Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи в городе Лисаковске

Ереже · № 346 · қабылданған 28.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54350/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи в городе Лисаковске Күшін жойған Ереже ·№ 346 ·28.07.2010
29.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи в городе Лисаковске

Күшін жойған Ереже ·№ 346 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи в городе Лисаковске
Атауы (қаз.)
Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
346
Қабылданған күні
28.07.2010
Көрсетілген редакция
29.04.2015 54350_128837.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ND000170
ЭКБ идентификаторы
54350
Редакция идентификаторы
54350_128837
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:40

0 Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2010 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға қолданады.

КЕЛІСІЛДІ
"Лисаков қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ Г. Бермухамбетова
"Лисаков қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ З.Фадеева

3 Мәслихаттың

2010 жылғы 28 шілдедегі
№ 346 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1 1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1 1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

2 2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

3 3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

2 2. Тұрғын үй көмегін "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Лисаков бөліміне (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

3

4 4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.

Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

5

6 6. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және аз қамтылған отбасы (азамат) өтініш жасаған бүкіл ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.

7 7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруі үшін негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ оның дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.

8 8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін өзгерістер енгізілген жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) өзгерістер болған мерзім үшін қайта есептеледі.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.

10 10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап аяқталады.

Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті орган азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер негізінде жүргізіледі.

11 11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

2 2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін анықтау

12

12. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

13 13. Уәкілетті орган отбасының (азаматтың) жиынтық табысын қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

14

15 15. Белгiленген нормалар шегiнде отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстан он пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

16 16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есепке алаңның нормасы қабылданады:

1 1) бір отбасы мүшесіне–көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін–тұрғын жайдың жалпы алаңы;

2 2) жалғыз басты тұратын азаматтарға тұратын алаңына қарамастан-30 шаршы метр, бірақ нақтыдан кем емес; осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.

17 17. Есептеу құралы жоқ тұтынушылар үшін өтемдік шараларымен қамтамасыз етілген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңдарға сәйкес белгіленеді.

Егер нормативтер мен тарифтер белгіленген заңды тәртіппен анықталмаса, шығынның орнын толтыру нақтылық шығыстар бойынша жүргізіледі.

18

18. Тұтынатын коммуналдық қызметтерді есептеу құралы бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар қызметтерді жабдықтаушыларға берілген есептеу құралының көрсеткіштері негізінде өткен тоқсанда немесе соңғы тоқсанда нақты шығыстар бойынша белгіленеді, бірақ есептеу құралы жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтер шығындарының белгіленген нормаларынан артық емес.

19 19. Электр қуатын төлеу бойынша шығыстарды өтеу бір адам басына нормалар бойынша 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылтқышы бар жатақханаларда және үйлерде бір адам басына 130 киловатт есебінен жүргізіледі, бірақ нақты шығынынан артық емес.

20

20. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

21 21. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізеді.

3 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

22 22. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ нысаналы ағымдағы трасферттер есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.

23 23. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының ағымдағы шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.

Қолданыстағы