Құжат мәтініне өту

О мерах по совершенствованию оказания аллергологической помощи детям Республики Казахстан

Бұйрық · № 532 · қабылданған 23.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54295/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О мерах по совершенствованию оказания аллергологической помощи детям Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 532 ·23.07.2010
15.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по совершенствованию оказания аллергологической помощи детям Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 532 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по совершенствованию оказания аллергологической помощи детям Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
532
Қабылданған күні
23.07.2010
Көрсетілген редакция
15.07.2016 AI54295_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006411_
ЭКБ идентификаторы
54295
Редакция идентификаторы
AI54295_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:43

0 Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже бекітілсін.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Нұрғазиев Қ.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5

5. «Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсанды № 702 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5505 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 49 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

7 7. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 шілдедегі
№ 532 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже

1

1. Осы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының 0-18 жастағы балаларына (бұдан әрі – балаларға) аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін анықтайды.

2 2. Балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар аллергопатологиямен ауыратын балаларға уақтылы анықтауға, тексеруге және емдеуге және аллергологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында ұйымдастырылады.

3 3. Штаттан тыс бас балалар аллергологі (республиканың, облысының, қаланың) аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.

4 4. Аллергологиялық көмек аллергопатологиямен ауыратын балаларды уақытылы ерте анықтау, диспансерлік бақылау және емдеуді қамтиды.

5

5. Балаларға аллергологиялық көмек көп бағдарлы емдеу-профилактикалық ұйымының аллергологиялық бөлімшесінде, балалар аллергологиялық кабинеттерінде және күндізгі аллергологиялық стационарларда бастапқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетіледі.

6 6. Балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

1 1) аллергиялық аурулармен ауыратын балаларды тексеруге және емдеуге және аллергологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

2 2) себепті-елеулі аллергендерді анықтау мақсатында арнайы аллергологиялық диагностика жүргізу;

3 3) арнайы иммунотерапияны (аллерговакцинациялау) ұйымдастыру және жүргізу;

4 4) аллергиялық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және алдын  алудың жаңа әдістерін меңгеру және енгізу.

7 7. Стационарлардың аллергологиялық бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) көп бағдарлы емдеу-профилактикалық ұйымының құрамында ұйымдастырылады. Өз жұмысында осы Ережені басшылыққа алады.

8 8. Бөлімшеге балаларды жоспарлы түрде стационарлық емдеуге жіберуді емхананың балалар аллергологтары мен педиатрлары жүзеге асырады.

9 9. Бөлімшені меңгерушісі болып аллергология және иммунология мәселесі бойынша біліктілігін арттырған дәрігер педиатр немесе аллерголог-иммунолог дәрігер тағайындалады.

10 10. Бөлімшеде «Аллергология және иммунология» мамандығы бойынша сертификаты/біліктілік санаты бар дәрігер жұмыс істейді.

11 11. Бөлімше мынадай аурулармен ауыратын балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді:

1 1) бронх демікпесі жеке түрде және атопиялық дерматитпен, аллергиялық ринитпен, аллергиялық конъюнктивитпен қосарланған;

2 2) экзогенді аллергиялық альвеолитпен;

3 3) аллергиялық бронхоөкпелік аспергиллезбен;

4 4) атопиялық дерматитпен;

5 5) Квинке ісігімен;

6 6) есекжеммен;

7 7) аллергиялық жанаспалы дерматитпен;

8 8) аллергиялық ринитпен (ауыр ағымда);

9 9) поллинозбен;

10 10) тағамдық аллергиямен;

11 11) дәрілік аллергиямен;

12 12) жәндіктердің шағуына аллергиялық реакциямен;

13 13) анафилактикалық шокпен;

14 14) сарысу ауруымен;

15 15) жедел уытты-аллергиялық жағдайлармен.

12 12. Бөлімшеде мынадай емдеу және диагностика әдістерді жүргізу қамтамасыз етіледі:

1 1) жалпы клиникалық және биохимиялық;

2 2) иммунологиялық;

3 3) функционалдық, рентгенологиялық, эндоскопиялық;

4 4) арнайы аллергологиялық диагностика (аллергосынама, провокациялық аллергиялық тесттер);

5 5) арнайы иммунотерапия (аллерговакцинациялау);

6 6) қалпына келтіру емі.

