Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги "Регистрация радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств"

Қаулы · № 868 · қабылданған 01.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54283/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги "Регистрация радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств" Күшін жойған Қаулы ·№ 868 ·01.09.2010
26.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Регистрация радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств"

Күшін жойған Қаулы ·№ 868 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги "Регистрация радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств"
Атауы (қаз.)
"Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
868
Қабылданған күні
01.09.2010
Көрсетілген редакция
26.08.2013 AI54283_6.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000868_
ЭКБ идентификаторы
54283
Редакция идентификаторы
AI54283_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:28

0 "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 368 қаулысымен
бекітілген
«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу» (бұдан әрi – РЭҚ және ЖЖҚ) мемлекеттiк қызметiн Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң байланыс және ақпараттандыру инспекциялары (бұдан әрi – инспекция) көрсетедi. Инспекциялардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.

2

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi жазбаша нысанда немесе «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу» бөлiмiндегi (портал мекенжайы: http://surd.mtc.gov.kz) рұқсат беру құжаттарын есепке алу жүйесi арқылы алу мүмкiндiгi бар.

3 3. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 8-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

4

4. Осы стандарт және мемлекеттiк қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын талап жөнiндегi ақпарат: www.mtc.gov.kz интернет ресурсының «Байланыс» бөлiмiнiң «Нормативтiк құқықтық актiлер» кiшi бөлiмiнде бұдан әрi «Қаулыларда», сондай-ақ инспекцияларда орнатылған ақпараттық стендiлерде орналастырылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ресімделген РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет РЭҚ пен ЖЖҚ-ны тіркеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

а а) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетімен қоса өтінішті беру және инспекцияның кеңсесінде тіркеу - 30 минут;

б б) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру сәтінен бастап - 3 (үш) күн;

в в) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған (тіркеген кезде) кезде, өтініш берушінің өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін электрондық сұрау салуды жасаудың ең көп рұқсат етілетін күту уақыты - 15 минут;

3 3) өтініш берушінің өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілетін уақыты - 15 минут.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету құны «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабына сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік баж төлем мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.

9 9. Мемлекеттік қызмет күн сайын жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алдын ала жазылу, сондай-ақ жеделдетіп қызмет көрсету болмайды.

10 10. Мемлекеттік қызмет инспекциялардың ғимараттарында көрсетіледі. Инспекциялардың ғимараты:

1 1) физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен;

2 2) іші ақпараттық стенділермен жабдықталған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушы мынадай

құжаттарды тапсырады:

1 1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ресімделген белгіленген үлгідегі өтініш;

2 2) осы стандартқа 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес ресімделген тиісті радиобайланыс түріне сауалнама;

3 3) сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген Қазақстан Республикасының РЭҚ пен ЖЖҚ-на сәйкестік сертификатының көшірмесі;

4 4) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік бюджетке алымды төлегенін растайтын құжаттар;

5 5) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттың көшірмесі (егер радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда);

6 6) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны сатып алу тармағын көрсете отырып, сатып алудың және (немесе) шетелден әкелудің (әкелінген жағдайда) заңдылығын растайтын құжаттар (кепілдік талонының, зауыттық нөмірлері көрсетілген жүкқұжат шот-фактурасының көшірмесі);

7 7) РЭҚ пен ЖЖҚ-ның электромагниттік үйлесімділігі (бұдан әрі - ЭМҮ) қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда).

Бұл ретте ЖЖҚ-ны тіркеу үшін 3), 5), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Телефон арнасының радиоұзартқыштарын және 27 МГц жиілік диапазонында РЭҚ-ті тіркеу өтініміне 11-тармақта келтірілген құжаттардың орнына осы стандартқа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш қоса беріледі.

12 12. Өтiнiштердiң бланкiлерi және толтыру үлгiлерi инспекциялардың арнайы ақпарат стендiнде және www. mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

13 13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша инспекциялардың кеңсесіне ұсынылады.

