Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы
ҚАЗАуылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 28.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2011 · қолданыстағы AI54308_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LC000163
- ЭКБ идентификаторы
- 54308
- Редакция идентификаторы
- AI54308_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:41
0 Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңының 7-бабының 3-тармағының 4-тармақшасын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 шілдедегі N 93 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1 1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАСЫ:
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс жиырма жетінші сессиясының
төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Әуезов
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
28 шілдедегі кезектен тыс
жиырма жетінші сессиясының
N 173 шешіміне қосымша
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАСЫ:
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы қағида ауылдық мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек беру тәртібін белгілейді.
2 2. Қағида Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы және Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңдарына сәйкес әзірленген.
2 2. Қаржыландыру түрі
3 3. Ауылдық мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек жергілікті өкілді органның шешімі бойынша белгіленеді.
3 3. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы және төленуі
4 4. Ауылдық мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жыл сайын жергілікті бюджет есебінен бекітілген мөлшерде беріледі.
5
5. Әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуына қарамастан ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек алу құқықтары бар. Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жылына бір мәрте беріледі. Егер ағымдағы жылда көмек алушы өтініш жасамаса, онда осы жылда алмаған әлеуметтік көмегі қарыз ретінде келесі жылға өтпейді және берілмейді.