13 13. Балалар аллергологиялық кабинеті (бұдан әрі - кабинет) амбулаториялық-емханалық деңгейде аллергологиялық аурулармен ауыратын балаларға мамандандырылған емдеу - диагностикалық көмек көрсету үшін тағайындалған.

14 14. Кабинет қосалқы диагностикалық қызметі бар консультациялық емханалардың құрамында ұйымдастырылады, балаларға мамандандырылған көмек көрсетеді.

15 15. Кабинетте аллергология және иммунология мәселесі бойынша біліктілігін арттырған дәрігер педиатрлар, аллерголог-иммунолог дәрігерлер жұмыс істейді.

16 16. Бөлімшелердің және кабинеттердің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары әзірленеді және емдеу-профилактикалық ұйымның басшысы бекітеді.

17 17. Кабинет мынадай аурулармен ауыратын балаларға жоспарлы көмек көрсетеді:

1 1) бронх демікпесінің жеке түрімен және аллергиялық ринитпен, аллергиялық конъюнктивитпен қосарланған атопиялық дерматитпен;

2 2) атопиялық дерматитпен;

3 3) есекжеммен;

4 4) аллергиялық жанаспалы дерматитпен;

5 5) аллергиялық ринитпен (ауыр ағымда);

6 6) поллинозбен;

7 7) тағамдық аллергиямен;

8 8) дәрілік аллергиямен;

9 9) жәндіктердің шағуына аллергиялық реакциямен;

10 10) сарысу ауруымен.

18

18. Бронх демікпесімен ауыратын сырқаттар мен бронх демікпесінің өршу қаупі бар адамдарды уақтылы бақылау және емдеу мақсатында кабинетте «Демікпе - мектеп» ұйымдастырылады. «Демікпе – мектептің» жұмыстың негізгі мақсаты: демікпе ауруымен ауыратын сырқаттарды және олардың туыстарын өздік бақылау әдістеріне үйрету.

19 19. Кабинеттің міндеттері:

1 1) балалардың аллергологиялық ауруларын ерте анықтау және мамандандырылған көмек көрсету;

2 2) емхана аумағындағы балалардың аллергиялық ауруларының таралуын талдау және осы негізде аллергопотологиямен ауыратын балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жоспарды әзірлеу;

3 3) себепті-елеулі аллергендерді анықтау мақсатында арнайы аллергодиагностика;

4 4) арнайы иммунотерапияны (аллерговакцинациялау) ұйымдастыру және жүргізу;

5 5) базистік және глюкокортикойдты терапияны түзету;

6 6) аллергологиялық аурулары бар балаларға рецидивке қарсы емді ұйымдастыру және жүргізу;

7 7) емхана мамандарының жолдамасымен консультация жүргізу және балаларды емдеуге стационардың аллергология бөлімшесіне жатқызу;

8 8) аллергологиялық аурулармен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау;

9 9) аллергиялық аурулармен ауыратын балалардың сырқатының алдын алудың, диагностикасының, емінің, реабилитациясының жаңа әдістерін кабинет қызметінің тәжірибесіне енгізу;

10 10) ингаляциялық терапияны қолдану ережелеріне үйрету;

11 11) балаларды санаторийлік-курорттық емделуге жолдағанда санаторийлік-курорттық картаны толтыру;

12 12) балаларға мүгедектік тағайындағанда медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу үшін жолдауға қатысу;

13 13) емханада жұмыс істейтін дәрігерлерге иммунопатология аурулармен ауыратын сырқаттарды ерте анықтау, диагностика және емі туралы тақырыптық конференция, семинарлар өткізу;

14 14) ата-аналар мен балалар-жасөспірімдер арасында аллергиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау жұмыстарын жүргізу.

20 20. Балаларға арналған күндізгі стационар (бұдан әрі - стационар) аллергологиялық бөлімшесі қосымша диагностикалық қызметтері бар балалар консультациялық-диагностикалық орталықтарында және консультациялық емханалардың құрамында ұйымдастырылады. Өз жұмысында осы ережені басшылыққа алады.

21 21. Бөлімшенің меңгерушісі болып аллергология және иммунология мәселесі бойынша біліктілігін арттырған дәрігер педиатр немесе аллерголог-иммунолог дәрігер тағайындалады.

