Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам коммунального назначения"
- Атауы (қаз.)
- "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережеcін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 555
- Қабылданған күні
- 28.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2012 AI54355_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006417_
- ЭКБ идентификаторы
- 54355
- Редакция идентификаторы
- AI54355_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:41
0 "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережеcін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 145-бабының 1), 12), 14) және 21) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4
4. «Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 137 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3629 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік мекемелер нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2006 ж. № 3-4, 210-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н.Садықовқа жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережеcі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылдың 28 шілдедегі
№ 555 бұйрығымен
бекітілген
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережеcі
1 1. Негізгі ережелер
1
1. Осы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) коммуналдық мақсаттағы объектілерді жобалауға, орналастыруға, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға, желдетуге, үй-жайларын күтіп-ұстауға, жабдықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2
2. Осы санитариялық ереже талаптары жобаланатын, салынып жатқан, реконстукцияланатын және жұмыс істеп тұрған: қонақ үйлерге, жатақханаларға, моншаларға, сауналарға, жүзу бассейндеріне, кір жуу орындарына, химиялық тазартуға (бұдан әрі - химтазарту), қалалық және селолық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына, (бұдан әрі - объектілер) қолданылады.
2 2. Объектілері жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3 3. Құрылысқа жер учаскесін беру, орналастыру, құрылыс салуға жобалау құжаттарын бекіту, құрылыс жұмыстары аяқталған соң және қайта жаңғыртудан кейін ғимараттарды пайдалануға беру санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болған кезде жол беріледі.
4 4. Объектілер жақын ластанған атмосфералық ауа, жер қабаты, ашық су көздері және шуға қатысты санитариялық ажырау болуы тиіс.
5 5. Объектілердің ғимараттары мен үй-жайларының сәулеттік-жобалау және конструктивтік шешімдері санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдерді, қызмет көрсететін персоналдың еңбек және демалу жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.
6 6. Объектінің аумағы абатталады, көгалдандырылады, жарықтандырылады және қоршалады. Көлік жолдары мен жаяу жүру жолдарының атмосфералық жауын-шашындарды суағарларға жіберетін қатты жабыны болуы тиіс.
Аумақта автокөліктеріне уақытша тұрақтауға арналған алаң бөлінеді және жабдықталады.
7 7. Жобалау кезінде мүгедектердің кіріп шығуына ыңғайлы құрылғылар – ғимаратқа кіре берісте еңіс жазықтарды (пандус), кедергісіз кіретін есіктерді, баспалдақтардың қосымша қоршауы қарастырылады.
3 3. Желдетуге, жарықтандыруға, кәріздеуге, сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
8 8. Объектілердің ғимараттары жылу, сумен жабдықтау, кәріздеу, желдету және ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Объектілерде ыстық және салқын судың резервтік немесе дербес жүйелері қарастырылады.
9 9. Кәрізденбеген аудандарда ауладағы дәретханалар ғимараттан 25 метрден жақын емес қашықтықта орналасқан су өтпейтін ұңғымасы болып, ұнғыма уақытылы тазаланып және залалсыздандырылып отырылады.
10 10. Қалалық кәріз жүйесіне және айдын су объектілеріне ағынды суды ағызу белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын зиянды заттар шоғырлануы кезінде жүзеге асырылады.
11 11. Жылыту, желдету және ауаны баптағыш жүйелері ауа сапасын, шу мен діріл деңгейін гигиеналық нормативтермен, сонымен қатар объектідегі үй-жайларында рұқсат етілген микроклимат параметрін қамтамасыз етуі тиіс.
12 12. Ғимарат сорып-тартатын желдету жүйесімен жабдықталады.
13 13. Желдеткіштер мен электр қозғалтқыштар шу-дірілден қорғау талаптарын есепке ала отырып белгіленеді және құрылымның дірілін болдырмау есептелуі тиіс.
14 14. Өндірістік үй-жайларда табиғи желдету қарастырылады.
15 15. Үнемі адамдар болатын өндіріс үй-жайларында табиғи жарықтандыру қарастырылады. Барлық өндіріс және қосалқы үй-жайларда жасанды жарықтандыру болуы тиіс.
Жарық беру құралдары уақытылы кірден тазартылады, істен шыққан шамдар ауыстырылады. Сулы және ылғалды режиммен жұмыс істейтін үй-жайларындағы шырақтар ылғалдан қорғау үшін қорғау плафонымен жабылады.
16 16. Объектідегі үй-жайларда жыл сайын жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Су құбыры, кәріз су, желдету, жылу беру жүйелерінің істен шығуы, қабырға, төбе, еден ақаулары уақытымен жөнделуі қажет.
4 4. Үй-жайларды, жабдықтарды және аумақты күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
17 17. Барлық үй-жайлар, жабдықтар мен жиһаздар таза ұсталынады.
18 18. Шу, діріл, ультракүлгін, инфрақызыл, электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын, гигиеналық нормативтер деңгейінен асатын жабдықтарды қолдануға жол берілмейді.
19 19. Объектілердің барлық үй-жайлары күнделікті жуылады және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізіледі. Аптасына 1 рет ауқымды тазалау жүргізіледі.
20 20. Жинайтын құрал-жабдықтар бөлімдердің функционалдық жұмыстарымен таңбаланады.
21
21. Жинайтын жуатын және дезинфекциялау құралдары, құрал-жабдықтар жеңіл тазалық жүргізуге бейімделген, тез тазаланатын жабындысы бар, сөрелер, стеллаждармен жабдықталған арнайы бөлінген орындарда (үй-жайларда) сақталады. Дәретхана жуатын құрал-жабдықтар басқа жинау құрал-жабдықтардан жеке сақталады.
Тазалық жұмыстары аяқталуы бойынша құрал-жабдықтарды жуылады, дезинфекциялау құралдарымен өңделіп, кептіріледі.
22 22. Қолданылған кір заттар мен жұмыс киімдері кір жуу орындарында жуылады. Қолданылған кір заттарын қонақ үйлерде, шаштараз, моншаның ішінде ыстық және суық су тартылған арнайы бөлінген үй-жай және арнайы жабдықтар болған жағдайда жууға жол берілмейді.
23 23. Кір жуатын орынның үй-жайларын орналастыру барысында таза және кір заттардың жанасуын болдырмау, жуу технологиялық ағынын сақтауды қамтамасыз ету қарастырылады.
24 24. Дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар қолданылады. Дезинфекциялау ерітінділері заттың аты, ерітінді қосындылары мен дайындау мерзімі көрсетілген ыдыста сақталады.
25.Объектілердің үй-жайларын кеміргіштер мен жәндіктерден қорғау кешенді инженерлік-құрылыстық, санитарлық-гигиеналық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралардың жүргізілуімен іске асырылады.
Дератизациялау және дезинсекциялау іс-шаралар осы қызмет түріне лицензиясы бар заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен орындалады.
Дератизациялау және дезинсекциялау алдын алу іс-шараларын жүргізу мерзімі, қолданылатын заттардың аты мен мөлшері объектіде есеп құжаттарында тіркеледі.
26 26. Объектілерде демалу (орны) бөлмесі, жұмыскерлердің тамақтану, арнайы шкафтармен жабдықталған жеке және арнайы киімдерін сақтау орындары, себезгі, дәретхана және алғашқы медициналық көмек көрсету дәрі қобдишасы қарастырылады.
27 27. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайлар қол жууға арналған раковиналарымен жабдықталады.
28 28. Ғимаратқа кіре берісте қоқысқа арналған урна және аяқ киім тазалауға тор темір болады.
29 29. Аумақты жинау күнделікті жүргізіледі, жылдың жылы уақыт кезеңінде – аумақ суарылады, қысқы уақытта – қар мен мұздан тазартылады.
30
30. Су өтпейтін төселіммен жабдықталған, үш жағынан қоршалған алаңда қоқыс жинауға темірден жасалынған контейнерлер қолданылады. Алаң және ауладағы дәретхана ғимараттардан 25 метрден кем емес және балалар ойнау алаңдарынан, демалу орындары мен спортпен айналысу орындарынан 100 метрден кем емес қашықтықта орнатылады.
31 31. Объекті жұмыскерлері жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіледі.
32 32. Объектілердің персоналы жұмысқа орналасу алдында және мерзімдік медициналық тексеруден, профессионалдық гигиеналық даярлықтан және аттестациядан өтеді.
5 5. Қонақ үйлерді жобалау мен орналастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
33 33. Қонақ үйлерді жеке тұрған ғимараттарда, немесе бөлек кіру есігі бар көп бағдарлы ғимараттар және басқа мақсатқа белгіленген ғимараттар құрамына орналастырылады.
34
34. Көп бағдарлы ғимараттар құрамындағы қонақ үйлерді жобалау кезінде, сонымен қатар қонақ үйлерді басқа да мекемелер және кәсіпорындармен біріктірген жағдайда қонақ үйлер жоспарлы жекеленеді, жеке кіру есігімен қамтамасыз етіліп, оқшауланады. Бір және екі санатты 30 орынға дейінгі қонақ үйлер басқа нысандармен қосарланған есік жол беріледі.
35 35. Қонақ үйлердің құрамына мына қызмет және үй-жай топтары кіреді: қабылдау-вестибюль, тұрғын, мәдениет-бос уақыт өткізу, физкультуралық-сауықтандыру, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, сауда және іскерлік кәсіпорындары, әкімшілік және пайдалану қызметі.
36 36. Қонақ үйлердің тұрғын бөлігі жобалау кезінде қоғамдық үй-жайларын оқшауланған жеке болуы қажет. Тұрғын бөлмелерді жертөле және цоколь қабаттарында орналастыру жол берілмейді.
37
37. Қонақ үйлерге мүгедектер тұру үшін жағдайлар жасалуы қажет: сәйкес жабдықтармен жабдықталған бір және екі орындық нөмірлер, есік ойықтары және өту жолдарының ені өтуге ыңғайлы болуы керек. Кресло-коляскалары жылжитын, нашар көретін және көре алмайтын мүгедектерге арналған нөмірлер 1- қабатта орналастырылады.
38
38. Қонақ үйлерді жобалау барысында тұрғын үй-жайларын иондалған және жоғары сәулену, құрал-жабдықтардан пайда болған шу мен дірілден сақтау шараларын қарастыру қажет. Үш және одан жоғары категориялы қонақ үйлерде апат жарықтандыру және энергиямен қамтамасыздандыру, ауаны баптағыш, ыстық су қор көзі болуы қажет.
39
39. 100 орындық және одан көп орынды 3 және одан көп қабатты қонақ үйлер ғимараттарында қоқыс жинау құбырлары қарастырылуы қажет. Қоқыс жинау құбырлары құрылыс конструкцияларынан ауа жібермейтін, дыбыс шығармайтын болуы және үнемі адамдар болатын тұрғын, қызмет үй-жайларына жапсыра салынбауы тиіс. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелер астында немесе олармен аралас, сонымен қатар үнемі адамдар болатын үй-жайлар астында орналастыруға жол берілмейді.
40 40. Орындар бір, екі және одан көп тұрғын бөлмелер құрамында жобалануы мүмкін, қосымша сыртқы кіреберіс, санитариялық, киім шешу, қабинетімен және басқа да қосалқы үй-жайлармен толықтырылады.
41 41. Шудан оқшаулау сақтаған жағдайда бір және екі жұлдызды қонақ үйінің тұрғын қабаттарда қоғамдық тамақтануға арналған үй-жайлар (барлар, кафелер, буфеттер) орналастыруға жол беріледі.
42 42. Қонақ үй құрамында олардың орны мен категориясына сай тұрмыстық қызмет көрсету және сауда үй-жайлары қарастырылады:
1 1) шаштараз – 50-200 орындық қонақ үйлерде бір адамға 0,25 шаршы метрден (бұдан әрі – ш.м.) кем емес (төрт және бес жұлдызды категориялы мейманханаларда косметикалық кабинетімен шаштараз, массаж, маникюр, педикюрге арналған үй-жайлар жобаланады).
2 2) кешенді қабылдау пункті (ұсақ киім жөндеуі, химиялық тазалау, жуу және үтіктеу) 50-300 орындығымен 12 метр шаршы, аумағы 18 метр шаршыдан кем емес 301-500 орынға 18 шаршы метр жағдайында;
3 3) бір киоскіге 3 шаршы метрден кем емес көліктерге, театрларға және басқа мәдениет және спорттық іс-шараларға билет кассалары;
4 4) 1 киоскіге 3-4 шаршы метрден кем емес сауда орны;
5 5) жобалануға тапсырма бойынша – дүкендер.
Тұрмыстық қызмет көрсету үй-жайлары бөлінген қонақ үйлер вестибюлінде орналастырылады.
43 43. Вестибюльдерде қабылдау, демалу және күту аумақтары, газет-журнал, жәдігерлер, парфюмерия сатуға арналған дүңгіршектер, телефон-автоматтарды орнатуға орындар қарастырылуы қажет.
6 6. Жарықтандыруға және желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
44
44. Барлық орындар, баспалдақ алаңдарында табиғи және жасанды жарықтану болуы тиіс. Орындарда жасанды жарық қарастырылады, ал екі жұлдызды және жоғары жұлдызды категориялы қонақ үйлерде - сонымен қатар тұрғылықты және жұмыс орнында жарық (төсек жанында, жуыну, айна алдында). Қонақ үйлердің қоғамдық орындарында жалпы, жарықтығы жөнге салынатын жарықтандыру, аумақтары жергілікті нүктелі, шашыранды, шағылысқан жарықтандыру қарастырылады. Әкімшілік үй-жайлары мен кезекші қызмет күзет орындарында жалпы және жұмыс орны жарығы орнатылады. Жарықтандыру нормативі санитарлық ереженің 1-қосымшасында келтірілген.