14 14. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

15 15. Құжаттарды қабылдау кезінде инспекция кеңсесінің қызметкері тұтынушыға өтініштің кіріс нөмірі мен қабылданған күні және тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді.

16 16. РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тұтынушыға беруді тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхаттың негізінде инспекция кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.

РЭҚ/ЖЖҚ тiркеу бөлiмiнде рұқсат құжаттарын есепке алу жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде (порталдың мекенжайы: http://surd.mtc.gov.kz) тұтынушы электронды түрде хабарлама алады.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту үшін жиынтықсыздық не ұсынылған құжаттар пакетінің осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес дұрыс рәсімделмеуі негіз болып табылады.

Бас тартқан жағдайда тұтынушыға РЭҚ пен ЖЖҚ куәлігін беруден бас тарту себебі көрсетілген жазбаша дәлелденген растау беріледі.

3 3. Жұмыс істеу қағидаттары

18

18. Уәкілетті орган инспекцияларының қызметі адамның конституциялық құқықтарын, жүктелген міндеттерді орындау кезінде заңдылықтарды сақтауға негізделеді және сыйпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық және жан-жақты ақпаратты ұсыну, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына жүзеге асырылады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерiн жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi бекiтедi.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Инспекциялар бастықтары мен функциялары мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты қызметкерлері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді. Инспекциялардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

22

22. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсi бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетi төрағасының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе Астана қаласы, Министрлiктер үйi, Орынбор көшесi, № 8 үй мекенжайы бойынша қолма-қол берiледi, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8(7172) 74-03-24, не электрондық түрде - kanc@mtc.gov.kz мекенжайына берiледi.
Жұмыс кестесі күн сайын жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

23

23. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң байланыс және ақпараттандыру инспекциялары көрсетедi. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым инспекция бастығының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша түрде немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша қолма-қол берiледi.
Жұмыс кестесі күн сайын жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі.

23-1 23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24 24. Шағым еркін нысанда жасалады.

25 25. Қабылданған шағымдар инспекцияларда тіркеледі (мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген). Тұтынушыға өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі не өтініштің көшірмесіне оның қабылданғаны туралы белгі қойылады.

Шағымдарды қарау «Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.

26 26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурс: www.mtc.gov.kz, тел: 8 (7172) 74-03-64 факс: 8(7172) 74-10-03.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң сенiм телефоны: 8 (7172) 740685.

1 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің байланыс және ақпараттандыру инспекцияларының тізбесі

