Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 10.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2012 · қолданыстағы AI54193_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VF000117
- ЭКБ идентификаторы
- 54193
- Редакция идентификаторы
- AI54193_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:35
0 Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы № 1128-ХІІ «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 6-2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есепке алу және тіркеу үшін, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) саны аз заңды тұлға белгілері жоқ, саны 10 (онға) дейін кәмелетке толған азаматтармен діни топтарды (бұдан әрі – діни топ) есептік тіркеу және қайта тіркеу бойынша жұмысты жүргізсін.
2 2. Діни топ оны Бөлімде есептік тіркеуге қойған сәттен бастап діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.
3 3. Діни топ есептік тіркелу үшін Бөлімге келесі құжаттарды ұсынады:
1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі арыз;
2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топты құраушы кәмелетке толған азаматтардың тізімі;
3 3) топ мүшелері жиналысының хаттамасы.
4
4. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, Бөлім діни топты есептік тіркеу туралы деректерді 3-қосымшаға сай үлгіде заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу журналына енгізеді және құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей осы қаулының 4-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ діни топты есептік тіркеу жөніндегі анықтаманы береді.
5 5. Есептік тіркеу ақысыз жүргізіледі.
6 6. Діни топ өзінің қызметін нақты тоқтатқан немесе әділет органдарында мемлекеттік тұлға мәртебесімен діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде тіркеуден өткен жағдайда жергілікті атқарушы органның есептік тіркеуінен шығарылады.
7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.
8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
12 Аягөз ауданының әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 28 қаулысына 1 қосымша
___________________________________________
(арызды тiркеушi органның атауы)
Заңды тұлға белгiлерi жоқ, саны аз дiни
топтарды есептiк тiркеу жөнiндегi
арыз
__________________________________________________________________
(топ жетекшiсiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________
(дiни топтың атауы, ұстанатын дiнi)
__________________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерiнiң саны)
__________________________________________________________________
(дiни топтың мекенжайы және ғибадат үйiнiң болуы)
__________________________________________________________________
(өз қызметiн соның шегiнде жүзеге асыратын аумағы)
Қолы
Күнi
13 Заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топты құраушы кәмелетке толған азаматтардың тiзiмi
Аягөз ауданының әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 28 қаулысына 2 қосымша
Заңды тұлға белгiлерi жоқ
саны аз дiни топты құраушы кәмелетке
толған азаматтардың тiзiмi
Р/с
№
Тегi, аты,
әкесiнiң аты,
Туған жылы, айы,
күнi
Тұрғылықты жерi
Қолы
Заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтың басшысының
Қолы
Күнi
14 Заңды тұлғаның белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеу журналы
Аягөз ауданының әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 28 қаулысына 3 қосымша
Заңды тұлғаның белгiлерi жоқ
саны аз дiни топтарды есептiк тiркеу
журналы
Р/с
№
Тiркелген
нөмiрi
мен
күнi
Дiни
топтың
атауы
Дiни
топтың
ұстанатын
дiнi
Дiни топтың
орналасқан
жерi
Дiни топ
қызметiнiң
ауданы
Ғибадат
үйiнiң
бар
болуы
1
2
3
4
5
6
7
кестенiң жалғасы:
Р/с
№
Тiркелген
нөмiрi
мен
күнi
Жетекшiнiң
тегi, аты,
әкесiнiң
аты,
мекен-жайы, телефоны
Есептiк тiркеу
туралы анықтаманы
толтырған тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
Есептiк тiркеу
туралы
анықтаманы
алған тұлғаның
тегi, аты,
әкесiнiң аты
Ескерту
1
2
8
9
10
11
15 Заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеу жөнiндегi анықтама
Аягөз ауданының әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 28 қаулысына 4 қосымша
Заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни
топтарды есептiк тiркеу жөнiндегi
анықтама
№ _____
200__ жылғы «___»____________ берiлдi
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның белгiлерi жоқ саны аз дiни топтың атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Топты тiркеген органның басшысы Қолы
Мөрi