45 45. Қонақ үйлер ғимараттарында баптағыш жүйесі болмаған жағдайда жалпы немесе жеке бөлімдерде жасанды қоздырғышпен сорып-тарту желдетуі қарастырылады. Аз сыйымдылығымен қонақ үйлерде табиғи қоздырғышпен желдету жүйесі қолданылады.
7 7. Үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
46 46. Қонақ үйлер орындары мына талаптарға сәйкес болуы қажет:
1 1) жиһаздар беті жеңіл тазалық жүргізуге қолайлы материалдардан жасалынған болуы керек;
2 2) шкафтар бір кісіге екіден кем емес ілгішке қамтамасыз етілуі, ал *** және одан жоғары категориялы қонақ үйлерде – бір орынға үш және одан көп ілгіш қажет;
3 3) төсек жанындағы кілемшелер жеңіл тазалық жүргізуге ыңғайлы материалдардан қолданылады.
47 47. Орындардың ванна бөлмелері: сүлгі ұстағыш, киім ілгіш, жуынатын орында дәретхана сөресімен айна және стақанмен, дәретхана қағазын ұстағыш, унитазға ыдысымен тазалағыш щетка, қоқысқа арналған себетпен жабдықталады.
48 48. Қонақ үйлер дәретханасы жуыну раковиналарымен, жуыну орны айнасымен және әжетхана заттарына арналған сөрелермен, қол сүртуге арналған электросүлгі немесе жеке бас сүлгілері, дәретхана қағазын ұстағыш, унитазға ыдысымен тазалағыш щетка, қоқысқа арналған себетпен жабдықталуы тиіс.
49
49. Қонақ үйлердің орындары мен көпшілік орындарында күнделікті тазалық жұмыстары мен желдету жүргізіледі. Төсек орындарды жинау ақжайма мен көрпелерді сілку және жастықтарды қопсытумен жүзеге асырылады. Кілем, кілем алашасы және басқа кілем бұйымдары шаңнан тазартылады, жұмсақ жиһаздар шаңсорғыш немесе арнайы щеткамен тазартылады.
Қонақ үйлер орындарының дәретханаларында жинау-тазарту жұмыстары орындардың барлық аумағын жиналған соң жүзеге асырылады.
50 50. Орындар мен жалпы пайдалану орындары, электроаппаратуралар, есік және терезе тұтқалары, желдету құралдары мен жылу беру жабдықтарын (радиаторлар) ауқымды тазарту ай сайын бір реттен сирек емес жүргізіледі.
51 51. Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, суды ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күнделікті залалсыздандыру ерітінділерімен өңделеді.
Унитаздар және қонақ үй дәретханасының писсуаралары ыстық сумен, арнайы щеткамен (ерш) залалсыздандыру заттары қосылған ерітіндімен жуылады.
52 52. Жұмыскерлер кемінде екі жиыны бар арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
53
53. Қонақ үйлерде бір орынға 4 төсек орын жиынтығы қарастырылады. Төсек орын жиынтығы мен сүлгілер қонақ үй категориясына байланысты, төрт және бес жұлдызды категориялы қонақ үйде – күнделікті, ал қалғандарда – әрбір 3 күн сайын ауыстырылады. Қонақ кеткен соң нөмірлерде төсек орны мен сүлгіні ауыстырумен ауқымды тазалау жүргізіледі.
54 54. Әрбір бөлме жинаушыда таза және қолданылған төсек-орындарын, орындарды тазарту заттарын, қоқысқа жинауға арналған бір ретті полиэтилен пакеттерін тасымалдауға арналған арбалармен қамтамасыз етіледі.
Арбаларды жабдықтау жеке үй-жайда жүргізіледі, кір төсек заттары арбаның жанында жапсырылған полиэтилен пакеттерінде және қаптарға жиналады. Таза төсек орындарын ашық күйде тасымалдауға жол берілмейді.
55 55. Орындарға тамақ жеткізу арнайы лифтер немесе көтергіштерді қолдана отырып, қызметкерлерге арналған дәліз және баспалдақтармен жүзеге асырылады.
56 56. Қонақ үй аумағында: автомобиль қоюға арналған алаң; ішкі және өтімді жүру жолдары; қонақ үйдің бас және басқа кіру есіктеріне жолдары; жер асты гараждары мен көлік тұрақтар жолдары; жүк тасымалдауға арналған шаруашылық аумақ жолдары қарастырылады.
8 8. Жатақханаларды жобалауға және салуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
57 57. Жатақханаларды жобалау және салу кезінде тұрғын бөлмелер 10 бөлмеден асырмай, ал пәтерлі жүйеде 3 бөлмеден асырмай топталады. Әрбір блокта бірнеше блокқа арналған ортақ асхана мен санитариялық торап, себезгі болуы мүмкін.
58 58. Отбасылы азаматтарға арналған жатақханаларда балалар ойнайтын бөлме, вестибюлде балалар арбаларына арналған қосымша алаңдар жобаланады.
59 59. Жатақхана ғимараттарында:
1 1) тұрғын бөлмелердің үстіңгі қабаттарында санитарлық торап, қол жуғыш, себелегіш бөлмелер және оларға тікелей тұтас үй-жайлар орналастыруға;
2 2) тұрғын үй-жайлары астында қоқыскамерын орналастыруға;
- қоқыс құбыры мен энергетикалық щиттер тұрғын бөлмелерге қабырғалас болмауы;
3 3) тұрғын бөлмелерге қоқыс құбырларын және электрощиттерді тұтас салуға;
4 4) санитариялық-техникалық құралдарды тұрғын бөлмелерді қоршайтын қабырғаларға тікелей орнатуға жол берілмейді.
60 60. Жатақханалардың тұрғын бөлмелері 2-3 адамға қарастырылады, бөлме алаңы бір адамға 6,0 ш.м. кем болмауы тиіс. Бөлме биіктігі 2,5 м, ені 2,2 м кем болмауы тиіс.
61 61. Тұрғын бөлмелер өтпелі, шығар есіктер тікелей коридорға немесе алдыңғы есіктен шығу арқылы жобаланады. Арнайы орта және кәсіптік-техникалық училище жатақханалар бөлмелері дәліздермен қатынаста болады.
62 62. Көп қабатты жатақханаларда қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, соның ішінде дәретханалар, қолжуғыштар (еркек, әйелдерге бөлек), кір жуатын, үтіктейтін, кептіретін, ортақ асхана, тазалық жүргізу құралдарын сақтау бөлмелері әрбір қабатта қарастырылады.
63 63. Медициналық пункт үй-жайлары, оқшаулау бөлмесі, буфет бірінші қабатта орналастырылады, мәдени-бұқаралық шаралар, тұрмыстық қызмет көрсету және әкімшілік үй-жайлар 1, 2-қабаттарда тұрғын жайлардан оқшау орналастырылады.
64 64. Студенттер дайындалуға арналған бөлмелер шу көзі болып табылатын үй-жайлардан оқшау орналастырылады.
65 65. Спортпен шұғылданатын бөлмелер 1-ші немесе қасбет қабаттарда, кір жуатын, себезгі, шаруашылық құралдарды, кірленген заттарды сақтайтын, аяқ киім мен сыртқы киімдерді кептіретін орындар, техникалық және басқа да қосалқы жайлар қасбет қабатында орналастырылады.
66 66. Кір жуу бөлмелері дәлізден шлюз арқылы жекеленеді. Кір жууға арналған бөлме суық су және ыстық су жүргізілген ваннамен, ылғалға төзімді бетімен орындық пен үстелдермен, стеллаждармен, шылапшынмен, кір және киім кептіретін, үтіктейтін құрал-жабдықтармен жабдықталады.
67 67. 200-ден артық адамға арналған жатақханаларда кір кептіру және үтіктеуге арналған блокталған бөлмелері бар өзіне өзі қызмет көрсету кір жуу орындары қарастырылады.
68
68. 1500 және одан жоғары орынға кешендер – жатақханаларында сабақ өтуге арналған, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар, тұрмыстық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтануға ортақ үй-жайлар қарастырылады, олар жатақхананың негізгі ғимаратымен жылы өту жолымен жалғасқан жекеленген блокқа немесе жеке ғимаратқа шығарылады.
69 69. Изоляторда жеке санитариялық торап унитазымен, қол жуғыш пен себезгі қарастырылады. Дәлізден шлюзбен және тамбурмен сыртқа шығу жеке есігімен болуы қажет.
70 70. Ас үй плитамен, жуу ұяшығымен, үстелдермен қамтамасыз етіледі.
9 9. Жарықтандыруға және желдетулерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
71
71. Барлық үй-жайларда табиғи желдету болуы тиіс. Тұрғын үй-жайларда ауаны ас үй және санитариялық торап сору каналдары арқылы шығаратын табиғи талаппен желдету қарастырылады. Кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, себезгілер, санитариялық тораптар жайлары механикалық сору желдеткішімен жабдықталады.
72 72. Объектілер үй-жайларының салыстырмалы ылғалдылық пен ауа жылдамдығы, температурасы мен ауа алмасу кезеңдік параметрлері санитариялық ережеге 2-қосымшада ұсынылған.
Баспалдақ алаңдарын желдету әр қабат сайын көлемі 1,2 м. ш.м ашылатын терезелер арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
73 73. Жатақханалардың барлық тұрғын бөлмелері, сонымен қатар дәліздері және холлдары табиғи жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Табиғи жарықсыз санитарлық тораптар, себелегіш бөлмелер, қоймалар және басқа да адамдардың қысқа уақытқа болатын қосалқы жайларда рұқсат етіледі.
74 74. Жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда, тұрғын үй-жайларда және ас үйлерде жергілікті жарықтандыру қарастырылады.
75 75. Терезелер ластануына байланысты, бірақ тоқсанына кемінде бір рет тазартылуы тиіс.
10 10. Үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
76 76. Жатақханалардың үй-жайларында қоқысқа арналған жәшіктер, ас үйлерде тағам қалдықтарына арналған қақпағы тығыз жабылатын, толуына байланысты, бірақ күніне кемінде 1 рет тазартылатын ыдыс қойылады.
Ортақ қолданылатын үй-жайлар мен дәліздерге қоқыс шығару және қалдықтар салынған ыдыстарды сақтауға жол берілмейді.
77 77. Жұмсақ жиһаздар (матрацтар, көрпелер, жастықтар) әрбір тұрғынға бекітіледі және жыл сайын, тұрғындар кеткен соң және эпидемиологиялық көрсету бойынша дезинфекциялануы тиіс.
Матрацтардың кірленуіне байланысты, бірақ, жылына кемінде 1 рет ауыстырылатын сыртқы тысы болуы тиіс.
Төсек әбзелдерін кірленуіне байланысты, бірақ 7 күнде кемінде бір рет ауыстырылады. Кірленген төсек жайғыштар және қызметшілердің арнайы киімдері орталықтандырылған кір жуатын жерде жуылуы тиіс.
78 78. Қосымша төсек орындарына берілетін (матрац сырттары, жастық, көрпелер) жеке шкафтарда (стеллаждарда) сақталады.
11 11. Моншалар мен сауналарды жобалауға, құрылысына, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
79 79. Монша және сауналар сауықтыру кешендері жеке тұрған және кір жуу орнымен бір ғимаратта немесе қоғамдық ғимараттарда, өндірістік мекемелердің тұрмыстық корпустарында жеке кіру есігі болған жағдайда орналастырылады.
80 80. Монша және сауналар сауықтыру кешендерін тұрғын үйлерде орналастыруға жол берілмейді. Ультрақызыл сәулелі сауна кабиналарын тұрғын үйдің 1-қабатында орналастыру жеке кіру есігі болған жағдайда ғана жол беріледі.
81
81. Монша және саунаның құрамына мыналар кіреді: гардероб және вестибюль бөлмесі; шешіну-киіну бөлмесі; дәретхана; жуынып-шайыну бөлмесі; булану бөлмесі; қызметкерлерге арналған бөлме; жуғыш, залалсыздандырғыш, жинау құралдарын сақтайтын бөлме; әкімшілік бөлмелер; басқару жүйесі мен техникалық үй-жайлар.
82 82. Жоғарғы санаттағы моншалар дезинфекциялау камерасымен санитариялық өткізу орнының типі бойынша жобаланады.
83 83. Монша және сауналар үй-жайларының ішкі жобалануы келушілердің қозғалыс ағымын қамтамасыз етуі тиіс.
84 84. Моншаларда шаштараз, массаж, косметикалық бөлмелері, қоғамдық тамақтандыру, жеке бастың тазалығын сақтауға және басқа да заттарды сатуға арналған дүңгіршектер, жеке заттарды сақтайтын сақтау қоймаларын орналастыруға болады.
85 85. Сыйымдылығы 200 және одан да жоғары орындық монша объектілерінде ауа айналымынсыз кіретін желдету жүйесімен біріктірілген ауа арқылы жылыту көздеріне жол беріледі.
86
86. Ауа арқылы жылыту көздері және желдету жүйесі үшін жылу тасымалдаушы ретінде температурасы 150 градустан жоғары емес су немесе қысымы 0,7 атмосферадан жоғары емес бу қолданылады. Жылыту, желдету жүйесі және ыстық суға буды қолдану экономикалық – техникалық тұжырым болған жағдайда ғана болады. Өткізу мүмкіндігі сағатына 50 кісілік моншаларда пешпен жылыту рұқсат етіледі.
87 87. Сыйымдылығы 50 және одан төмен орындық моншаларда ұйымдасқан ауаның келуінсіз табиғи желдету қолданылуы қажет, сыйымдылығы 200 орынға дейінгі моншаларда – барлық үй-жайларға жалпы сорып шығаратын желдету жүйесі қолданылады.
88 88. Сорып шығаратын желдету жүйесі ылғалды және сулы режимді үй-жайларда бөлек жобаланады.
89 89. Үй-жайларда ауа температурасын бақылау үшін термометрлер ілінеді.
90 90. Ылғалды тәртіпте жұмыс істейтін үй-жайлардың едені ашық түсті, тайғанақ емес кәріз траптарда еңіс бар плиткалармен жабдықталады.
