Қолданыстағы ред. 20.07.2010 (Редакция 54213_209188.kaz)

Шалқар қаласының атаусыз көшелеріне жаңа атау беру туралы от 20.07.2010 г. № 197 (Шалқар қаласының атаусыз көшелеріне жаңа атау беру туралы)

0

Шалқар қаласының атаусыз көшелеріне жаңа атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақста Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Републикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына және Шалқар қаласының Жазықтық қалашығындағы атаусыз көше тұрғындарының конференция хаттамасына сәйкес, аудандық ономастикалық комиссиясының ұсыныстары негізінде халықтың пікірін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Шалқар қаласының Жазықтық қалашығындағы атаусыз көшелеріне:
Құлбатыр Қаратайұлы; Қазақай ахун; Тұңғатаров Исмағұл Тұңғатарұлы атаулары берілсін.

2

2. Шалқар қаласына қарасты Мырзағұл Шыманұлы ауылының атаусыз көшелеріне:
Көкжиде; Сарықамыс атаулары берілсін.

3

3. Шалқар қаласына қарасты Жомарт ауылының атаусыз көшесіне Сазтөбе атауы берілсін.

4

4. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.