Құжат мәтініне өту

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы

Өзге акт · № 173 · қабылданған 28.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.08.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-54308/?version=AI54308_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 173 ·28.07.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы

ҚАЗАуылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 173 · қабылданған 28.07.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
173
Қабылданған күні
28.07.2010
Көрсетілген редакция
26.08.2011 · қолданыстағы AI54308_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
26.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10LC000163
ЭКБ идентификаторы
54308
Редакция идентификаторы
AI54308_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:41

0 Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңының 7-бабының 3-тармағының 4-тармақшасын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 шілдедегі N 93 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:

1 1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАСЫ:

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс жиырма жетінші сессиясының
төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы                 Ә.Әуезов
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
28 шілдедегі кезектен тыс
жиырма жетінші сессиясының
N 173 шешіміне қосымша
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАСЫ:

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы қағида ауылдық мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек беру тәртібін белгілейді.

2 2. Қағида Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы және Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңдарына сәйкес әзірленген.

2 2. Қаржыландыру түрі

3 3. Ауылдық мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек жергілікті өкілді органның шешімі бойынша белгіленеді.

3 3. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы және төленуі

4 4. Ауылдық мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жыл сайын жергілікті бюджет есебінен бекітілген мөлшерде беріледі.

5

5. Әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуына қарамастан ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек алу құқықтары бар. Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жылына бір мәрте беріледі. Егер ағымдағы жылда көмек алушы өтініш жасамаса, онда осы жылда алмаған әлеуметтік көмегі қарыз ретінде келесі жылға өтпейді және берілмейді.

6 6. Отын сатып алу үшін берілетін көмектің тағайындауы және төлеуі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы төмендегі құжаттар негізінде беріледі:

1 1) Көмек алушының өтініші;

2 2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) Жұмыс орнынан анықтама;

4 4) Тұрғылықты жерін анықтайтын құжат (анықтама).

7 7. Әлеуметтік көмектің мөлшері жыл сайын бекітіледі.

8 8. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жем-шөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскілері беріледі.