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің байланыс және ақпараттандыру инспекцияларының тізбесі
📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Ин­спек­ци­я­лар­дың ата­уы
ин­спек­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ле­рі­нің те­ле­фон­да­ры
ин­спек­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ле­рі­нің ме­кен­жайы
1
2
3
4
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Аста­на қа­ла­сы және Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8(7172)217-000, 21-69-33, 21-69-36, 21-60-32 аstana@​mtc.​gov.​kz
010000, Аста­на қа­ла­сы, Са­рай­шық кө­ше­сі, 9, «Ави­цен­на» ТК, "Ж" бло­гы
2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Ал­ма­ты қа­ла­сы және Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7272)77-52-99, 77-52-81, 77-52-99 almaty@​mtc.​gov. kz
050000, Ал­ма­ты қа­ла­сы, Жұ­ма­ли­ев кө­ше­сі, 108, 410-ка­би­нет
3.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7132) 520340, 520721 aktybinsk@mtc. gov.​kz.
030000, Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Әбіл­қай­ыр хан даң­ғы­лы, 62
4
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7122) 270042, фб271615 atyray@ mtc.​gov.​kz
060000, Аты­рау қа­ла­сы, Пуш­кин кө­ше­сі, 201, 221-ка­би­нет
5
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7212) 437010фб 437024 karaganda@ mtc.​gov.​kz
100000, Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Ер­ме­ков кө­ше­сі, 73/А, 302-кең­се
6
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7182) 323549, 327280 ф, 540338 РКП pavlodar.@​mtc. gov.​kz
140000, Пав­ло­дар қа­ла­сы, Сәт­па­ев кө­ше­сі, 50
7
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7142) 535185 ф, 535074, 503026 kostanay@ mtc. gov.​kz
110000, Қо­ста­най қа­ла­сы, Те­мір­ба­ев кө­ше­сі, 14, 58-59-пәтер­лер
8
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (72422) 70953ф 78853ф 77548 kyzylorda@mtc. gov. kz
120000, Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Қа­зан­та­ев кө­ше­сі, 8 үй, 3-пәтер
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7262) 450960ф 434224 zhambyl@ mtc.​gov.​kz
080012, Та­раз қа­ла­сы, Қа­зы­бек би кө­ше­сі, 138
10
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7292) 313344, 429911ф mangistau@mtc. gov.​kz
130000, Ақ­тау қа­ла­сы, 9 ша­ғын ауд., 18-үй, 91-92-пәтер
11
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7112) 503877 ф, 244974, 513865 zko@​mtc.​gov.​kz
090000, Орал қа­ла­сы, Евра­зия даң., 100
12
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7252) 540100, 534952, 211391 РКП uko@​mtc.​gov. kz
160000, Шым­кент қа­ла­сы, Тәу­ке хан даң­ғы­лы, 35
13
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7152) ф,490080, 50-00-29 sko@ mtc.​gov.​kz
150000, Пет­ро­павл қа­ла­сы, М.Жұ­ма­ба­ев кө­ше­сі, 109, 7-қа­бат
14
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ко­ми­те­ті­нің Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру ин­спек­ци­я­сы
8 (7232) 269105, 252784ф vko@ mtc.​gov. kz
070000, Өс­ке­мен қа­ла­сы, Карл Либ­к­нехт кө­ше­сі, 19
8 (7222) 560499
071400,Се­мей қа­ла­сы, Ду­ла­тов кө­ше­сі, 145/107

2 «Радиоэлектронды құралдар мен

жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша
_____________________________________________________________________
Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
№  № ГРСС-ААА/ ВВВВВВ*
Иесі                              __________________________________
РЭҚ/ЖЖҚ түрі                      __________________________________
РЭҚ/ЖЖҚ типі                      __________________________________
РЭҚ зауыттық нөмірі               __________________________________
Тіркеу күні                       __________________________________
_____________
Ескертпе: РЭҚ пен ЖЖҚ-ты тіркеу оның иесіне РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдалануға рұқсатсыз оларды пайдалануға беруге құқық бермейді.
М.О. ______________                             _________________
(қолы)

3 Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
3-қосымша
Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
ӨТІНІШ
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы облысы, ауданы, қаласы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
аумағында РЭҚ (ЖЖҚ) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруды өтінемін.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны
____________________________________________________________________
2. Құрылған жылы
____________________________________________________________________
3. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ________________________________
____________________________________________________________________
(№, кім және қашан берген)
4. Мекен-жайы ______________________________________________________
(пошталық индексі, облыс, аудан, көшесі, үй №, телефон)
____________________________________________________________________
5. Банктік деректемелер ____________________________________________
6. СТН
____________________________________________________________________
7. Тіркелген орны бойынша салық комитеті ___________________________
Басшы __________________________          __________________________
(қолы)                     (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны
"____" _____________ 20 ___ ж.
Өтініш алынды:"_____" ________________ 20 ____ ж.
____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның Т.А.Ә., қолы)

8 8. Қосымша құжаттар (үш данада):

1 1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ресімделген белгіленген үлгідегі өтініш;

2 2) осы стандартқа 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес ресімделген тиісті радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - РЭҚ және ЖЖҚ) тіркеудің тиісті түріне сауалнама;

3 3) сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі;

4 4) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік бюджетке алымды төлегенін растайтын құжаттар;

5 5) РЖС-ты пайдалануга рұқсаттың көшірмесі (егер РЖС-ты пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда);

6 6) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны сатып алу тармағын (кепілдік талонының, зауыттық нөмірлері көрсетілген жүкқұжаттың шот-фактурасының көшірмесі) көрсете отырып, сатып алудың және (немесе) шетелден әкелудің (әкелген жағдайда) заңдылығын растайтын құжаттар;

7 7) электромагниттік үйлесімділік қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда).

