Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
ҚАЗМемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 484
- Қабылданған күні
- 05.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2013 · қолданыстағы 54231_195320.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DO000091
- ЭКБ идентификаторы
- 54231
- Редакция идентификаторы
- 54231_195320
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:36
0 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы 14) тармақшаcына және Райымбек аудандық мәслихатының 21 желтоқсан 2009 жылғы «Райымбек ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» № 32-160 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де (бұдан әрі әлеуметтік көмек) 150000 теңгеден 200000 теңгеге дейінгі мөлшерде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілу қамтамасыз етілсін, бір жолғы әлеуметтік көмек өтініш берушілердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға алған лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдардағы есеп шоттарына аудару арқылы жүргізілсін.
2
2. «Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Зықаев Халық Сансызбайұлы әлеуметтік көмекті мақсатты пайдаланатын, өздерін-өздері жұмыспен қамтуға, өз күшімен кедейшіліктен шығуға тырысатын отбасыларына өтініштерінің негізінде төмендегі құжаттарды ұсынған жағдайда әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:
1 1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының, әлеуметтік көмек алушының және учаскелік комиссия төрағасының арасында жасалған үш жақты келісім-шарт;
2 2) тұқым сатып алуға – жер учаскесі бар екендігі туралы анықтама немесе жерді жалға алғаны туралы шарты;
3 3) халық кәсіпшілігін дамытуға – жеке меншік іс ашу үшін негізделіп, табыстылығы көрсетілген бизнес-жоспары;
4 4) кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесі.
3
3. Бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім, азаматтардан өтініш және өтінішпен бірге ұсынылған құжаттары қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдансын. Өтініш беруші бір жолғы әлеуметтік көмектің мақсатты пайдаланылуына жауапты болады. Мақсатты пайдаланылмаған қаржыны әлеуметтік көмек алушы өз еркімен бюджетке толық қайтаруға міндетті, өз еркімен қайтарылмаған жағдайда сот арқылы қайтарылсын.