Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по государственной регистрации избирательных фондов

Қаулы · № 7/8 · қабылданған 19.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54171/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по государственной регистрации избирательных фондов Күшін жойған Қаулы ·№ 7/8 ·19.08.2010
23.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по государственной регистрации избирательных фондов

Күшін жойған Қаулы ·№ 7/8 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по государственной регистрации избирательных фондов
Атауы (қаз.)
Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/8
Қабылданған күні
19.08.2010
Көрсетілген редакция
23.08.2018 54171_351559.kaz
Соңғы өзгеріс
23.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006401_
ЭКБ идентификаторы
54171
Редакция идентификаторы
54171_351559
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:31

0 Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

3 3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Сайлау қорларының тізілімін әзірлесін және округтік сайлау комиссияларына жіберсін.

4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

0 Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 7/8 қаулысымен бекітілген
Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулық

1

1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес әзірленген және Президенттікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, мәслихаттарының депутаттығына және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдікке) кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнаманың қолданылуын нақтылайды.

2 2. Президенттікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тіркейді.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тиісті облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары тіркейді.
Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тиісті округтік сайлау комиссиялары тіркейді.
Әкімдікке кандидаттардың сайлау қорларын тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары тіркейді.

3 3. Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларын тіркеуді тиісті сайлау комиссиялары кандидат, саяси партияның уәкілетті өкілі сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасаған күнінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде жүргізеді, ол туралы Сайлау қорларының тізілімінде жазба жасалады.

4 4. Орталық, облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық (қалалық), округтік сайлау комиссиялары Сайлау қорларының тізілімін осы Нұсқаулыққа қосымшаға сай нысан бойынша жүргізеді.

5 5. Орталық, облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық (қалалық), округтік сайлау комиссиялары кандидаттың, саяси партияның уәкілетті өкілінің өтініші негізінде:

Сайлау қорларының тізіліміне сайлау қоры туралы деректерді енгізеді;
банк мекемесінде кандидаттың, саяси партияның сайлау қорының арнаулы уақытша шотын ашады.

6 6. Сайлау қорларының қызметін тоқтату тиісті сайлау комиссиясының немесе соттың шешімі негізінде жүзеге асырылады, ол туралы Сайлау қорларының тізілімінде жазба жасалады.

7 7. Сайлау қоры өз қызметін:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларына (бұдан әрі – Сайлау қағидалары) сәйкес кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 34-бабы 9-тармағына, Сайлау қағидаларының 44-тармағына сәйкес кандидаттың, саяси партияның сайлау қорлары қаражатын жұмсауы туралы есебін қабылдау туралы тиісті сайлау комиссиясының шешімі бойынша;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Сайлау қағидаларына сәйкес сайлау жарамсыз деп танылған жағдайда;
сот шешімі бойынша тоқтатады.

8 8. Кандидатты, партиялық тізімді тіркеудің күшін жою туралы шешім бойынша сотқа не жоғары тұрған сайлау комиссиясына шағым жасалған жағдайда, сайлау қорларының қызметі тиісті шешім қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрады.

1 Сайлау қорларының тізілімі

Сайлау қорларын мемлекеттік
тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Нысан
Сайлау қорларының тізілімі
Ті­зі­лім­нің рет­тік нө­мі­рі, жа­з­ба­ның ен­гі­зі­л­ген кү­ні
Сай­лау қо­ры­ның тір­кел­ге­ні неме­се қыз­ме­ті­нің тоқ­та­ты­л­ға­ны ту­ра­лы жа­з­ба
Ата­уы (сай­лау қо­ры­ның ти­е­сі­лі­лі­гі)
Кан­ди­дат­тың тұр­ғы­лық­ты же­рі (са­я­си пар­ти­я­ның ор­на­лас­қан же­рі)
Жа­з­ба­ны ен­гіз­ген адам­ның Т.А.Ә. және сай­лау ко­мис­си­я­сы­ның де­ректе­рі

Қолданыстағы