О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата Мангистауской области и решения Мангистауского областного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата Мангистауской области и решения Мангистауского областного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26/319
- Қабылданған күні
- 23.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2016 54153_282104.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10M0002079
- ЭКБ идентификаторы
- 54153
- Редакция идентификаторы
- 54153_282104
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:43
0 Кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне осы қаулы мен шешімге қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2 2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Облыс әкімдігінің 2010 жылғы
23 шілдедегі № 276 қаулысына және
облыстық мәслихаттың
2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/319
шешіміне қосымша
Өзгерістер енгізіліп жатырған кейбір бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихаты шешімдерінің тізбесі
1
1) бірлескен «Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 13/233 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 қарашадағы № 319 қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 1935 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы № 8 санында жарияланған):
шешімнің кіріспесіне:
«құрылымы» деген сөз «құрылысы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«әкімияты» деген сөз «әкімдігі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2
2) бірлескен «Сайөтес селолық округінің құрамына Боздақ селосын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы № 15/258 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімиятының 2006 жылғы 15 наурыздағы № 80 қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 1943 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2006 жылғы 13 мамырдағы № 58 санында жарияланған):
шешімнің кіріспесіне:
«құрылымы» деген сөз «құрылысы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«әкімияты» деген сөз «әкімдігі» деген сөзбен ауыстырылсын;
3
3) бірлескен «Бейнеу ауданының Ақжігіт селолық округінің құрамында Тәжен аулын құру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 16/288 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 188 қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 1953 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 145-146 санында жарияланған):
шешімнің кіріспесіне:
«құрылымы» деген сөз «құрылысы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4
4) бірлескен «Өмірзақ кентін «ауыл (село)» санатына жатқызу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 16/289 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 239 қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 1954 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 145-146 санында жарияланған):
шешімнің кіріспесіне:
«құрылымы» деген сөз «құрылысы» деген сөзбен ауыстырылсын.