Басшы ______________                  ______________________________
МО        (қолы)                         (тегі, аты, әкесінің аты)
"____" _____________ 20___ ж.
Өтініш алынды "____" ________________ 20___ж.
____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы Т.А.Ә.)

4 Радиоэлектронды құралға сауалнама

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
4-қосымша
Радиоэлектронды құралға сауалнама
I БӨ­ЛІМ - ӨТІ­НІШ БЕ­РУ­ШІ ТУ­РА­ЛЫ АҚ­ПА­РАТ
Өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы
Өті­ніш бе­ру­ші­нің по­шта­лық ме­кен­жайы
Те­ле­фон (код­ты қо­са)
Факс (код­ты қо­са)
Бі­рін­ші бас­шы­ның Т.А.Ә. және ла­у­а­зы­мы
Тех­ни­ка­лық бас­шы­ның Т.А.Ә. және ла­у­а­зы­мы
II БӨ­ЛІМ - ТЕХ­НИ­КА­ЛЫҚ ДЕ­РЕКТЕР
1. Та­рат­қы­штың тех­ни­ка­лық де­ректе­рі
1-а. Ти­пі
1-b. За­уыт­тық нө­мір
1-с. Қу­а­ты, Вт
1-d. Жұ­мыс жи­і­лік­те­рі, кГц
1-е. Сәу­ле­ле­ну кла­сы
1-f. Жи­і­лік тұ­рақ­ты­лы­ғы, Гц
< 4 МГц
> 4 МГц
1-g Те­ле­фон­мен ша­қы­ру
1-Һ.Те­ле­гра­ф­пен ша­қы­ру
2. Та­рат­қы­штың ор­на­лас­қан ор­ны
2-а. Об­лыс
2-b. Аудан
2-с. тар­мақ
2-е. Гео­гра­фи­я­лық ко­ор­ди­нат­тар
0      ,     ,,
с.е
0 ,  ,,
ш.б
3. РЭҚ жұ­мыс тәр­ті­бі (жер­гі­лік­ті уа­қыт бой­ын­ша са­ға­ты мен ми­ну­ты)
4. Кор­ре­спон­дент­тер
4-а. Кор­ре­спон­дент­ті ор­на­ту пунк­ті
4-b. Кор­ре­спон­дент­тің ша­қы­руы
4-с. Пай­да­ла­ну құқы­ғы­на рұқ­сат­тың №
5. Ан­тен­на­ның си­патта­ма­сы
5-а. Ти­пі
5-b. Жер­дің те­ңіз дең­гей­і­нен би­ік­ті­гі, м
5-с. Жер­дің дең­гей­і­нен ан­тен­на­ны ілу би­ік­ті­гі, м
5-b. Ан­тен­на би­ік­ті­гі, м
5-е. Ең жо­ғар­ғы сәу­ле­ле­ну ази­му­ты, гра­дустар
III БӨ­ЛІМ - ҚО­СЫМ­ША АҚ­ПА­РАТ
Ли­цен­зия нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні
РЖС пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні
Са­тып алу­ға және ор­на­ту­ға рұқ­сат нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні
РЭҚ пай­да­ла­ну құқы­ғы­на рұқ­сат нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні
Сер­ти­фи­кат нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні.
Сер­ти­фи­кат­тау ор­га­ны
Ке­лі­су
Үй­ле­сті­ру
ХЭО-да тір­кеу
Бұл сауалнамадағы мәліметтер толық және шындыққа сай екенін растаймын
Т.А.Ә.
Қо­лы     М. О.
Ла­у­а­зы­мы
Кү­ні
Те­ле­фон
Бастық М.О. ___________
(қолы)