91 91. Терезеде фрамугалар мен желкөздер қарастырылады.
92 92. Монша мен саунадағы себезгі кабиналары себезгі торларымен, крандар, парфюм-косметика өнімдеріне арналған сөрелермен, жуыну раковиналары бар санитариялық орынмен жабдықталады.
93 93. Монша мен саунада жууға және залалсыздандыруға ыңғайлы жартылай қатты және қатты жиһаз, шешіну бөлмелері және себезгілерде резина кілемшелері қолданылады. Ағаш шарбақтарын пайдалануға жол берілмейді.
94 94. Жуынуға арналған легендер татқа қарсы, жоғары температураға төзімді материалдан жасалынады.
95 95. Монша мен саунада қолдануға берілетін заттар (ақжаймалар, орамалдар) әр келушіге жеке болуы тиіс.
96 96. Монша мен сауналар барлық жайларында тазалық үнемі сақталады. Канализация траптарының бітеліп қалуы және еденде кір судың жиналуына жол берілмейді.
97 97. Жұмыс күні бойы жуыну, булану, себезгі, шешіну және басқа да үй-жайларда әрбір келушіден кейін қолданылатын жабдықтар мен жиһаздарға залалсыздандыру жүргізіледі.
98 98. Резиналық төсеніштерді, аяқ-киімдерді залалсыздандыруға, арнайы белгі салынған ыдыс бөлініп, фунгицидтік әрекеті бар дезинфекциялау құралдары қолданылуы тиіс. Дезинфекциялаудан кейін аяқ-киімдер кептіріліп жабық пакеттерде келушілерге беріледі.
99 99. Жуыну бөлімдерінде легендерді жууға арнайы дезинфекциялау ерітіндісі бар сыйымдылық, тазарту заттары, шүберектер және щеткалар қарастырылады. Легендер, ванналар дезинфекцияланады және сумен шайылады.
100 100. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету, мүкаммалдарды және жабдықтарды жинау, дезинфекциялау жүргізіледі.
101 101. Моншаның булану бөлмесінен басқа барлық үй-жайлары қоқыс салатын жәшіктермен қамтамасыз етіледі.
102 102. Монша және сауна үй-жайларында кір жууға және кір кептіруге жол берілмейді.
12 12. Шомылу-жүзу бассейндерін жобалауға және құрылысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
103 103. Бассейндер бөлек тұрған ғимараттарда, сонымен қатар қоғамдық ғимараттарға жапсырыла салынып орналасады. Тұрғын ғимараттарда бассейндердің орналасуына жол берілмейді.
104 104. Аквапарктар саябақтық, тұрғын аумақтарда, рекреациялық аймақта орналасады.
105
105. Бассейндер үй-жайлары құрамына мыналар кіреді: гардеробпен вестибюль, ерлер және әйелдер шешіну орындары, себезгілер, дәретханалар, зал ваннасымен, қызметкерлерге арналған тұрмыстық бөлмелер, спорттық құрал-жабдықтарды сақтайтын бөлмелер, жинау құрал-жабдықтарды, жуатын және дезинфекциялық ерітінділерді сақтайтын бөлмелер, әкімшілік бөлмелер, медициналық қызметкерлеріне арналған кабинет, басқару жүйесі.
106 106. Бассейн үй-жайлары ішінің жоспарлануы (гардероб, шешіну орны, себезгі бөлмесі, бассейн ваннасы) дайындалатын тұлғалардың ағымдық қозғалысымен қамтамасыз етілуі тиіс.
107 107. Бассейн залында ваннамен жабдықтау мына талаптарға сай болу тиіс:
1 1) айналып өту жолдары периметр бойынша қарастырылады;
2 2) айналып өту жолдарын бойлай дем алуға арналған орындықтар орналасып, ылғал өтпейтін материалдан болу керек;
3 3) себезгіден шыққанда канализациялық траптарға еңісі болу керек;
4 4) айналып өту жолдары және орындықтар жылытылады;
5 5) тереңдетілген ванналарға периметр бойынша борт қарастырылады;
6 6) ванна суынан шыққанда саты қуыста орналасу керек.
108 108. Бассейн ванналарының көлемі бір адамға шаққанда ересектерге арналған 5м2 кем емес; балаларға арналған 4м2 кем емес көлемі қарастырылады.
109 109. Шешіну орындары жеке құлыппен жабылатын бір немесе сақтайтын екі қабатты киім шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады, орындықтар саны бір адамға 0,6 м ұзындық мөлшерінде есептелінеді. Бассейнге келушілер шешіну орындарында ауыстырып киетін аяқ киімдерімен кіреді.
110
110. Айналып өту жолдары, қабырғалары, бассейн ваннасының түбі су, ылғал өтпейтін материалдардан жасалынады, залдың үстіндегі ішкі құрылымы суға төзімді материалдардан жасалады. Айналып өту жолдарының материалдары бассейн ваннасының түбін тазалау және дезинфекциялау мүмкіндіктерін қарастыруы; химиялық реагенттерге және дезинфекциялау ерітінділерінің әсеріне төзімді болуы тиіс.
111 111. Себезгіден бассейн ваннасына жүретін жолда аяқ ваннасы ағымды су орналастырылады, көлемі айналып өту немесе секіріп өту мүмкіндігі болмауы тиіс. Бассейннің себезгі бөлмесінен айналып өту жолына тікелей шығаберісте аяқ ваннасының болмауына жол беріледі.
112
112. Бассейн себезгілері: әрлі-берлі жүретін жолда орналасып, шешінетін орынның айналып өту жолында орналасады, бір себезгі төрт орындық есеппен орналастырылады, әрбір кабина ылғал өтпейтін материалдармен бөлініп, жеке араластырғыштармен, ыстық және суық сумен, жуатын ерітінділермен, жөкелермен қамтамасыз етілуі тиіс.
113 113. Жиырма орынға аяқ жуатын бір жуғыш есеппен қарастырылады, дәретханалар шешіну орындарында орналасады: әйелдерде - 1 унитаз 30 адамға, ерлерде - 1 унитаз және 50 адамға 1 писсуар.
114 114. Холлдарда, вестибюльде, шешіну орындарында және т.б. әйелдер үшін 10 орынға 1 құрылғы, ерлер үшін 20 орынға 1 құрылғы.
115 115. Жыл бойы жұмыс істейтін ашық бассейндерде себезгілерді қабырға бойлай жүзіп шығып ваннаның таяз жағынан шығулары: ені 1,8 м - 2,2 м, тереңдігі ересектерге 0,9 м - 1,0 м, балаларға 0,6 - 0,7 м.
116 116. Ашық бассейндер ғимараттарында үй-жайды суық ауадан қорғайтын жапқыш қарастырылады. Жапқыштың төменгі бөлігі эластикалық материалдан жиектелген. Жүзіп шығу орындары тамбур түрінде жабдықталып, себезгі суларынан қорғалуы тиіс.
117 117. Су бетінің ластану қабатын тазарту үшін, ванна қабырғаларындағы толқындарды басу үшін кішкене науалар қарастырылады.
118 118. Теңіз сулары болатын бассейндерде су қақпасын санитариялық жағдайды ескере отырып жүргізіледі. Су қақпасының басы биіктігі 2 м кем емес теңіз суларының ортаңғы қабаттарынан әкелінуі тиіс.
119 119. Бассейн ванналары су алмасу жүйесімен қамтамасыз етуі тиіс. Рециркуляциялық және ағымды жүйеде болу мүмкін. Теңіз суы бар бассейндерде рециркуляциялық жүйені пайдалануға жол берілмейді.
120 120. Спорттық-сауықтыру бассейндерінде рециркуляциялық су алмасу жүйесі қолданылады, кіші бассейндерде (ванна көлемі 70 м аспау керек) – судың толассыз ағысы болуы тиіс.
121 121. Судың рециркуляциялық ауыстыру кезінде бассейн жұмысының әрбір 8 сағат (бұдан әрі – сағ.) жұмысы есебімен кемінде 10 пайыз таза су құбыры суының суын тазалау, зарарсыздандыру және үздіксіз қысымы қарастырылады.
122 122. Суды тазалау, залалсыздандыру және тарату қондырғылары негізгі немесе жеке тұрған ғимаратта орналасады. Әрбір ваннада өзінің автоматты түрде реагенттерді дозалауды қамтамасыз ететін сумен жабдықтау жүйесі болуы тиіс.
123 123. Судың ваннаға әкеліну жүйесі бір қалыпты таралып, температура және дезинфекциялау ерітінділері шоғырлануының тұрақтылығымен қамтамасыз етіледі.
124 124. Айналымдарға судың келуі ваннаның түбінде орналасқан құю науалары немесе тесіктері арқылы жүзеге асырылады.
125 125. Ванналарға жіберілетін су залалсыздандырылуы тиіс (хлорлану, бромдану, озондану, ультракүлгін сәулесімен сәулелену).
126 126. Үздіксіз ағып жатқан бассейндерге физикалық зарарсыздандыру әдісі қолданылады (ультракүлгін сәулемен сәулелендіру).
127 127. Ванналар шығын өлшеуіштермен жабдықталады: ол ваннаға жіберілетін суды, айналым жүйесіне түсетін суды, зерттеуге алынатын су сынамасын жинауға арналған кран мен қосылатын таза суды есептейді.
128
128. Ластанған суды ванналардан ағынды науалардан, аяқты ванналардан, айналма жолдардан ағызып жіберу шаруашылық-тұрмыстық немесе нөсерлі кәріз арқылы жүзеге асырылады. Кәріздің орталықтандырылған жүйесі болмаған жағдайда оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде су жергілікті тазарту құрылыстарына немесе ашық су айдынына төгілуі мүмкін.
129 129. Үй-жайдың еденінен соның ішінде айналма жолдардан суды бұрып жіберу «ылғалдық тәртіпте» болатын траптар арқылы жүзеге асырылады.
130 130. Ванна түбі канализациялық жүйеден төмен орналасқанда ваннаны босату насостың көмегімен іске асырылады.
131 131. Бассейн ванналарының су құбырлары кәрізбен жалғасу кезінде кәріздің ағынды суы кері түсуі мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
13 13. Жарықтандыруға, жылуға және желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
132 132. Жүзу бассейндерінде жылыту жүйесі, желдету жүйесі, ауа тазарту жүйелері санитариялық ережеге 3-қосымшада көрсетілген микроклимат және жүзу бассейндері үй-жайлары ауасының параметрлерін қамтамсыз етуі тиіс.
133 133. Бассейн ванналары залдар, дайындалу залдарында, хлорлау және озондау бөлмелерінде өздігінен сорып алу және сорып шығару желдету жүйесі қарастырылады. Желдету жүйесін қосатын пульттар хлорлау және озондау бөлмелерінен тыс болу керек.
134 134. Жүзу бассейндерін пайдалануда хлордың қалдық мөлшері ауада және суда гигиеналық нормативтерден аспау керек.
Ауада және тыныс алу аймағында хлор мөлшері 0,1 мг/м3, озон - 0,16 мг/м3 аспау керек.
135 135. Зал, бассейн ваннасында табиғи жарықтандыру болу керек. Жарық ойықтарының көлемі бассейн жайларының көлемінің 20 %-нан кем болмауы тиіс. Жарық ойықтардың үлкен бөлігі фрамугалар, желкөздермен желдетіліп тұру керек.
136 136. Судың беткі жарықтандыру кем дегенде 100 лк болу керек, секіруге арналған суда - 150 люкс, сулы поло - 200 лк. Бассейннің барлығында жұмысшы жарықтандырудан басқа судың беткі жарықтандыруын 5 лк кем емес етіп қамтамасыз ететін автономды апаттық жарықтандыру көзі болуы тиіс.
14 14. Бассейндерді күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
137 137. Күрделі және ағымдық жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру олардың санитариялық-техникалық жағдайларына байланысты жүргізіледі.
138 138. Реагенттер, конструкциялық және өңдейтін материалдар қолданылуға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда жол беріледі.
139 139. Бассейннің ваннасына құйылатын судың сапасы орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтаудың сапасына қойылатын гигиеналық талаптарға жауап беруі тиіс.
140 140. Бассейн ваннасындағы су сапасының көрсеткіштері осы санитариялық ережеге 4-қосымшаға сәйкес гигиеналық нормативтерден аспауы тиіс.
141 141. Маусымдық бассейндерде су құбырынан келетін су жоқ болған кезде жер үстіндегі немесе жер астындағы көздердің суларын күнделікті ауыстырған жағдайда қолдануға жол беріледі.
142 142. Ванна ағын су науаларына дейін толтырылады, оны толық толтырылмаған жағдайда қолдануға болмайды.
143 143. Залда шу деңгейі 60 децибел А аспау керек (бұдан әрі - дБА), ал дайындалу және жарыстар кезінде 82 дБА-ден 110 дБА-ге дейін.
144 144. Әрбір жүзу сабағы алдында шешіну орындарында және зал ванналарында салыстырмалы ауа ылғалдылығы және температурасына; ванна суында дезинфекциялау ерітінділердің қалдық концентрациясына, су температурасына бақылау көрсеткіштері жүргізіледі.
145 145. Бассейн ваннасында дезинфекциялық жұмыстарының рециркуляциялық түрі 7–10 күнде бір рет жүргізіледі.
146 146. Ванна суын рециркуляциялық түрімен залалсыздандырғанда, бассейнде дайындалатын бір адамға шаққандағы шығын:
1 1) суды хлорлау және бромдау–2 м3/с кем емес;
2 2) ультракүлгін сәулемен өңдегенде –1,8 м3/с кем емес;
3 3) суды озондағанда – 1,6 м3/с кем емес.
147 147. Бассейнді пайдалану кезінде толассыз ағыс жүйесінің негізінде суды әкелу, жылыту, тазалау, залалсыздандыруын қамтамасыз етеді.
