имараттардың тұтастығын бұзуға;
4 4. Қоғамдық жерлерде, тазартылуы олардың толу шамасы бойынша жүргізілетін, сауыттар орналастырылады.
Сауыттарды ұстау, оларға бөлінген аумақты жинастыруды жүзеге асыратын ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер қамтамасыз етеді.
5 5. Елді мекеннің аумағын нәжіспен үй жануары ластаған жағдайда, жануар (лар) иесі (лері) олардың жедел жинауын жүзеге асыруы қажет.
2 2. Инженерлік коммуникацияларды ұстау
6
6. Инженерлік коммуникацияны жүргізетін шаруашылық субъектілері жер асты коммуникациялары төсемінің мерзімін жоспарлау және бұл туралы тиісті қызметтерді уақтылы ақпараттауы, жер асты коммуникацияларының төсемін уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асыруы, елді мекеннің көркейту объектілерінің зақымдануына мүмкіндік туғызатын инженерлік жүйелердің және имараттардың техникалық жағдайын үнемі қадағалауы қажет, атап айтқанда: