О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова" Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова" Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 840
- Қабылданған күні
- 27.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI54162_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000840_
- ЭКБ идентификаторы
- 54162
- Редакция идентификаторы
- AI54162_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:28
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Республикалық мүлікті тиімді басқару және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
2 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
13-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда 3-бағанда «9764» деген сандар «9755» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда 3-бағанда «2972» деген сандар «2963» деген сандармен ауыстырылсын;
«Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана 9» деген жол алынып тасталсын.