148 148. Бассейн ваннасының ағыс үлгісінің бір сағаттық шығыны: жүзуді үйрету үшін ванна көлемі 20–25 % кем емес; қалған жағдайда ванна көлемі 15 % кем емес.
149 149. Бассейнді пайдалану кезінде дезинфекциялау ерітінділерінің қалдық мөлшері мынадай көрсеткіштерден тұруы тиіс: бос хлор – 1,5 мг/дм3.
150 150. Келушілерді қабылдардың алдында қалдық мөлшерінің құрамы санитариялық ережеге 4-қосымшада көрсетілген деңгейден аспауы тиіс.
151 151. Бассейнде дайындалатын тұлғаларды қабылдамастан бұрын дезинфекциялау ерітінділерінің қалдық мөлшері мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1 1) қалдық хлордың шоғырлану деңгейі 0,8–1,2 мг/дм3, бос хлор қалдығы 0,2 мг/дм3 артық емес;
2 2) 1-6 жас аралығындағы балаларға бос хлор қалдығы 0,1–0,3 мг/дм3 мөлшерінде, егер суда колифагтар болмаған жағдайда;
3 3) бірлесіп қолданылатын ультракүлгін сәулелену және ванна бассейндегі қалдық хлор мөлшерінде 0,3 мг/дм3 рұқсат етіледі;
4 4) гипохлорит натримен суды залалсыздандырғанда, қайнатылған тұз электролизінен алынған, ванна бассейннің хлор 700 мг/дм3 мөлшерінде рұқсат етіледі.
152
152. Бассейндердің үй-жайлары және ванналарында күнделікті жинау жұмыстары жұмыс уақытының соңында жүргізіледі, қажет болған жағдайда үзіліс кезінде жүргізіледі. Жинау жұмыстарымен қоса айналып өту жолдарына, еденге, орындықтарға, кілемшелерге, есік тұтқаларына, тұтқаларға т.б. дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
153 153. Бассейндердің үй-жайлары және ванналарында күрделі жинау жұмыстары айына кемінде бір рет жүргізілуі тиіс.
154 154. Бассейндердің ванналарында дезинфекциялау жүргізіледі: суды ағызғаннан кейін және механикалық тазарту жұмыстарынан кейін; дезинфекция ерітінді құрамы 0,6–0,8 мг/дм3 және активті хлор құрамы 100 мг/дм3 мөлшерде екі реттік суландыру әдісімен жүргізіледі.
Активті хлор сынамалары жағылғаннан кейін бір сағаттан кейін іске асырылады.
155 155. Ванна бассейндерінің қабырғаларын тазалауда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген реагенттерді ағымды түрде қосып отырады.
156 156. Бассейнде дайындалатын тұлғалар:
1 1) өзімен бірге шомылатын киім, ылғалға тұрақты материалдан жасалған аяқ киім, сүлгі, жуынуға арналған заттар, жөке, резинадан жасалған бас киім (ванна суын шаш қоқыстарынан сақтау мақсатында); залға шықпастан бұрын жуынуға арналған заттармен жуып-шайынуы тиіс (шомылуға арналған киімсіз);
2 2) декоративті косметикамен ванна бассейніне кірмеуі тиіс.
157 157. Бассейн суларының өндірістік зертханалық бақылау сапасы осы санитариялық ережеге 5-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерімен және қысқаша сынама алу арқылы бассейннің өндірістік зертханасымен жүргізіледі.
158 158. Су сынамалары екі нүктеден алынады: беткі және 25-30 см тереңдікте алынады.
159
159. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібімен жүргізілген талдаулардың қанағаттанғысыз нәтижелері кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тиісті аумақтың мемлекеттік органына ақпарат жіберіледі және қажет болған жағдайда қосымша қайта микробиологиялық, паразитологиялық зерттеулер, күрделі жинау жүргізеді немесе бассейнді жабады.
15 15. Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
160 160. Кір жуу орындары жеке тұрған ғимаратта, монша ғимараттарымен бірге, сонымен қатар қоғамдық ғимараттардың көлемінде және жеке кіру есігі болған жағдайда қоғамдық ғимараттар өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастыруға болады.
161
161. Кір жуу орындарын өзіне қызмет жасау кір жуатын орын және кірді қабылдау пункттерінен басқасын тұрғын үйлерде орналастыруға жол берілмейді. Кірді қабылдап-беру пункттерін тұрғын үйде орналастыру жағдайында үй-жайдың тұрғын бөлімнен оқшауланған жеке кіру есігі және кірді қабылдауға, сақтауға және кір және таза киімді беруге жеке үй-жайлар болу тиіс.
162 162. Сәулеттендіру - жобалау шешімі таза және кір заттардың жанасуын болдырмайтын, тоқтаусыз технологиялық процесс ағынын сақтауды қарастыруы тиіс.
163 163. Кір жуу орындары үй-жайларында тұрмыстық бұйымдарды химиялық жолмен тазалайтын ұйымдарды, жеке бастың тазалығын сақтауға арналған және тұрмыстық заттарды сататын дүңгіршек орналастыруға болады.
164 164. Жылу беру, желдету және ауа баптау ауа сапасы гигиеналық нормативін қамтамасыз етуі тиіс, шу мен діріл мөлшері, сонымен қатар кір жуу үй-жайларының жылу беру маусымындағы микроклимат мүмкіндік параметрі: ауа температурасы +18-22 градус С, салыстырмалы ылғалдылық 30-60 пайыз болады.
165 165. Кір жуатын орынның үстіндегі қабаттар арасындағы жабынды будан, жылудан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі керек.
166 166. Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлар орналасқан жағдайда, кір жуатын, кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен форточкаларсыз, ашылмайтындай болуы тиіс.
167 167. Аурухананың киім әбзелдері ауруханаішілік кір жуу орындарында жүргізіледі. Арнаулы технологиялық шарттар бөлінген жағдайда аурухана киімі мен сырт киімдер бөлек болғанында емдік-профилактикалық ұйымдарының киім-кешектерін жууға жол беріледі.
Таза және кір киімдерін сақтайтын үй-жайларда функционалдық бөлімшелердің атауымен белгіленген сөрелер болуы тиіс. Хирургиялық, терапиялық, обсервациялық бейіндегі бөлімшелердің киім-кешектерін сақтау бөлек болуы тиіс. Әрбір ауысымнан кейін сөрелер мен жабдықтардың беті дезинфекциялануы тиіс.
168 168. Инфекция жұқтырылған киім-кешектерді өңдеуді көздейтін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1 1) инфекция жұқтырылған киім-кешектерді, төсек әбзелдерін қабылдауға арналған үй-жайлар басқа үй-жайлардан оқшау болуға тиіс;
2 2) киімдерді қабылдайтын, іріктейтін, кір киімдер мен төсек әбзелдерін жуатын үй-жайлар сорып шығаратын жеке желдету жүйесімен жабдықталуы керек;
3 3) инфекция жұқтырылған киім-кешектері мен төсек әбзелдерін зарарсыздандырғыш сыйымдылықтарға салу бөлшектеу жағында жүргізіліп, оларды ыдыстан алу кір жуатын бөлім жақтан алынады;
4 4) кір жуу алдында зарарсыздандырылуы;
5 5) жуу және дезинфекциялау құралдары дайындаушының ыдысында, арнайы бөлінген жерде сақталуы тиіс.
169 169. Таза және кір киімдерді тасымалдауға, жинауға арналған легендер, арбалар таңбаланады және орынды қолданылады.
170 170. Тұтынушыларға бұйымдар қаптаулы күйде беріледі.
171 171. Таза және кір киімдер арнаулы санитарлық паспорты бар көлікпен тасымалданады. Кір киімдерді түсіргеннен кейін көліктің іші залалсыздандырылады.
172 172. Кір жуатын орынның құрал-жабдықтары, кір жуатын машиналардың орналасуы және үй-жайдың әрленуі тазалық жұмыстарын тез және оңай жүргізетіндей болып ыңғайлы орналасуы керек.
16 16. Химтазарту ұйымына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
173 173. Химтазарту жеке тұрған ғимараттарда, солай-ақ тұрмыстық қызмет кәсіпорны кешені, ұйымдар мен өндірістік кәсіпорындар құрамында жеке үй-жайда орналастырылады. Ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, қонақ үй кешендерінде, гипермаркеттерде шағын-химтазалау орнын орналастыруға жол беріледі.
174
174. Ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, қонақ-үй кешендерінде, гипермаркеттерде орналасқан шағын-химтазарту, жеке кіру – шығуы және автономиялық желдету жүйесі болуы қажет, жеке кіру – шығуы орналастыру мүмкін болмаған жағдайда шағын-химиялық тазарту ұйымдары азық-түлік, балаларға арналған заттар (киім, ойыншық, ойындар, мектеп-жазу құралдары) және дәрі-дәрмек науқастарды күтуге арналған заттар сатылмайтын аумақта орналасуы тиіс.
175 175. Химтазарту (қабылдау пункттерінен басқа) тұрғын үйлерде орналастыруға жол берілмейді.
176 176. Химтазарту қабылдау пункттері кісі тұратын кварталдарда жеке тұрған немесе ғимараттарға (кісі тұратын және тұрмайтын) жанастыра салынған, қоса салынған, қоса-жанастыра салынған үй-жайларда орналасуы мүмкін.
177
177. Химиялық тазарту ұйымдарында өндіріс үй-жайлары (цехтар) бір қабатты жеке тұрған ғимараттарда немесе 1-қабатта орналасуы тиіс. Көп қабатты ғимараттарда тік жоспарлауды және химиялық заттардың тітіркендіргіш әрекетін және олардың дәл бағытталған әрекет ету механизмін есепке ала отырып, келесі қабаттарында қосалқы және әкімшілік үй-жайлар орналасуына болады.
178 178. Химтазарту өндірістік үй-жайларды орналастыру барысында таза және кір заттардың жанасуын болдырмайтын, үздіксіз технологиялық процесс ағынын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
179 179. Химтазарту жоспарлау шешімдерін қабылдау кәсіпорынның (қуаттылығы) өнімділігіне, үй-жайлардың кескін үйлесіміне, және әр нақтылы жағдайда қолданыстағы санитариялық заңдылықтардың талаптарына сәйкес қабылданады.
180 180. Өндірістік үй-жайларының алаңы технологиялық істердің бағытына, санына, өндірістік жабдықтардың үлгісіне және жұмысшылардың санына байланысты анықталады.
181 181. Жеке бөлімшелер мен жалпы кәсіпорындарда жаңғырту және реконстукциялау кезінде жұмыс, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлар ауданы мен көлемдері негізсіз азайтылмауы тиіс.
182 182. Қақпалар және терезенің сыртқы ойықтары жылдың қысқы мерзімінде ауаны жылыту үшін тамбурлармен және жылы әуе перделерімен жабдықталады.
183 183. Қосалқы және негізгі өндіріс үй-жайларында қабырға, төбе және едендердің өңдеулері зиянды химиялық заттардың қорлануын болдыртпайтын материалдармен жүргізіледі.
184 184. Химиялық тазарту ұйымдарында еден жабулары берік материалдан жасалынып, су өткізбеуді қамтамасыз етуі қажет, ал еден салынуы төгілгенде және ылғалды жинау жүргізгенде ағын су бұруы қажет.
17 17. Желдетуге, жарықтандыруға және кәріздеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
185 185. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларда механикалық жолмен іске қосылатын сорып-шығару желдету жүйесі жабдықталуы тиіс.
186 186. Басқа тағайындаудағы ғимаратта орналасқан химиялық тазарту ұйымдарының желдету жүйесі, осы ғимараттың желдету жүйесінен басқа автономды желдету жүйесімен жабдықталады. Технологиялық сору желдету және жалпы алмасу желдету жүйесі түзу, қалыпты жағдайда жұмыс істеуі тиіс.
187 187. Құйылатын ауа жергілікті сору құралдары жұмысының теңдігін бұзбай, көп ластанатын аймақтан, аз ластанатын аймаққа бағытталмауы тиіс.
188 188. Дақтарды жою, ылғалды-жылумен өңдеу бөлімдерінде қосымша жергілікті соратын құрылғылар орналастырылады. Химиялық заттар бөлетін көздер ауа қозғалысы жылдамдығы жұмыс қимасында 1,0 м/с кем емес жергілікті соратын құрылғылармен жабдықталады.
189
189. Қалдық түсіру автомат жүйесімен жабдықталмаған машиналар арқылы қолмен жүргізілген кезде, машинаның артқы қабырғасы жергілікті соратын құрылғымен жабдықталады. Жұмыс істеу аймағына еріткіштер буы түспейтіндей, тек еріткіштер буын жоятын жүйелермен жабдықталған машиналардан басқа, машинаның алдыңғы қабырғасына дабылдың ашылуымен қоршауға алынған, жергілікті соратын құрылғылар орнатылуы тиіс.
190 190. Химиялық тазарту ұйымдарында ауаны қайтадан пайдалануға жол берілмейді.
191 191. Еріткіштер қолданылатын химиялық тазарту бөлімдерінде резервтік желдету жүйесі қарастырылуы тиіс.
192 192. Дақтарды жоюға арналған жұмыс үстелі және бұйымдарды булауға арналған үстелдер дербес желдету жүйесімен жабдықталады.
193 193. Ылғалды-жылумен өңдеу бөлімі жалпы алмасып сорып-шығаратын желдету жүйесімен, қажетті жағдайда артық жылу-ылғалды жоятын жергілікті сорғыш қондырғылармен жабдықталады.
194 194. Химиялық тазалау машиналарының және басқа да жабдықтардың технологиялық сору жүйелері жалпы алмасу желдету жүйелерінен бөлек жобаланады.
195 195. Желдеткіш жабдықтары желдеткіш камераларда орнатылуы тиіс және құрал-жабдықтарды орнатқанда шу мен дірілді азайтатын шараларды қарастыруы тиіс.
196 196. Жуғыш ерітінділерін дайындау нәтижелі жергілікті сору желдеткішімен жабдықталған жұмыс орнында жүргізіледі.