22 22. Стационар ауруханаға дейінгі кезеңде амбулаториялық жағдайда диагностика жүргізуді, стационар жағдайында тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін аллергиялық аурулармен ауыратын балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.

23 23. Тізбе бойынша балалар аллергологиялық кабинеттерін жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру осы ережеге қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

0 Балалар аллергологиялық кабинетіне арналған жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасында
балаларға аллергологиялық
көмек көрсететін ұйымдар
туралы ережеге
қосымша
Балалар аллергологиялық кабинетіне арналған жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

Ата­уы
Са­ны
1.
Ты­ныс алу па­ра­метр­ле­рін өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар:
пнев­мо­та­хо­метр
3
ком­пью­тер­лік спи­ро­граф
1
пик­фло­уметр­лер
100-100
2.
Дә­рі­лік заттар­ды жет­кізу­ге ар­нал­ған ап­па­ра­ту­ра:
спей­сер­лер
3
небу­лай­зер­лер
3
3.
Те­рі сы­на­ма­ла­рын жүр­гізу­ге ар­нал­ған ал­лер­ген­дер жи­на­ғы:
та­ғам­дық (10-20 тү­рі)
2
тұр­мыстық (7-10 тү­рі)
2
эпи­дер­мал­дық (5-10 тү­рі)
2
уақ са­ңы­ра­у­құ­лақ­тық (5-7 тү­рі)
2
то­заң­дық (20-30 тү­рі)
2
бак­те­ри­я­лық (5-7 тү­рі)
2
ин­сек­ті­лік (3-5 тү­рі)
2
ла­тек­стік (3-5 тү­рі)
2
хи­ми­я­лық (3-5 тү­рі)
2
дә­рі­лік (5-10 тү­рі)
2
4.
Жал­пы және ерекше Ig E ан­ти­де­не­сін ай­қын­да­у­ға ар­нал­ған жи­нақ:
ба­ла­лар па­не­лі
100
то­заң­дық па­нель
100
тұр­мыстық па­нель
100
уақ са­ңы­ра­у­құ­лақ­тық па­не­лі
100
жұқ­па­лы па­нель
100
хи­ми­я­лық па­нель
100
және ал­лер­ген­дер­дің бар­лық тү­рі же­ке-же­ке
100
5.
Ал­лер­ген­дер­дің бар­лық түр­ле­рі бар ерекше ал­лер­ги­я­лық вак­ци­на­ла­у­ға ар­нал­ған жи­нақ және олар­дың ке­шен­де­рі
100
6.
Те­рі ска­ри­фи­ка­тор­ла­ры
500
7.
Ал­лер­го­ана­ли­за­тор
1
8.
Аэро­золь­дық ге­не­ра­тор
1
9.
Фо­нен­до­ско­пы бар ар­те­ри­я­лық қы­сым­ды өл­ше­гіш
1
10.
Хи­рур­ги­я­лық сор­ғыш
1
11.
Бак­те­ри­цид­тік сәу­ле­ле­уіш
1
Ме­ди­ци­на­лық ас­пап­тар
12.
Тү­зу корн­цанг
10
13.
Тү­зу қай­шы­лар
2
14.
Ана­то­ми­я­лық пин­цет (әр­түр­лі)
10
15.
Маң­дай ре­флек­то­ры
1
16.
Ауы­зды ке­ңейт­кіш
5
17.
Ме­ди­ци­на­лық скаль­пель
10
18.
Тра­хео­то­ми­я­лық тү­тік (жиын­тық)
1
19.
Ме­ди­ци­на­лық шпа­тель
20
20.
Тіл ұста­ғыш
5
Ар­найы мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен құ­рал­дар
21.
За­рар­сыздан­ды­ру қо­ра­бы
3
22.
Бүй­рек тә­р­із­дес на­уа
20
23.
Се­кун­до­мер
1
24.
Ме­ди­ци­на­лық тер­мо­метр
10
Ме­ди­ци­на­лық жи­һаз және қо­сал­қы жаб­дық­тар
25.
Ме­ди­ци­на­лық ку­шет­ка
1
26.
Ме­ди­ци­на­лық үстел
1
27.
Ме­ди­ци­на­лық орын­дық
3
28.
Ас­пап­тық үстел
1
29.
Ме­ди­ци­на­лық шы­мыл­дық
1
30.
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
1

Қолданыстағы