О совершенствовании системы государственного контроля вопросов утилизации боеприпасов Вооруженных Сил Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 882
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О совершенствовании системы государственного контроля вопросов утилизации боеприпасов Вооруженных Сил Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Рсспубликасы қарулы Күштерінің оқ-дәрілерін кәдеге жарату мәселелерін мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 882
- Қабылданған күні
- 03.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI54316_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000882_
- ЭКБ идентификаторы
- 54316
- Редакция идентификаторы
- AI54316_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:26
0 Қазақстан Рсспубликасы қарулы Күштерінің оқ-дәрілерін кәдеге жарату мәселелерін мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақжарылысөнеркәсіп» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне берсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
4 4. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 882 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1 1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-2-жолмен толықтырылсын:
«280-2. «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚ;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 285-жол алып тасталсын.