197 197. Технологиялық механикалық сорылатын желдету жүйелері жұмыс нәтижесі жылына 1 рет, механикалық жалпы алмасу желдету жүйесін 3 жылда 1 рет бақыланады.
198 198. Жұмыс орны ауасындағы зиянды заттардың құрамы рұқсат етілген шекті шоғырланудан аспауы тиіс.
199 199. Өндірістік үй-жайлар жалпы жарықтандыру немесе қиыстырылған жарықтандыру және апаттық жарықтандырумен жабдықталады.
200 200. Табиғи және жасанды жарық көздерінің деңгейлері құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сай болуы тиіс. Жарықтың түсу спектрі табиғи жарыққа жақын болуы қажет және орындалатын жұмыстың ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
201 201. Жабдықтардан ағын суды кәріз жүйесіне төгу жабық тәсілмен жүргізілуі тиіс. Өндірістік үй-жайлардың еденіне ағын суды жіберу және ағын судың кәрізге жіберілуі үшін ашық науа қолдануға жол беріледі.
Химиялық тазалау машиналары су бөлгіштерінен еріткіштер буы бар араласқан суды шығару шлам тәрізді кәдеге жаратылады.
18 18. Үй-жайларды және жабдықты күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
202 202. Химтазарту ұйымдарында өндірістік процесстер және жабдықтар технологиялық параметрлер мен сипаттамаларға сай болуы тиіс.
203 203. Бұйымдарды құрғақ химтазалау машиналарының құрылымы (ерітінді қолдану арқылы) барлық операцияларды үзіліссіз, жабық айналым бойынша қамтамасыз етуі мүмкін.
204 204. Бұйымдарды өңдеумен байланысты технологиялық процесстер (тасымалдау, жуу, құрғақ химиялық тазарту, сығу, кептіру т.б) қол еңбегін барынша аз қажет ететін тәсілдермен жүргізілуі тиіс.
Жабдықтарды күтуге арналған мынадай өндірістік процесс: әкелу, мөлшерлеу, ерітінділерді төгу, сүзілетін ұнтақтарды түсіру, элементтерді механикалық жолмен тазалау дара қорғаныш және механизация құралын қолданумен жүргізіледі.
205 205. Технологиялық процесстерді оның ішінде киімдерді және басқа да бұйымдарды цех аралық тасымалдау барынша автоматтандырылған және механикаландырылған болуы тиіс. Ауыр заттарды көтеру және жылжыту үнемі жұмыс кезеңі бойынша әйелдерге - 7 кг, ерлерге - 15 кг.
206 206. Қолмен тегістеу жүргізілген кезде, тегістегіш үстел және олардың қашықтығы қызметшілердің жұмыс уақытында еркін және кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
207 207. Барлық технологиялық жабдықтардың сыртқы температурасы 43 Цельсий градустан аспауы тиіс.
208 208. Бұйымдарды химиялық тазартудың технологиялық процесстерінде қолданылатын реагенттердің, заттардың, препараттардың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс.
209 209. Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сору желдеткіші бар, едені қышқылдар мен сілтілерге төзімді және стеллаждар мен тұғырықтармен жабдықталған қоймаларда сақталады. Жұмыскерлер жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
210 210. Химиялық материалдарды қоймаларда бір-бірінен қалқанмен жекеленген бөліктерде, біркелкілік тәртіп бойынша сақталады.
211 211. Өндірістік учаскелерде химиялық материалдарды аз мөлшерде сақтауға рұқсат етіледі. (технологиялық процесстегі қолданылатын заттармен препараттардың 1 күндік мөлшері).
212 212. Химиялық тазарту ұйымдарында көрнекті жерге ілінген еңбекті қорғауға арналған арнайы нұсқау болуы тиіс.
213 213. Жабдықтарды, коммуникацияларды және олардың бөлек түйіндерін жөндеу жұмыстары, оларды мұқият тазалағаннан кейін және көшпелі желдету жүйесі немесе қолданыстағы сору желдету жүйесі болғанда жүргізіледі.
214 214. Қосымша жұмыс жүргізу үшін (бұйымдарды қалпына келтіру) қосымша үй-жай немесе жеке учаске бөлінуі тиіс.
215 215. Үй-жайларға күрделі жинау белгіленген уақытта жуу және залалсыздандыру заттарын қолданумен қабырға, еден, терезе құрал-жабдықтарды жуу арқылы айына кемінде 1 рет жүргізіледі.
216 216. Бұйымдарды қабылдау-беру пунктінен өндірістік үй-жайларға дейін және өндірістік үй-жайлардан бұйымдарды қабылдау-тапсыру пунктіне дейін тасымалдау жабық қаптарда немесе пакеттерде жүргізілуі тиіс.
217 217. Персонал арнайы жұмыс киімімен, аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралымен қамтамасыз етіледі.
218 218. Жұмыс аймақтарының ауасында зиянды заттардың қоспасы шектеулі рұқсат етілген концентрациясынан жоғары болған жағдайда, апат болған жағдайда, желдету жүйелері істен шыққан жағдайда қамтамасыз етіледі.
219 219. Су ерітінділерінен және механикалық әсерден қол терілерін қорғауға қолғап және арнайы биялай және майлар, пасталар, кремдер беріледі.
19 19. Елді мекендердің аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
220 220. Елді мекендердің аумағын санитариялық тазалау жүйесі тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинауды, жоюды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды қарастырады және мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
221 221. Арнайы бөлінетін автокөліктің саны үй құрылысы қорының нақты саны құрылысы жүргізілген учаскенің өсуіне байланысты және нақты елді мекеннің жергілікті жағдайын ескере отырып бөлінеді.
222 222. Тұрмыстық және басқа да қалдықтарды шығару таңғы сағат 7-ден ерте болмай, түнде 23 сағаттан кеш болмауы тиіс.
223
223. Қоғамдық түрде пайдаланылатын орындарда (алаңдар, көше, парк, вокзал, аэропорт, базар, қалалық көліктің аялдамаларында, демалу орындарында) урналар қойылуы керек. Халық көп жүретін жерлерде урналар әрбір 40 метр (бұдан әрі - м) сайын, ал адамдар аз жүретін жерлерде әрбір 100 м сайын қойылуы тиіс. Көлік аялдамаларында урналарды қою міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Урналарды тазалау толуына байланысты жүргізіледі.
224 224. Көшелердегі жол бетін жуғанда астаушаға жиналатын лас заттар өсімдіктер егілген жерлерге және тротуарға түспеуі тиіс.
225 225. Қозғалыс қарқынды жүретін көшелердің микроклиматын жақсарту үшін жылдың ыстық кездерінде көшені сумен жуу тиіс.
226 226. Жаңбырдан кейінгі су ағары жоқ көшелер сыпырып, тазартатын машиналар арқылы тазалануы тиіс. Көшеге ас тұзын себуге жол берілмейді.
227 227. Күзде жапырақтар көптеп түсе бастаған кезде олар уақытында жиналып отыруы керек. Жиналған жапырақтарды арнайы шірітуге арналған орындарға апарып, төгу керек. Жиналған жапырақтарды тұрғын үй аудандарында, парктерде жағуға жол берілмейді.
228 228. Ғимараттарды пайдаланатын мекемелер, тұрғын үй бөлімдері, кәсіпорындар және мекемелер, үйлердің коменданттары мен басқарушылары мынадай тәртіпті сақтайды:
1 1) тұрмыстық қалдықтарды жинап әкетуге келісім шартты уақытында жасау;
2 2) елді мекендердің аумақтарында санитарлық ережелерді сақтауға арналған шараларды тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіп, оларды орындауға бағытталған шараларды ұйымдастыру;
3 3) су өткізбейтін қатты беті бар қоқыс жинағыштарға арналған алаңды қарастырып, жабдықтау;
4 4) аула сыпырушыны тамақ қалдықтарын жинауға, көше мен аула сыпырындысын сақтауға арналған керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
5 5) қоқысқабылдағыш камераларды, алаңдарды, сондай-ақ, басқа да қалдықтарда кездесетін шыбындарға қарсы зарарсыздандыру, дезинсекция, тазалау жұмыстарын жүргізуге шара қолдану.
229 229. Жуғыш, тазалағыш машиналарды техникалық сумен толтыру жұмысын - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарымен келісілгеннен кейін ғана ашық су көздерінен алынған сумен толтыруға болады.
230 230. Көк шөптің үстіне мұз ойындыларын, лас қарларды тастауға және жинауға жол берілмейді.
231 231. Объектілердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің аумақтарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келісімінсіз дәретханалар, қазылған шұңқырлар және контейнерлерге арналған алаңдарды салуға және оны қайта жабдықтауға жол берілмейді.
232
232. Жағажай аумағында арасы 200 метрден аспайтын ауыз су ретінде қолданылатын бұрқақтар болуы тиіс. Күн сайын жағажай жабылғаннан кейін, судың жағасы, шешінетін, жасыл зона орындарында тазалық жинаструы өткізеді, дәретханалар залалсыздандырылады және жинақталады. Күн ішінде кезекті жинақтау өткізіледі.
233 233. Ашық және жабық шешінетін орындар, шешінуге арналған павильондар, гардеробтар күн сайын Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш дәрмектердің ерітінділерін пайдалану арқылы жуылуы тиіс.
234 234. Жағажайлардағы құмды қоқыстарды жинай отырып, механикаландырылған жолмен жетісіне кемінде 1 рет босаңсыту керек. Босаңсытқаннан кейін оның бетін тегістеу керек.
235 235. Шомылуға арналған жерлерде кір жуып, жануарларды шомылдыруға жол берілмейді.
236 236. Парктердің шаруашылық аумағының қоқыс жинағыштарға бөлінген учаскесі демалушылардың көп жиналатын жерінен (би алаңдары, эстрада орналасқан жерден, фонтандардан, басты аллеялардың, көрсету павильиондарынан) кемінде 50 м қашықтықта орналасуы тиіс.
237 237. Урналар саны мынадай есеппен шығарылады: 800 м2 парк алаңына 1 урна. Басты аллеяларда урналардың арасы 40 м көп болмауы керек. Сауда орындарының қасында міндетті түрде урна қойылуы тиіс.
238 238. Демалушылардың көптеп жиналатын орындарынан алыс жерде қалдықтарды жинау ыңғайлы болу үшін, оларды уақытша сақтауға арналған аралық жинағыштар қарастырылуы керек.
239 239. Негізгі жинау саябақ жабылған соң таңғы сағат 8-ге дейін жүргізіледі. Күндіз ағымдық жинау, жасыл желектерді суғару, қалдықтарды және түскен жапырақтарды жинау жүргізіледі.
240 240. Азаматтардың жеке меншігіне жататын үй құрылыстары жүргізілген ауданда жетісіне кем дегенде 2 рет тұрмыстық қатты қалдықтардан тазалаудың тұрақты-жоспарлы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіледі.
241 241. Аула ішіндегі дәретханалардан, контейнерлік алаңдарынан белгіленген ажырауларды сақтау мүмкін болмайтын құрылысы қалыптасқан аудандарда бұл қашықтық комиссиялық анықталады.
242 242. Қойылатын қоқыс жинағыштардың (контейнерлердің) санын, осы қоқыс жинағыштарды пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормасына, қалдықтардың сақталу мерзіміне қарай есептейді.
Қоқыс жинағыштардың есепті мөлшерін қоқыстың ең көп жиналатын уақытына қарап есептейді. Қалдықтардың (жиынтықтардың) жиналу нормасы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай жүргізілуі тиіс.
243 243. Қолайлы тұрғын үй-жайлары қалыптасқанда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға қақпағы бар контейнерлер колданылады.
244 244. Темір контейнерлер жаз кезеңінде кемінде 10 күнде 1 рет және (ауыстырылатын жүйе) қарастырылғанда әрбір (ауысымнан кейін) жуылуы тиіс.
245 245. Сұйық қалдықтарды канализациясы жоқ үй иелігі қабырғасы су өткізбейтін, төбесі қақпақпен жабылған тазаланылатын шұңқырға құяды. Оның үсті қақпақпен жабылып, қатты қалдықтар үшін торлы көзі болуы керек. Аулалық дәретхана бар жерлерде сорып алу шұңқырлары ортақ болуы мүмкін.
20 20. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
246 246. Елді мекендерге арналған полигондар, ондағы халықтың санына қарамастан құрылады. Елді мекендердің бір тобы үшін орталықтандырылған полигон салуға болады.
247
247. ҚТҚ полигонына тұрмыстық және қоғамдық ғимараттардың, сауда кәсіпорындарының, қоғамдық тамақтандыру орындарының қалдықтары, бақ-саябақтардың сыпырындысы, құрылыстық қоқсықтар және өнеркәсіптік қалдықтардың қатты түрлері (ІІІ-ІV сынып қауіптілігіне жататын), сондай-ақ тәжірибелік әдіспен анықталған қауіпсіз қалдықтар қабылданады. Мұндай қалдықтардың тізімі аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен келісіледі.
248 248. Қатты тұрмыстық қалдықтармен бірге жинауға жіберілетін өндірістік қалдықтардың ылғалдылығы 85% аспауы керек. Қалдықтар жарылыс тудырмайтындай, өз бетімен жанатындай болмауы тиіс. Сұйық және қою қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды.
249
249. ІV сынып қауіптілігіне жататын өндірістік қалдықтар полигонға ешбір шектеусіз қабылданып, оқшаулағыш материал ретінде қолданылады. Бұл қалдықтардың сулы суырындысындағы (1 кг қалдыққа - 1л су) улы заттардың деңгейі ҚТҚ-ның сүзіндісі тұсында мынандай сипаттарға ие болуы керек: оттегіге деген биохимиялық көрсеткіштің керектілігі (бұдан әрі-ОБКтолық) және оттегіге деген химиялық қажеттілігі (бұдан әрі-ОХҚ) 1 литрге 300 миллиграмнан/л (мг/л) аспай, құрылымы бір келкі болып, олардың фракцияларының көлемі 250 мл аспауы керек.