5 Жоғары жиілікті құрылғыға рұқсат сауалнама

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
5-қосымша
Жоғары жиілікті құрылғыға рұқсат сауалнама
I ТА­РАУ - ӨТІ­НІШ БЕ­РУ­ШІ ТУ­РА­ЛЫ АҚ­ПА­РАТ
Өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы
Өті­ніш бе­ру­ші­нің по­шта­лық ме­кен­жайы
Те­ле­фон (код­ты қо­са)
Факс (код­ты қо­са)
Бі­рін­ші бас­шы­ның Т.А.Ә. және ла­у­а­зы­мы
Тех­ни­ка­лық бас­шы­ның Т.А.Ә. және ла­у­а­зы­мы
II ТА­РАУ - ТЕХ­НИ­КА­ЛЫҚ ДЕ­РЕКТЕР
1. ЖЖҚ тех­ни­ка­лық де­ректе­рі
1-а. Тип
1-b. За­уыт­тық нө­мір
1-с. Ең жо­ға­ры шы­ға­ру қу­а­ты, кВт
І-d. Жи­і­лік диа­па­зо­ны, кГц
1-е. Жи­і­лік­тер­дің мүм­кін­ді­гін­ше жұ­мыс жо­ла­ғы (өнер­к­ә­сіп­тік ЖЖ ге­не­ра­тор­лар үшін ға­на)
1-f. Та­ғай­ын­дау (тек өн­ді­рі­стік ЖЖ ге­не­ра­тор­лар үшін)
1-g. Ке­дер­гі­лер­дің, сәу­ле­ле­ну­ден та­ра­луы­нан қор­ғау құ­рал­да­ры­ның бар бо­луы (қол­да бар қор­ғау құ­рал­да­рын са­на­ма­лау ке­рек)
1-h. Дай­ын­да­у­шы за­уыт және шы­ға­ры­л­ған кү­ні
2. Қо­сым­ша­лар
2-а. ЖЖҚ-ны ор­на­та­тын ұй­ым­ның қол­да­ухаты
2-b. Ерекше­лік­те­рі­мен қа­ғи­дат­тық схе­ма­сы (тип­тік емес ЖЖ ге­не­ра­тор­ла­ры­на ға­на)
2-с. Энер­гия өт­кі­зу­ден қон­дыр­ғы­ны энер­гия же­лі­сіне қо­су­ға ке­лі­сі­мі ту­ра­лы анық­та­ма (тек өнер­к­ә­сіп­тік ЖЖ ге­не­ра­тор­ла­ры үшін)
III ТА­РАУ - ҚО­СЫМ­ША АҚ­ПА­РАТ
Са­тып алу­ға және ор­на­ту­ға рұқ­сат нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні
Ке­лі­су
Сер­ти­фи­кат нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні.
Сер­ти­фи­кат­тау ор­га­ны
Бұл сауалнамадағы мәліметтер толық және шындыққа сай екенін растаймын
Т.А.Ә.
Қо­лы
М. О.
Ла­у­а­зы­мы
Кү­ні
Те­ле­фон
4 ТА­РАУ-АУМАҚ­ТЫҚ БӨ­ЛІМ­ШЕ­НІҢ РҰҚ­СА­ТЫ
Шек­ті рұқ­сат еті­ле­тін ин­ду­стри­я­лық ра­дио­ке­дер­гі­лер­дің нор­ма­ла­ры­на сәй­кес та­лап­тар болған кез­де __________ кГц-тен ________________ кГц дей­ін жи­і­лік­ті құ­ры­л­ғы­ның жо­ла­ғын­да жо­ға­ры жи­і­лік жұ­мысы­на рұқ­сат еті­ле­ді.
Рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі 200__ жы­л­ғы "____" ________________ дей­ін
Бастық М.О. __________________
(қолы)

