Құжат мәтініне өту

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы

Өзге акт · № 198-IV · қабылданған 14.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.07.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-54186/?version=54186_176733.kaz
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 198-IV ·14.07.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы

ҚАЗАз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 198-IV · қабылданған 14.07.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы
Атауы (қаз.)
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
198-IV
Қабылданған күні
14.07.2010
Көрсетілген редакция
27.07.2012 · қолданыстағы 54186_176733.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10TD000168
ЭКБ идентификаторы
54186
Редакция идентификаторы
54186_176733
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:48

0 Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының негізінде, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, "Атырау облысында әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру іс-шаралары жоспарының" 12 тармағына сәйкес, аудан әкімдігінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 111 қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.

2 2. Бұған дейін қабылданған және толықтырулар мен өзгерістер енгізілген аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

3 3. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Жамалова) жүктелсін.

4 4. Шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Аудандық мәслихаттың

2010 жылғы 14 шілдедегі № 198-ІV
шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған
шешімдерінің тізбесі

1

1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 249-ІІІ "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы" шешімі (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2007 жылғы 25 мамарда № 4-4-69 санымен реестрге енгізілген, "Нарын таңы" газетінің 2007 жылғы 9 маусымдағы № 23 санында жариаланған).

2

2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 29-ІV "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке үйді ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 249-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2008 жылғы 11 қаңтарда № 4-4-90 санымен реестрге енгізілген, "Нарын таңы" газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 4 санында жариаланған).

3

3. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 109-ІV "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке үйді ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 249-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2009 жылғы 15 мамырда № 4-4-134 санымен реестрге енгізілген, "Нарын таңы" газетінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 21 санында жариаланған).

4

4. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 150-ІV "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 249-ІІІ шешіміне" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 22 қаңтарда № 4-4-151 санымен реестрге енгізілген, "Нарын таңы" газетінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 9 санында жариаланған).

10 Аудандық мәслихаттың

2010 жылғы 14 шілдедегі № 198-ІV
шешімімен бекітілген
Аз қамтылған, отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету қағидасы туралы

1 1. Жалпы ережелер.

1 1. Осы қағида Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі қағидасын) белгілейді.

2 2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.

2 2. Тағайындау қағидасы.

3 3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражаттар шегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы тағайындалады.

4 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін арыз беруші тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тіркеп, арыз береді:

1 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

3 3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

4 4) отбасының табысын растайтын құжаттар;

5 5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге арналған жарнаның мөлшері туралы шот;

6

6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің  ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған  шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;

7 7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

8 8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

9 9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақасының мөлшері туралы шот.

5 5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі:

1

1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азакматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ түлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;

2 2) жергілікті арқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.