Шектеусіз қабылданатын ІV сыныпқа жататын өндірістік қалдықтардың тізімі, осы санитарлық ережелердің 6-қосымшасының 1 кестесінде берілген.
250
250. Тұрмыстық қалдықтармен бірге жиналатын улы заттардың деңгейі ҚТҚ-ның сүзіндісі тұсында және ОБҚ20 және ОХҚ 400-5000 мг/л О2 болғанда қауіптілігі ІІІ және ІV сыныптарға жататын өндірістік (осы санитарлық ережелердің 6-қосымшасының 2, 3 кестелерінде көрсетілген) қалдықтар шектеулі көлемде (тұрмыстық қатты қалдықтар массасының 30% аспауы керек) алынады.
251 251. Полигонда қызмет көрсетілетін ұйымдардың атауы болып, олар жіберетін қалдықтары мен олардың мөлшері көрсетілген тізім болуы керек.
252 252. Полигонға шығарылатын өнеркәсіптік қалдықтардың әрбір партиясына осы санитарлық ережелердің 7-қосымшасына сай анықтама рәсімделуі керек.
253 253. ҚТҚ полигондарына химиялық қалдықтар мен арнайы имараттарда залалсыздандырылмаған эпидемия туғызу қаупі бар қалдықтарды қабылдауға жол берілмейді.
254 254. Қатты, сұйық және қою радиоактивтілігі бар қалдықтарды радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қолданыстағы ұйымдастырылған арнайы полигондарда көму және зарарсыздануы тиіс.
255 255. Жануарлардың өлекселерін, ет комбинаттарының жарамсыз өнімдерін зиянсыздандыру қолданылып жүрген санитариялық-ветеринариялық ережелерге сай мал көметін орындарда, жоятын зауыттарда, арнайы биотермиялық камераларда жүргізілуі керек.
256 256. Полигондарда екінші рет қайта қолданылатын шикізаттарды жинауға және оларды сақтаудың уақытша орындарын орналастыруға және жинауға болмайды.
21 21. ҚТҚ полигондарын орналастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
257 257. ҚТҚ полигонын орналастыруға арналған учаскені таңдағанда климатогеографиялық және топырақ ерекшеліктерін, геологиялық және гидрологиялық жағдайларын есепке алу керек.
Полигондарды орналастыруға мынадай жағдайда жол берілмейді:
1 1) полигондарды су көзінің және минералды су көздерінің санитарлық қорғау аумақтарында орналастыруға болмайды;
2 2) барлық курорттардың қорғау аумақтарында;
3 3) жер қыртысының жарықтары жер бетіне жақын орналасқанда;
4 4) сулы горизанттардың жер бетіне шыққан орындарында;
5 5) халықтың жаппай демалатын орындарында және сауықтыру мекемелері орналасқан жерлерде.
258
258. Полигондарға арналған учаске елді мекеннің бекітілген бас жоспарына немесе құрылыстарының жоспарына сай бөлінуі керек. Полигонды жазық жерде орналастырған дұрыс. Полигондарды сайлар мен жыраларға орналастыруға болады, олардың әрбір бөліктерін тереңдігі жағынан жоспарлау керек. Жылына 1000 тонна қалдық қабылдайтын полигон учаскесінің ауданы 0,02-0,05 гектар (бұдан әрі - га) болып, пайдалану мерзімі 20 жылға есептелуі керек.
259
259. Полигонның шекарасынан тұрғын үйлердің шекарасына дейінгі арақашықтығы 500 м кем болмайтын санитариялық-қорғаныс аймағы (бұдан әрі - СҚА) бар полигондар елді мекен шекарасынан тыс жерде орналасуы керек. Сондай-ақ СҚА-ның аумағы атмосфераға түсетін газ тәрізді заттардың мөлшеріне байланысты анықталады. Егер нормативті аумақтың шекарасында ҚРШШ көп болатын болса, онда оның шекарасы 1,0 қанықпаның рұқсат етілген шегі (бұдан әрі - ҚРШШ) беретін белдеу арқылы анықталады. Санитарлық-қорғаныс аумақтың ең аз дегенде 50% көгалдандырылуы керек. Тұрғын үй-жайлар орналасқан аумақ жағынан ені 50 м кем болмайтын ағаш-бұталы өсімдіктер отырғызылуы керек.
260 260. ҚТҚ полигондары құрылымы, пайдаланылуы және оларды қайта өңдеу белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Жинау аймағы полигонды пайдалану кестесіне сай кезекті түрде қалдықтармен толтырылатын (карталарға) бөлінеді.
261 261. Тығыздалған ҚТҚ-ның арасын және ақырғы рет көмуге керекті топырақты алу үшін, жинау аймағының (учаскесінің) барлық көлеміне қазан шұңқыр қарастырылуы керек. Қазан шұңқырлардан алынған топырақ полигонның периметрі бойынша үйіледі.
262
262. Полигондардағы қалдықтарды залалсыздандыру үшін бурттарда далалық компостау әдісі пайдаланылады, ал жылына 120 мың м3 ҚТҚ қабылдайтын полигондар үшін ҚТҚ-ды жинау траншейлі сызба арқылы жүргізіледі. Траншеялардың тереңдігі 3-6 м, ал жоғарғы жағының ені 6-12 м болуы керек. Траншеялар желдің жиі соғатын бағытына көлденең орналастырылады.
263 263. Траншеяларды қазу барысында алынған топырақ ҚТҚ-мен толтырылған траншеяларды жабуға жұмсалынады. Ылғалдылығы 55% ҚТҚ-ды жинайтын қазан шұңқырлардың түбі, орташа жылдық жауын-шашын көп болатын климаттарда аумақтарда су өткізбейтін сазды топырақ кем дегенде 0,5 м тереңдікке қазылуы керек.
264 264. Бір траншеяның ұзындығы оның толтырылу уақытын есепке ала отырып анықталуы керек:
1 1) температурасы 00 С-ден жоғары болған кезеңде - 1-2 ай ішінде;
2 2) температурасы 00 С-ден төмен болған кезеңде - топырақтың барлық тоңазу кезінде.
265
265. ҚТҚ-ны батпақты жердегі суларға, қар суы басып кететін учаскелерге тікелей жинауға болмайды, мұндай жерлерде ҚТҚ полигонын жасау үшін, жер беті, қар суларынан деңгейі 1 метрден асатын инертті материалдардан төкпе жасау керек. Төкпе жасардан бұрын су өткізбейтін экран қарастырылуы керек. Егер жер асты сулары 1 м жоғары тереңдікте жататын болса, онда ол жердің бетіне оқшаулайтын қабат төселініп, оның топырағы құрғатылуы керек.
266
266. Шаруашылық аймақта өндірістік-тұрмыстық ғимараттар, гараждар, механизмдер мен машиналарға арналған төбесі жабық алаңдар қарастырылуы керек. Қызметкерлерді керекті мөлшерде ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз ететін көз қарастырылып, олардың тамақ ішетін бөлмесі және дәретхана қарастырылуы керек. Шаруашылық аумақтың алаңдары бетондалып немесе асфальттанады. Жарық беріліп, қоршауға алынады.
267 267. ҚТҚ-ның контейнерлердің жуатын алаң шаруашылық аумағынан тыс жерде орналасуы тиіс, ол жерде жуу бөлімшесі қарастырылып, оған суық су әкелінуі тиіс. Таза және лас контейнерлерді таситын, сондай-ақ полигонға қоқыс әкелетін жолдар бірімен-бірі қиылыспауы тиіс.
268 268. Құбыр арқылы келетін су жоқ болғанда контейнерлерді жуу, сырттағы ауаның температурасы плюс 5 град. С-ден жоғары болғанда, су себетін көлік арқылы жүргізіледі.
269 269. Контейнерлерді жуған соң жиналған суларды булану үшін карталарға немесе ҚТҚ-ды ылғалдандыру үшін пайдалану керек.
270
270. Полигоннан шыға берісте зарарсыздандырғыш қондырғы - қоқсық жинағыштардың дөңгелектерін зарарсыздандыратын ұзындығы кем дегенде 8 м, ені 3 м, тереңдігі 0,3 м болатын бетондалған ванна қарастырылуы керек. Бұл ванна мемлекеттік тіркеуден және сертификаттаудан өткен зарарсыздандырғыш заттардың ерітіндісімен толтырылуы керек.
271
271. Полигонның барлық ауласының периметрі бойынша жеңіл қоршау жүргізіледі. Оны тереңдігі 2 м астын құрғататын траншея немесе биіктігі 2 м аспайтын топырақ үйінділері алмастыра алады. Шаруашылық-тұрмыстық ғимараттың алдына шлагбаум орналастырылады. Түнде полигонның ауласы жарықтандырылуы керек. Жұмыс карталарының ең төменгі жарықтануы 5 люкстен кем болмауы керек.
272
272. Полигонның көгалында (периметрі бойынша) ҚТҚ-дың жер асты суларына әсерін есептеу үшін бақылау ұңғымалары қарастырылып, олардың бірі полигоннан жоғары жер асты суларының ағыны бойында, 1-2 ұңғыма полигоннан төмен жерде орналастырылады. Ұңғымаларға автокөлік баратын жолдар қарастырылып, суларды жинайтын немесе сынама алу үшін суларды құйып алатын сыйымдылықтар қарастырылады.
22 22. ҚТҚ полигондарын пайдалануға және оларды консервациялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
273 273. Полигонға жеткізілетін ҚТҚ санының есебі арнайы жорналда жүргізіледі (осы санитарлық ережеге 8-қосымша).
274
274. ҚТҚ-ны жинау жұмысшы карталарына сай жүргізіледі. ҚТҚ-ның аралық немесе ақтық рет оқшаулау тығыздалған қабаты қалыңдығы 2,0 м топырақпен немесе басқа инертті материалдармен жабу арқылы жүргізілуі керек. Жазық жерлерде орналасқан ҚТҚ-ның полигондарын оқшаулау жаз мезгілдерінде күн сайын, ал температура +5град. С-ден төмен болғанда 3 тәулік сайын жүргізілуі керек.
275 275. Қыс мезгілінде оқшаулағыш материал ретінде көмір қождарын, өндірістік қалдықтарды: әкті, борды, гипсті, графитті, асбоцементті, шиферді пайдалануға болады.
276 276. ҚТҚ-ның полигондарында жинап, сақтау кезінде периметрі бойынша оқшауланып, тығыздалуы тиіс, 5 тәулікте бір рет жоғарғы жағынан оқшаулауға (траншеяны жабу) жол беріледі.
277
277. Қоқсық жинағыштардан төккенде және ҚТҚ жинағанда қалдықтардың жеңіл түрлерін ұстап қалу үшін, жылжымалы тор қоршауларды жел тұратын жағынан тіктей орнатады. Кемінде ауысымына бір рет жылжымалы қалқаншаларда ұсталған қалдықтарды жұмысшы карталардың беттеріне жинап, орналастырады, олар үстіңгі жағынан оқшаулайтын топырақпен тығыздалады.
278 278. Жерасты және бетіндегі жиналған суларды ашық су қоймаларына апаратын айналмалы каналдар жүйелі түрде қалдықтардан тазалануы тиіс.
279 279. Полигонның қызмет көрсететін персоналы кемінде 10 күнде бір рет полигонның СҚА және полигонға келетін жолдың жанындағы жерлерді тексеруден өткізулері тиіс. Олар ластанған жағдайда, тазалануы тиіс.
280 280. Полигонның аумағында ҚТҚ-ны жағуға қатаң тыйым салынады, ал олар өз бетінен жанған жағдайда сөндірілуі тиіс.
281 281. Полигонды жабу жобалау барысында қарастырылған биіктікке жететіндей етіп, топырақпен жапқаннан кейін жүргізіледі. Жапқан топырақтың сығымдалу салдарынан төмендейтінін еске ала отырып, пайдалану уақыты 5 жылдан кем полигондарды топырақпен жапқанда жобаланған шамадан 10% көп мөлшерде жабу керек.
282 282. Полигонды жабар алдындағы үстіңгі ақырғы қабат су жібермейтін топырақпен жабылуы тиіс.
283 283. Үстіңгі ақырғы қабатты жобалағанда полигонның шет жағында су ағатын еңістіктерді қарастыру тиіс.
284 284. Полигонның сыртқы еңістіктерін бекіту пайдаланудың басынан бастап, қабырғасы көтерілген сайын жүргізілуі тиіс. Полигонның сыртқы еңістіктерін бекітуге өсімдіктер өсетін топырақты пайдалануға жол беріледі.
285
285. Полигонның жоғарғы жабылатын қабатын құру полигон жабылған соң, оны одан әрі пайдаланудың алдын ала қарастырылған жағдайларға байланысты анықталады. Жабық полигонды ормансаябақты кешенін, шаңғы спортына арналған төбе немесе айналаны көруге арналған қарайтын алаң жасау үшін пайдаланғанда жабылатын сыртқы қабаттың қалыңдығы кем дегенде 0,6 м болуы керек.
286 286. Полигонның шеткі еңіс беттерінің сумен шайылып, желмен ұшырылып кетпеуі үшін, сыртқы оқшаулағыш қабатын жапқаннан кейін, оларды терраса түрінде көгалдандыру тиіс. Егілетін ағаштар мен бұталар жердің климаттық жағдайына байланысты таңдалып алынады.
287 287. ҚТҚ полигонының аумағын тағамдық заттардан басқаға арналған қоймаға пайдалану үшін жоғарғы оқшаулағыш қабаттың қалыңдығы 1,5 м кем болмауы тиіс. Қалдықтардың жоғарғы беті оқшаулағыш қабатпен жабылғанға дейін мұқият түрде тегістеліп, тапталуы тиіс.
288 288. Қайта өңделген полигон аумағын күрделі құрылыс жұмыстары үшін пайдалануға жол берілмейді.