6 Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына 27 МГц белдеуі ауқымында РЭҚ пайдалану құқығына рұқсатты ресімдеуге САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
6-қосымша
Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына 27 МГц белдеуі ауқымында РЭҚ пайдалану құқығына рұқсатты ресімдеуге САУАЛНАМА-ӨТІНІШ
1.
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
2.
Же­ке ку­ә­лік­тің №, бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ген
3.
Ме­кен­жайы
4.
Те­ле­фон
5.
Ра­дио­стан­ция ти­пі
6.
Ра­дио­стан­ци­я­ның за­уыт­тық нө­мі­рі
7.
Ра­дио­стан­ци­я­ның ор­на­лас­қан ор­ны (ме­кен­жайы, гео­гра­фи­я­лық ко­ор­ди­нат­та­ры) (мо­биль­ді үшін - а/м мар­ка­сы, мем. нө­мі­рі)
8.
Та­рат­қыш қу­ат­ты­лы­ғы (ке­рек­сі­зін сызып та­стау ке­рек)
3 Вт дей­ін
3 Вт-тан аса
9.
Ар­на­лар са­ны (ке­рек­сі­зін сызып та­стау ке­рек)
10 дей­ін
11-ден 40-қа дей­ін
40-тан аса
10.
Са­у­ал­на­ма­ны тол­ты­ру кү­ні
Осы сауалнама-өтініш негізінде, маған портативті радиостанцияны пайдалану құқығына рұқсатты ресімдеуді өтінемін.
Портативтік радиостанцияларды және 27 МГц ауқымында күзет радиосигнализация құрылғыларын (КРСҚ) тіркеу және пайдалану ережесімен таныстым, аталған Ереженің барлық талаптарын сақтауға міндеттенемін.
________________________________
(иесінің қолы)

7 Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына Телефон арнасының радиоұзартқышын пайдалану құқығына рұқсатты ресімдеуге САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
7-қосымша
Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына Телефон арнасының радиоұзартқышын пайдалану құқығына рұқсатты ресімдеуге САУАЛНАМА-ӨТІНІШ
1.
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты/Ұй­ым­ның ата­уы
2.
Же­ке ку­ә­лік­тің №, мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік кім бер­ген, СТН
3.
Ме­кен­жайы
4.
Те­ле­фон нө­мі­рі
5.
Ра­дио­ұзарт­қыш мо­де­лі
6.
Ра­дио­ұзарт­қы­штың за­уыт­тық (тер­ми­нал­дық/ба­за­лық стан­ци­я­ның) нө­мі­рі
7.
Ра­дио­ұзарт­қы­штың ор­на­ты­л­ған ор­ны (ұт­қыр үшін - а/м мар­ка­сы, мем. нө­мір/ба­за­лық стан­ци­я­ның ме­кен­жайы)
8.
Та­рат­қы­штың (тер­ми­нал­дық/ба­за­лық стан­ци­я­ның) қу­а­ты,Вт
9.
Жұ­мыс жи­і­лік­те­рі, МГц
10..
Те­ле­фон ар­на­сы­ның ра­дио­ұзарт­қы­шын пай­да­ла­ну ау­ма­ғы
11.
Са­у­ал­на­ма­ның тол­ты­ры­л­ған кү­ні
Осы сауалнама-өтініш негізінде маған телефон арнасының радиоұзартқышын пайдалану құқығына рұқсат ресімдеуді өтінемін.
М.О. ____________________
(иесінің қолы)

8 Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Радиоэлектронды кұралдар мен
жоғары жиілікті кұрылгыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
8-қосымша
Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па мен ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Кей­ін­гі жы­л­ғы көр­сет­кіш ны­са­на­лы мәні
Есеп­ті жыл­да көр­сет­кіш­тің ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1.Құ­жат­ты тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту­дің жағ­дайы, % (үлес)
2. Са­па
2.1. Қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар, % (үлес)
3. Ти­ім­ді­лік
3.1. Қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­на және тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар, % (үлес)
3.2. Элек­трон­ды фор­мат­та ти­ім­ді ақ­па­рат­тың қыз­мет­те­рі, % (үлес)
4. Ша­ғым бе­ру үде­рі­сі
4.1. Ша­ғым бе­ру­дің қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар, % (үлес)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. Пер­со­нал­дың сы­пай­ы­л­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар, % (үлес)

Қолданыстағы