Қызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі туралы
ҚАЗҚызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі туралы
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 08.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2016 · қолданыстағы 54239_68394.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10L0004256
- ЭКБ идентификаторы
- 54239
- Редакция идентификаторы
- 54239_68394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:50
0 Қызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі туралы
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі ұсынылсын,
2 2. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі берген жолдама негізінде науқастың емделуге барып-қайту жол ақысын:
1 1) әуе көлігімен жүрген кезде - темір жол көлігінің купелі вагонының (2-класс) бір билетінің нақты құны мөлшерінде;
2 2) темір жол көлігінің купелі вагонымен (бизнес класс және 1-класс) жүрген кезде - купелі вагонның (2-класс) бір билетінің нақты құны мөлшерінде;
3 3) темір жол көлігінің купелі вагоны (2-класс), плацкарт вагоны (3-класс) мен қалааралық автомобиль көлігінде - оның бір билетінің нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізілсін.
3
3. "Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 225 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4247 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" газетінің 2010 жылғы 22 мамырдағы N 99-100 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.