289 289. Пайдаланылуы біткен карьерлер, жасанды түрде пайда болған қуыстар жаңбыр және ағынды сулар жиналатын орын болып табылады. Осындай аумақта шаруашылыққа жарамды етіп, пайдалану үшін, бұл жерлерде қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
290
290. Мұндай карьерлерді, басқа да жасанды түрде пайда болған қуыстарды ҚТҚ-ның белсенділігі жоқ, қауіптілігі жағынан 3-4 сыныптарға жататын қалдықтарымен толтыруға болады. Мұндай қалдықтармен ой-шұңқырларды толтыру үшін, олар алдын-ала морфологиялық, физикалық-химиялық тұрғыдан тексерістен өтуі керек. Бұлардың құрамындағы тағамдық қалдықтар 15% аспауы керек. Қалдықтар орналастыратын орынның түбі полигонды жобалау, пайдалану және қайта өңдеуден өткізерде қойылатын талаптар тәртібіне сай болуы тиіс.
291
291. Қайта өңдеуден өткізетін карьерлердің СҚА мөлшері ҚТҚ-ның қоқыстиейтін стансасының СҚА мөлшерімен бірдей болып, жақын орналасқан құрылыстардан кем дегенде 100 м жерде орналасуы керек. Қайта өңделетін карьерлер жеңіл қоршалынып, шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін уақытша нысандар қарастырылуы керек.
23 23. ҚТҚ полигонын пайдалануды өндірістік бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
292
292. Полигондар ҚТҚ мен кейбір өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдағанда, бекітілген нұсқауларға сай технологиялық бақылауды полигонның зертханасы жүргізеді. Зертхана полигонға қабылданатын қалдықтардың фракциялық, морфологиялық және химиялық құрамын; контейнерлердің жуылу тәртібінің қадағалануын; атмосфералық ауаның, ашық су айдындарының суының ластану жағдайын, полигонның жұмысшы аумағында және СҚА шекарасындағы жер асты суларының ластануын бақылайды.
293
293. Жерасты суларының қандай тереңдікте орналасуына байланысты оған бақылау жүргізіліп отыру керек. Полигонның көгалдандырылған аумағында және полигонның СҚА ұңғымалар, құдықтар немесе ұңғымалардың қазылуы жобалануы тиіс. Бақылау қондырғыларын қалдық сүзіндісі әсер етпейтін полигоннан жоғары орналасқан жер асты сулары келетін жерде орналастыру тиіс.
Полигоннан жоғары орналасқан жер беті су көздерінен және полигоннан төмен орналасқан су әкететін каналдардың бойында жер беті суларынан сынама алатын орын жобалануы керек.
294
294. Сынамалар алынған жер асты және жер беті суларынан аммиакты, нитраттарды, гидрокарбонаттарды, кальцийді, темір хлоридін, сульфаттарды, литийді, ОБК, ОХК, органикалық көміртектерді, рН, магнийді, кадмийді, хромды, цианидтерді, қорғасынды, сынапты, күшәнді, мысты, барийді, құрғақ қалдықтарды анықтайды. Алынған сынама гельминтологиялық және бактериологиялық тексерістен өтеді. Егер ағыстың төменгі жағынан алынған сынамаларды анықталатын заттардың қанықпасының мөлшері бақылауға алынатын сынамадағы мөлшерден көп болса, бақылау жасайтын органдармен келісе отырып, анықтайтын көрсеткіштер саны көбейтіледі, ал егер анықталған заттың ҚРШШ-ы нормадан асып кетсе, олардың жер асты суларына түсуін азайтып, нормативті ҚРШШ деңгейіне дейін төмендететін шараларды қарастыру қажет.
295
295. Полигон үстіндегі және СҚА шекарасындағы атмосфералық ауаға жасалынатын қосындыларды анықтауға бағытталған тексерістер тоқсан сайын жүргізілуі керек. Анықталатын көрсеткіштердің мөлшері және кезеңділігі полигонға жасалынатын өндірістік бақылаудың жобалау сатысында анықталады. Атмосфералық ауаға алынған сынамадан метанды, күкірт сутегіні, аммиакты, көміртегінің тотығын, бензолды, үш хлорметанды, төрт хлорлыкөміртегіні, хлорбензолды анықтайды.
296 296. Егер, полигонның СҚА шекарасындағы атмосфералық ауада РШШ-дан жоғары ластануы анықталғанда және жұмыс аумағында РШШ-тың деңгейі жоғары болса, ластанудың төмендететін шаралар қарастырылуы қажет.
297
297. Өндірістік бақылау жүйесі полигон аумағындағы топыраққа әсер ететін жерде тұрақты бақылау жүргізуді талап етеді. Топырақтың сапасы химиялық (ауыр металдардың барлығына, нитриттердің, нитраттардың, гидрокарбонаттардың, органикалық көміртегінің, рН, цианидтердің, қорғасынның, сынаптың, күшәннің), микробиологиялық (бактериологиялық жалпы санды, колититрді, протейлердің титрін), паразитологиялық (гельминт жұмыртқаларын) және радиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталады.
24 24. Төгетін станцияларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
298 298. Елді мекенде орталықтандырылған кәріздеу жүйесіне қосылмаған объектілер, тұрғын үйлер бар болса, кәріздеу желісіне жиналған суларды қабылдау және төгу үшін төгетін стансалар қаралуы керек, оларды орналастыру мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілуі тиіс.
299 299. Төгетін станциялар диаметрі кемінде 400 мм кәріздеу коллектордың жанында орналасуы тиіс, алайда төгетін станциядан қабылданатын жиналған сулардың көлемі коллектор бойынша жалпы есепті шығынның 20%-нан аспауы тиіс.
300
300. Төгетін станцияға арналған учаске тұрғын үйлерге және қоғамдық ғимараттар мен имараттарға, сонымен бірге тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарына қарағанда негізгі желдердің салыстырмалы жел тұратын жақтың ығында орналасуы қажет. Жер учаскесінің көлемі 1000 л/жиналған суға 0,2 га есебімен анықталады. Учаскеге келетін жол, алаңның айналасын қорғайтын көгалдандырылған жолағы болуы керек. Келетін жол мен алаң түнде жасанды жарық көзімен қамтамасыз етілуі тиіс.
301 301. Төгетін станцияның айналасындағы СҚА көлемі 1000 метрден кем болмауы тиіс.
302
302. Төгетін станция өндірістік және шаруашылық-ауыз су мақсатына арналған сумен мынадай есепте қамтамасыз етілуі тиіс: 30% - бранспойттармен көліктік құралдарды жуу үшін, 25% - каналдың қабылдайтын құйғыларының жанындағы сұйық қалдықтарды араластыру үшін, 45% тор бөлімшесіне және су шымылдығын жасау үшін және сорып шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткіші болуы керек.
303
303. Төгетін станцияның мынадай бөлімшелері болуы тиіс: торы бар қабылдау (тиеу) бөлмесі, ірі механикалық қоспаларға арналған бөлімше, құмтұтқыштар, арнайы жинағыштарда ірі қоспалар және құмды уақытша сақтауға арналған бөлімше, әкімшілік, тұрмыстық және қосымша үй-жайлар. Әкімшілік-тұрмыстық және қосымша үй-жайлар, өндірістік үй-жайлармен бір ғимаратта орналасқан жағдайда, олар оқшауланады және кіретін есіктері бөлек болуы керек.
304 304. Өндірістік үй-жайлардағы едендер су өткізбейтіндей, оңай жуылатындай, аралары тығыз жабылған және еңістері бар болуы тиіс. Төгетін станса сорып шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткіштің тиімді жүйесімен жабдықталуы қажет.
305 305. Ваккуммен толтырылатын көлік цистернасынан қабылдайтын құрылғыларға сұйық қалдықтарды төгу, қабылдай алатын тармақтар арқылы жүргізілуі қажет.
306
306. Төгетін станциядан қабылданатын жиналған сулардың құрамында ірі механикалық қоспалар, құм болмауы және ОБК толық көрсеткіші 1000 л/мг жоғары болуы керек. Канализациялық жүйеге жіберілердің алдында жиналған сулар торларға және құм тұтқыштарға қабылдануы қажет. Торлар мен құм тұтқыштарды тазалау жұмыстары механикаландырылған жолмен іске асырылуы қажет. Механикалық қоспалар мен құм, арнайы аузы тығыз жабылатын қақпағы бар ауыстырылатын жинағыштарға жиналады.
307 307. Сұйық қалдықтарға су 1:1 есебінен қосылуы керек, қатты қоспалар қоқсық үгітетін қондырғыларда ұсатылып, канализацияға жіберілуі керек, олар болмаған жағдайда қатты тұрмыстық қалдықтарды зиянсыздандыруға арналған орындарға күнделікті шығарылып отыруы тиіс.
308 308. Өндірістік үй-жайлар, жабдықтар, жинағыштар мен керек-жарақтар күрделі жинап-тазалау, жуып шаю жұмыстарынан өткізілуі керек, тиісті химиялық заттар қосылған ыстық сумен жуылады және зарарсыздандырылады. Керек-жарақтарды лас күйінде сақтауға болмайды.
309 309. Өндірістік үй-жайларда тек жұмыс бабында керек болатын құрал-саймандар, керек-жарақтар, жабдықтар мен материалдар болуы керек. Қордағы немесе жұмыс бабында пайдаланылмайтын заттар, құрал-саймандар мен материалдар қоятын бөлмеде немесе қоймада сақталуы қажет.
310
310. Ассенизаторлық көліктің барлық түрлерінің өтетін жерлері, жолдары мен тұратын орындары тазалықта және тиісті тәртіпте күтіп-ұсталуы керек. Ассенизациялық цистераналар ішіндегілерін төккеннен кейін сумен мұқият жуылуы керек. Стансаның аумағында жүйелі түрде шыбынға қарсы күрес шаралар жүргізілуі тиіс.
311 311. Төгу станциясының аумағында бөгде адамдардың жүруіне жол берілмейді.
312 312. Кәріздеу жүргізілмеген елді мекендерде қатты және сұйық қалдықтарды бір-бірінен бөлек жинау керек. Сұйық қалдықтар қазылған шұңқырға жиналады және ассенизациялық көлікпен ассенизация даласына немесе жыртылған далаларға шығарылады.
313 313. Ассенизация далалары ыңғайлы келетін жолдары бар, тұрғын үй аймағының шекарасынан кем дегенде 1000 м ара қашықтықта, орналасуы керек.
314 314. Далалар жазғы және қысқы аумақтарға, сонымен бірге бөлек учаскелерге (карталар) бөлінуі қажет. Сұйық қалдықтар 20 см тереңдікке жыртылған жерлерге төгілуге тиіс. Қысқы учаскелерді күзде жыртып, қыста төгеді, ал көктемде учаске кепкеннен кейін қайта жыртады.
315 315. Ассенизация далаларына техникалық культураларды себуге болады және оларды көкөніс өсіруге пайдалануға болмайды.
316 316. Жырту мен ассенизация далалары қоршалуы, құбырлық сумен, жарықтандырумен, жұмысшыларға арналған үй-жайлар мен көліктерді жууға арналған алаңмен қамтамасыз етілуі тиіс.
391 Қонақ үйлердің үй-жайларын жасанды жарықпен жарықтандырудың ең аз нормалары
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережеcіне
1-қосымша
Қонақ үйлердің үй-жайларын жасанды жарықпен жарықтандырудың ең аз нормалары
Үй-жайлардың атауы
Шамдарды жаққандағы ең аз жарықтандыру (люкстерде)
Нормативке жататын беті
қызуы
люминисценттік
Орындар (тұрғын үй-жайлар)
30
75
Еденнен 0,8 м
Вестибюль
50
100
еден
Ортақ қонақ бөлмелер, холлдар, буфеттер, барлар және басқалар
75
150
еден
Қызмет көрсету бюросы, әкімшілік үй-жайлар, тұрғындарға қызмет көрсету үй-жайлары
75
200
Еденнен 0,8 м
Негізгі баспалдақтар, ортақ дәліздер, орталық кір жуу орны, шеберханалар, тазалау және үтіктеу бөлмелері
30 (50)1
100
еден
Ортақ санитариялық тораптар, нөмірлердегі санитарлық орындар
30
75
еден
Ортақ себізгілер
50
-
еден
Қызмет көрсететін персоналдың үй-жайы
75
150
Еденнен 0,8 м
Қойма үй-жайлары
20
-
Еденнен 0,8 м
Техникалық үй-жайлар
30
-
еден
1 жақша ішіндегі сан – шеберханалар үшін
392 Жатақхана үй-жайларындағы ауаның есептелген параметрлері мен ауа алмасу жиілігі
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережеcіне
2-қосымша
Жатақхана үй-жайларындағы ауаның есептелген параметрлері мен ауа алмасу жиілігі
Үй-жайлар
Жылдың салқын мезгіліндегі ауаның есептелген температурасы оС
Ауа алмасу жиілігі
Ағыс
сорылуы
Жатақхананың тұрғын бөлмесі
20
1 м2-ге 3 м3/с кем емес
-
Электр плитасы және газды плитасы бар жатақхананың ас үйі
16
-
60 м3/с кем емес конфорлық 2 плита бар болғанда 60 м3/с кем емес;
конфорлық 3 плита бар болғанда 75 м3/с кем емес;
конфорлық 4 плита бар болғанда 90 м3/с кем емес;
16
-
Жуыну бөлмесі
25
-
25 м3 /с
Дәретхана
18
-
25 м3/с
Ортақ қолданылатын санитариялық жүйе
18
-
1 унитазға 50 м3/с
1 писсуарға 25 м3/ч
Себезгі
25
-
5-еселі.
Киім тазалайтын және үтіктейтін жер
18
-
1,5-еселі.
Вестибюль, ортақ дәліз, жатақхананың баспалдақ алаңы
16
-
-
Кір жуатын жер
15
5-еселі
5-еселі.
Жатақхананың кір кептіретін, үтіктейтін жайы
15
есеп бойыншы, бірақ 3 еседен кем емес
3-еселі.
Жатақханалардағы шаруашылық және төсек орын қоятын жер
12
-
1,5-еселі.
Қоқысты жинайтын камера
5
-
1-еселі. (қоқыс тастайтын жердің баған бойы)
Жаттығу залы
16
3-еселі
3-еселі.
Кітапхана
20
-
0,5-еселі.
393 Жабық жүзу бассейндерінің микроклимат параметрлеріне қойылатын талаптар
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережеcіне
3-қосымша
Жабық жүзу бассейндерінің микроклимат параметрлеріне қойылатын талаптар
Үй-жай
Су температурасы С
Ауа температурасы С
Салыстырмалы ылғалдылық %
1 сағ ауа алмасу параметрлері
Ауа қозғалыс жылдамдығы(м/сек)
ағыс
сорылуы
Ересектерге арналған ванна
24-26
-
-
-
-
-
Балаларға арналған ванна
30
-
-
-
-
-
Бассейн ванна залы
-
Су температурасынан 1-2 жоғары
60% көп емес
80 м3/сағ кем емес, 1 келушіге 20 м3/сағ
80 м3/сағ кем емес, 1 келушіге 20 м3/сағ
0,5 көп емес
Жаттығу залы
-
18
нормаланбайды
80 м3/сағ кем емес, 1 келушіге 20 м3/сағ
-
0,2 көп емес
Шешіну орны
-
25
нормаланбайды
2 балл
2 балл
нормаланбайды
Себізгілер
-
25
нормаланбайды
5
10
нормаланбайды
Уқалау-сипап силау
-
22
нормаланбайды
4
5
нормаланбайды
Сауна
-
120 көп емес
нормаланбайды
-
5 Адам жоқ болғанда 3
нормаланбайды
Судың зертханалық нәтижесі
-
18
нормаланбайды
2
3
нормаланбайды
Ескертпе:
Ашық бассейндерде жаз мерзімінде 27оС, ал қыс мерзімінде 28оС, үйреніп жатқандарға 29оС болу керек.
394 Бассейн су сапасының көрсеткіштері
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережеcіне
4-қосымша
Бассейн су сапасының көрсеткіштері
Көрсеткіш
Жеке өлшеулер
Нормасы
Бұлыңғырлығы
мг/л
1,0 көп емес
Түсі
град
5 көп емес
Иісі
балл
3 көп емес
рН сутегі иондарының концентрациясы
-
6,5-7,8
Қалдық байланысқан хлор
мг/л
1,2 көп емес
Қалдық бос хлор
мг/л
0,3-0,6
Азот аммонийлық (азот бойынша)
мг/л
0,6 көп емес
Озон (озондағанда)
мг/л
жоқ болуы
Перманганаттық тотық
мг/л
0,75 көп емес
Хлороформ
мг/л
0,2 көп емес
Формальдегид (озондағанда)
мг/л
0,05 көп емес
Жалпы микробтар саны (ЖМС)
1 мл-де
100 көп емес
Жалпы колиформдық бактериялар (ЖКБ)
100 мл-де
жоқ болуы
Термотолерантты колиформдық бактериялар
100 мл-де
жоқ болуы
Колифагтар
100 мл-де
жоқ болуы
Алтын стафилококк (Staphylococcus aureus)
100 мл-де
жоқ болуы
Ішек инфекциялар қоздырғыштар
1000 мл-де
жоқ болуы
Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa)
100 мл-де
жоқ болуы
Циста лямблиялары
50 л-де
жоқ болуы
Гельминт жұмыртқалары мен личинкалары
50 л-де
жоқ болуы
Легионелла (Legionella pheumophilia)
100 мл-де
жоқ болуы
Бассейн суының сапасы 3-қосымша талаптарына сеанс басында сай болу керек.
Бассейн суының сапасы 3-қосымша бойынша ауыз су сапасының көрсеткіштеріне санитарлық талаптарға сәйкес келуі керек (ЖМС-тен басқа)
Қысқаша өндірістік бақылау жүргізуді ұсыну
Көрсеткіш
Бақылау жиілігі
Бассейн суы
Бұлыңғырлығы
1 рет жұмыс уақытында
Түсі
Иісі
Температурасы
Сутектік көрсеткіш
Жұмыс алдында және әрбір 4 сағат сайын
Қалдық байланысқан хлор
Қалдық бос хлор
Озон (озондағанда)
Перманганаттық тотық
Айына 1 рет
Хлороформ
Формальдегид (озондағанда)
Азот аммонилық
Жалпы микробтар саны (ЖМС)
Аптасына 1 рет
Жалпы колиформдық бактериялар (ЖКБ)
Колифагтар
Алтын стафилококк(Staphylococcus aureus)
Ішек инфекциялар қоздырғыштар
Қанағатсыз нәтижелерде ЖМС, ЖКБ, ТКБ
Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa)
Циста лямблиялар
Құрттардың жұмыртқалары личинкалары
Легионелла (Legionella pheumophilia)
Су ауасы зl, 6-ны
Хлороформ
Судағы хлороформ концентрациясы 0,2 мг/л көп емес
Хлор
Температурасы
1 рет жұмыс уақытында
Салыстырмалы ылғалдылық
Ауа қозғалысы жылдамдығы
Ашылу алдында және жөңдеуден кейін/ желдету құрылғыларын алмастырудан кейін.
395 Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережеcіне
5-қосымша
Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі
Көрсеткіш
Бақылау жиілігі
Бассейн суы
Бұлыңғырлығы
1 рет жұмыс уақытында
Түсі
Иісі
Температурасы
Сутектік көрсеткіш
Жұмыс алдында және әрбір 4 сағат сайын
Қалдық байланыс хлор
Қалдық бос хлор
Озон (озондағанда)
Перманганаттық тотық
Айына 1 рет
Хлороформ
Формальдегид (озондағанда)
Аммоний азоты
Жалпы микробтар саны (ЖМС)
Аптасына 1 рет
Жалпы микроб саны (ЖМС)
Жалпы колиформдық бактериялар (ЖКБ)
Колифагтар
Алтын стафилококк (Staphylococcus aureus)
Ішек инфекциялар қоздырғыштары
Қанағатсыз нәтижелерде ЖМС, ЖКБ, ТКБ
Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa)
Гельминт жұмыртқалары мен личинкалары
Легионелла (Legionella pheumophilia)
Су аймағының ауасы
Хлороформ
Судағы хлороформ концентрациясы 0,2 мг/л көп емес
Хлор
Температура
1 рет жұмыс уақытында
Салыстырмалы ылғалдылық
Ауа қозғалысының жылдамдығы
Ашылу алдында және жөңдеуден кейін/ желдету құрылғыларын алмастырудан кейін.
396 Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына көптеп қабылданатын және оқшаулағыш материалдар ретінде пайдаланылатын қауіптілігі ІV сыныпқа жататын өнеркәсіп қалдықтарының тізбесі
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережеcіне
6-қосымша
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына көптеп қабылданатын және оқшаулағыш материалдар ретінде пайдаланылатын қауіптілігі ІV сыныпқа жататын өнеркәсіп қалдықтарының тізбесі
1-кесте
Қалдықтардың түрі және тобының коды
Қалдықтардың түрі
1.24.01
Силикатты алюминий шламы СБ-Г-43-6
1.36.02.1
Асбоцемент сынықтары
1.36.02.2
Асбоцементті ұнтақ
1.39.01
Бетониттің қалдықтары
1.31.01
Кальций карбидін өндіру барысында қалған графит
1.39.02
Витамин В-6 өндіру барысында түзілген құрамында гипс бар қалдықтар
1.39.03
Қайнағыш-әк, әктас, сөндірілген әктің шламы
1.39.04
Химиялық жолмен тұндырылған бордың қатты қалдықтары
1.39.05
Өңдеудің кейінгі алюминий тотығының брикеті
1.39.06
Өңдеудің кейінгі алюминий тотығының брикеті
1.39.07
Паратиттің қалдықтары
1.39.08
Балқыған натрий сульфат тұзы
1.39.09
Селикагель (улы емес газдарды кептіретін адсорберлерден алынған)
1.24.02
Сүзгі пресстердің шламдарынан өндірілген силикагель
1.24.03
Соданың түйіршіктелген шламы
1.24.04
CaSO4 түрінде дистилденген сода-цемент өндірісінің қалдығы
1.29.00
Құрамында ауыр металлдар жоқ, қалып ішіндегі шыбықты қоспалар
1.24.05
Химиялық жолмен суды тазалау және ащылығын азайту барысында бөлінген шлам
1.27.01
Жиналған сулардың натрийлы-хлорлы тұнбасы
1.39.10
Қалыпты емес хлорлы әк
1.36.02.3
Шифер өндірісінің қатты қалдықтары
1.39.11
ЖЭО-ның, көмірімен, торфпен, сланцпен басқа да тұрмыстық қалдықтармен жылынатын қазандықтардың шлактары
1.39.12
Әрлегіш материалдар
Полигонға шектеулі түрде қабылданатын және бірге сақталынатын ІІІ-ІV сыныптарға жататын өнеркәсіп қалдықтарының тізбесі (1000 м3 арналған қатты тұрмыстық қалдықтардың нормативтері)
2-кесте
Қалдықтардың түрі және тобының коды
Қалдықтардың түрі
ҚТҚ-ның 1000 м3 тиесілі өнеркәсіптік қалдықтарының тоннамен алынған шекті мөлшері
1.24.06
Сірке ангидридін өндіргенде шығатын кубтық қалдықтар
3
1.39.13
Қалдықтар резитасы (формальдегид шайырының қатырылған түрі)
3
1.39.14
Көпіретін полистирол пластиктерін өндіргенде шығатын қатты қалдықтар
10
Электрден оқшаулағыш материалдарды өндіргенде шығатын қалдықтар
1.39.15
Электротехникалық парақты гетиннакс ш-8,0
1.39.16
Жабысқақ таспа ЛСНПЛ-0,17
3
1.39.17
ПНП полиэтиленді түтікше
10
1.39.18
Шынылакты мата ЛСЭ-5
3
1.39.19
Шыны мата Э2-62
3
1.39.20
Электротехникалық парақты текстолит Б-16,0
10
1.39.21
Фенопласт 03-010-02
10
Суспензиялық, эмульсиялық өндіріс барысында пайда болатын қатты қалдықтары:
1.39.22
Акрилнитрол немесе метилметал крилатпен қосылған стиролдың сополимері
3
1.39.23
Полистиролды пластиктердің
3
1.39.24
Акрилонитрилбутадиен стирол пластиктерінің
10
1.39.25
Полистиролдардың
3
Шекті мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларда сақталатын қауіптілігі ІІІ-ІV сыныптағы өндірістік қалдықтардың тізбесі
3-кесте
Топтардың коды мен қалдықтардың түрі
Қалдықтардың түрі
Өндірістік қалдықтардың шекті саны/100 м3 ҚТҚ тоннасына
Полигондарда сақтаудың немесе өнеркәсіптік кәсіпорындарда дайындаудың ерекше жағдайы
1.39.26.
Витамин В-6 өндіруге байланысты пайдалы
3
Қабат қалыңдығы 0,2 м аспауы керек
1.39.27.
Ацетобутилатцеллюлоза қалдықтары
3
0,3 х 0,3 х 0,3 м мөлшерде ылғалдандырылған
1.39.28.
Ағаш қалдықтарының үгінділерімен жаңа қаларының қалдығы
10
Өндірістік үй-жайлардағы едендерге себуге арналғандардың құрамында ағаш үгінділер болмауы керек
1.21.06.
Хромқұрағы
3
Қабат қалыңдығы 0,2 м аспауы керек
1.39.29.
Қайтарылмайтын ағаш және қағаз ыдыстар
10
Құрамында майға шыланған қағаздар болмауы керек
1.39.30.
Жасанды былғарының қиындылары
3
Қабат қалыңдығы 0,2 м аспауы керек
1.39.31.
Ағартылған жер
3
Қабат қалыңдығы 0,2 м аспауы керек
1.39.32.
Фаолит шаңы
3
Ылғалды түрде қаптарға салу
2 және 3 кесте бойынша шекті жүктеме
100
397 Полигонға жіберілетін өндірістік қалдықтар туралы анықтама
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережеcіне
7-қосымша
формасы
Полигонға жіберілетін өндірістік қалдықтар туралы анықтама
Тіркеу № ______________
Қалдықтарды жіберген кәсіпорынның атауы ____________________________
Жіберілген күні ______________ машина № ____________________________
арнайы көлік шаруашылығымен немесе полигонмен келісім № ____________
Қалдық түрлерінің атауы ____________________________________________
Мөлшері: тоннамен __________________________________________________
м3 _________________________________________________________________
Қолдары:
Қалдықтарды тиеді __________________________________________________
Қалдықтарды полигонға тапсырды _____________________________________
Қалдықтарды қабылдадым _____________________________________________
Қабылданған күні ___________________________________________________
Қабылданбады (себебін көрсету)______________________________________
Анықтамаға қосымша (қалдықтарды тапсыратын кәсіпорынға берілетін)
бақылау талоны
____________________________________________________________________
Қалдықтарды тапсырған кәсіпорынның атауы ___________________________
Қабылданған күні __________________________ автомашина № ___________
Қалдықтардың түрі _____________________ мөлшері т., м3 _____________
Қалдықтарды қабылдаған адам ________________________________________
Қалдықтарды тапсырған адам _________________________________________
398 Қалдықтарды қабылдау жорналы
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережеcіне
8-қосымша
формасы
Қалдықтарды қабылдау жорналы
Айы, күні
Ұйым берген анықтаманың тіркеу нөмірі
Қалдықтарды тиеп жіберген ұйымның атауы
Қалдықтардың түрі
Қалдықтардың мөлшері
Картаның нөмірі
тонна
метр3